01 Желтоқсан 2025, 15:30
Алматы облысының экономикалық өсімі артып, өңір республика бойынша 10-орыннан 5-орынға көтерілді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Барлық негізгі салаларда оң үрдіс жалғасуда
Өңір әкімінің сөзінше, Қонаев қаласы облыс орталығы болғаннан бері өңір барлық негізгі бағыт бойынша тұрақты өсім көрсетіп келеді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3,4 трлн теңгеден 6 трлн теңгеге ұлғайған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстың республикадағы жалпы ішкі өнімдегі үлесі 4,4% болса ал 2025 жылдың алғашқы жартысында 4,8%-ға жетті. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3,4 трлн теңгеден 6,0 трлн теңгеге дейін өсіп, республика бойынша 10-орыннан 5-орынға көтерілді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстың республикадағы жалпы ішкі өнімдегі үлесі 4,4%-ға жетсе, осы жылдың бірінші жартыжылдығында 4,8%-ды құрады. Ірі өнеркәсіптік облыстардан озып, шикізаттық емес экономикаға негізделген өсудің драйверіне айналдық. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,7%-ды құрады. Барлық негізгі салаларда оң үрдіс жалғасуда. Өнеркәсіп саласы айрықша өсім көрсетіп, өндіріс көлемі 108,7%-ға артып, 2,1 трлн теңгені құрады. Жалпы өнеркәсіп өндірісінің 90%-ы өңдеу секторының үлесіне тиесілі. Осылайша, аграрлық бағытпен ғана шектелмей, инновациялық технологиялар мен өңдеу өндірісін дамытатын жетекші өңірге айналып отырмыз. Өңірлік өнімнің үштен бірі өнеркәсіп саласына тиесілі болғандықтан, бұл сала инвестиция тартудың негізгі көзі (бүкіл инвестициялардың 29% өнеркәсіп саласына тиесілі). Негізгі капиталға инвестиция тарту. 2022 жылы инвестициялар көлемі 614 млрд теңгені құраса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн-нан асты. Жыл соңына дейін 1,3 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр (2025 жылдың 10 айында – 834 млрд тенге, НКИ – 116,0%). Іске қосылған ірі жобалардың ішінде «Focus Logistics» ірі логистикалық паркі (70 млрд теңге), «Алтын таға» бетон өнімдері зауыты (35 млрд теңге), «LC Waikiki» көтерме-сауда орталығы (30 млрд. теңге), «Шин-лайн» балмұздақ фабрикасы (18 млрд. теңге), «Қапшағай Бидай Өнімдері» дәнді және майлы дақылдарды терең өңдейтін агрокешені (12 млрд. теңге), «КегенМясПром» ет комбинаты (3,5 млрд. теңге). Сонымен қатар жыл соңына дейін Аклассындағы «MP Solution» (80 млрд. теңге), «Kusto Logistics» (28 млрд. теңге) және «Еуразиялық логистикалық парк» (22 млрд теңге), «Imagine Apple Logistics» (16 млрд теңге) ірі логистикалық кешендері пайдалануға беріледі. Логистикалық кешендердің көлемі бұрынғы жылдармен салыстырғанда 16 есеге артқанын атап өткен жөн (7 мыңнан 111 мың шаршы метрге жетті). Тамақ өнеркәсібі саласында «Galanz Bottlers» компаниясын кеңейту (17,8 млрд. теңге), «QAZAQ GLOBAL FOOD JV» (16,5 млрд. теңге), «Прима Құс» (14 млрд. теңге). Бұл компаниялар экспортқа бағытталған өнім өндіреді. Өңірге инвесторлардың қызығушылығы жоғары екенін ескерсек, оларға қолайлы жағдай қалыптастыру басты мақсатымыз. Бұл бағытта тиімді құралдардың бірі – индустриялық аймақтарды құру. Мысалы, өткен жылы ашылған «Қайрат» индустриалдық аймағында 47 млрд. теңгеге 4 жоба іске қосылса, 66 млрд. теңгеге 19 жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Осындай оң тәжірибеге сүйене отырып, жаңадан 15 индустриалдық аймақ құру үстіндеміз (Талғар ауданында «Қайрат-2», Еңбекшіқазақ ауд. «Шелек», Жамбыл ауд. «Қазыбек Бек», «Үлкен», Ұйғыр ауд. «Тасқарасу», «Сұңқар», Қонаев қ. «Қонаев», Алатау қ. «Береке» және 7-і Үлкен Алматы айналма жолының маңында). 5 Олардың ішінде «Қайрат-2» индустриалдық аймағы шетел инвесторлары есебінен салынса, Үлкен Алматы айналма жолының маңындағы аймақтарды жер иелерімен бірлесіп жүзеге асырамыз. Осылайша облысымыздың инвестициялық потенциалын арттыру шаралары ірі кәсіпорындардың ғана емес, шағын және орта бизнестің де дамуына мүмкіндік беруде. Бүгінгі күні шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 46,3%-ға жетіп, олардың саны 156 мыңнан асты (2022ж. – 116,6 мың), өсім көлемі 33,8%-ды құрады. Аталған салада 273 мың адам жұмыс істейді, бұл дегеніміз барлық жұмыспен қамтылған халықтың үштен бір бөлігі (740,3 мың адам).
Ауыл шаруашылығын дамыту – облыстың басым бағыттарының бірі
2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 682,3 млрд теңгеге жетіп, өңірлік өнімнің 7%-ын құрады. 6 Биылғы жылға бұл көрсеткіш 3,3% өсіммен 751 млрд теңге көлемінде жоспарланған (2025 ж. 10 айында - 649,1 млрд тенге, НКИ – 101,1%). Облысымыздың ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау көлемі жылдан-жылға ұлғаюда. Мұның айқын көрінісі, Шин-Лайн компаниясының экспорттау шеңберін кеңейте отырып, балмұздақ өнімдерін Сауд Араб, Ресей, Қытай, Орталық Азия елдеріне шығаруы, «Fruit Art» компаниясының сублимациялық өнімдері, «LST AGRO» жылыжайындағы томат өнімдерінің 90%-ы Ресейдің «Пятерочка», «Магнит» секілді ірі сауда желілеріне тікелей жеткізілуі. Осындай компаниялардың қарқынды жұмыстарының нәтижесінде ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға артып, $345,2 млн-ды құрады (2024 жылы –$299 млн). Сонымен қатар мемлекеттік қолдау аясында 13 сүт-тауар фермалары құрылып, республикалық бюджеттен 15 млрд теңге бөлінді (2024 жылы 1,3 млрд теңгеге 2 жоба жүзеге асырылды, осы жылы 7 100 бас ірі қара малға арналған 11 жаңа сүт фермасының құрылысы аяқталады). Шалғай аудандардағы шаруалардың өнімін өткізу мүмкіндігін кеңейту мақсатында «Pepsi Co» компаниясымен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде Нарынқолда өсірілген картоптан «Lays» өнімдері шығарылатын болады. Облыс ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидия көлемі бойынша 8 орында болғанымен (38,2 млрд теңге), өнім көлемі бойынша тұрақты түрде республикада 5-орында. Ал егер мемлекеттік қолдаудың 1 теңгесіне шағатын болсақ, 17 теңгеге өнім шығарылуда. Бұл көрсеткіш бойынша республикада Түркістан облысымен бірдей 1-ші орындамыз. Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы су ресурстарының қолжетімділігі мен тиімді пайдалануына тікелей байланысты. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі - 9 мың шақырым ирригация желілерінің тозуы 60%-ға жетіп, су шығыны 50%-ды құрап отыр. Туындаған мәселелерді шешу мақсатында алдағы жылдары облыстың суару желілеріне Ислам Даму Банкі арқылы 255 млрд. теңге қаражат қарастырылып отыр. Нәтижесінде, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек және Ұйғыр аудандарында суару желілері жаңғыртылып, 111 мың гектар жер айналымға қосылады. Су үнемдеу технологияларын қолдануды ынталандыру мақсатында облыстық бюджеттен жыл сайын 1 млрд теңге көлемінде субсидия бөлініп, 3 жыл ішінде осы технологияны қолданатын жер көлемі 20 мың гектардан 65 мың гектарға жетті. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған жерлерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда. 2022-2025 жылдар аралығында 528 мың гектар пайдаланылмайтын жер мемлекет меншігіне қайтарылып, оның 340 мың гектары қайтадан айналымға енгізілді. Жеке қосалқы шаруашылықтар мен кооперативтерді дамытуға, ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке тартуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша бүгінгі күнге 11 млрд теңгеге 1 373 шағын несие берілді. Ауыл халқының орташа табысы 22,7%-ға артып, 311,4 мың теңгеге дейін жеткізілді.
Құрылыс саласында да өсім
Құрылыс саласында да өсім қарқыны жоғары, 2025 жылдың 10 айында 21%-ға өсіп, 948 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2024 жылы 1 281 отбасы баспанамен қамтылса, биылғы жылы 2 236 әлеуметтік осал топтағы отбасына үй берілетін болады. Соңғы 30 жылда мемлекет тарапынан ешқандай үй салынбаған шалғай аудандарда, оның ішінде Нарынқол, Қайнар, Кеген, Үлкен Ақсу, Бақанас ауылдарында мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа үйлер салынып, сатып алынып жатыр (шалғай аудандарда 350 мың теңге). 10 Мемлекеттік қызметкерлерді, бюджеттік ұйымдар мен спорт саласы өкілдеріне арналған «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасына 3,1 млрд теңге қарастырылып, 120-дан астам азамат баспанамен қамтамасыз етіледі (2024 жылы – 55 отбасы). Биыл 570 шақырым сумен жабдықтау жүйелері салынып, қайта жаңартылады. Нәтижесінде таза ауыз сумен қамту деңгейі едәуір жақсарады (2024 жылы – 93,6%, 2025 жылы жоспар – 99,6%). Сонымен қатар, газбен жабдықтау жұмыстары да белсенді жүргізіліп, 1,2 млн-нан астам тұрғын көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі (2024 жылы – 1,08 млн тұрғын). Электр желілеріне бөлінген қаражат есебінен тозу көрсеткіші 72%-дан 66 %-ға түсті. 2000 жылдардан бері жөндеу көрмеген автомобиль жолдары қайта жаңартылды. Мәселен, «Қапшағай-Бақанас-Қарой», «Нарынқол-Сүмбе», «Қарқара-Ереуіл», «Есік-Саймасай», «Алматы-1- Шамалған-Ұзынағаш», «Алмалыбақ-Жетісу» автомобиль жолдарының негізі ауыстырылып, жаңа асфальт жамылғысы төселді. Нәтижесінде жолдың сапасы мен қауіпсіздігі айтарлықтай артып, нормативтік талапқа сай жолдардың үлесі 95%-ға дейін жеткізілді (2024 жылы – 94%).
Облысқа келген туристер саны 2,2 млн адамға жетті
Алматы облысы – географиясы мен табиғи ресурстары туризмді дамытуға ерекше қолайлы, әлеуеті жоғары өңір. Бұл бағытты дамыту үшін барлық алғышарттар мен қолайлы мүмкіндіктер бар. Бүгінгі таңда облысқа келген туристер саны 2,2 млн адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 36% өсім көрсетті (2024 жылы – 1,6 млн). Қапшағай су қоймасы Қонаев қаласының негізгі демалыс орталығына айналды. 2025 жылғы жазғы маусымда мұнда 2 млн-ға жуық адам келіп, былтырмен салыстырғанда 20% өсімді көрсетті. Осы жылы «Freedom Holding» компаниясының қолдауымен №5 қалалық жағажайда ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Құны 83,2 млрд теңге болатын Ақтас үстіртіндегі «Oi-Qaragai» тау-шаңғы курортын кеңейту жобасы жүзеге асырылды. Бұл курорттың ерекшелігі жылдың төрт мезгілінде де жұмыс жасап, 600 мыңға жуық туристке қызмет көрсетіп отыр. Қапшағай көлі жағалауында құны 11 млрд теңге болатын ASP-Arena көпфункционалды туристік кешен, халықаралық деңгейдегі спорт аренасы, 4 000 мың орындық стадион іске қосылды. Бұл жерде Орталық Азиядағы ең үлкен мұз айдыны қонақтарды қабылдауға дайын. Облыстың туризм саласы үшін Қайыңды және Көлсай көлдерінің ерекше маңызы бар. Жаяу жүргіншілер жолдары толық абаттандырылып, Қайыңды көліне баратын 9 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Бұл бағытқа келген туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есеге өсіп, 600 мың адамға жетті. Іле өзені жағасындағы «Көшпенділер» қалашығы әкімдіктің теңгеріміне алынды. Алдағы уақытта толық жаңартудан өткізу жоспарымызда бар, бұл нысан туристердің сүйікті орындарының біріне айналатынына сенімдімін. 13 Көшпелі мәдениетті дәріптеу және туризмді дамыту мақсатында «Әлемдегі ең үлкен түйе керуені – 2025» атты ауқымды мәдени шара өтіп. «Дәулет-Бекет» шаруа қожалығы Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Соңғы үш жылда барлық салада 176 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Әлеуметтік салаға келетін болсақ, соңғы үш жылда барлық салада 176 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 57,4 мыңнан 18,9 мыңға дейін, яғни 3 есеге азайды. Бұл – Президенттің әлеуметтік қолдауды бағытты және тиімді жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларының нақты орындалуының айқын дәлелі. Өңірде ерекше қажеттіліктері бар балаларға кешенді көмек көрсету саласында да маңызды нәтижелер бар. Атап айтсақ, баламасы жоқ «Ақжол-М» балаларды оңалту орталығы жұмыс істеп жатыр. Орталықты жабдықтауға «Қазақстан халқына» қоры тарапынан 1 млрд-қа жуық қаражат бөлінді. 2022 жылдан бері 45 жаңа мектеп және 6 жапсаржай салынды, сондай-ақ 55 мектеп күрделі жөндеуден өтті (инвесторлар есебінен – 11 мектеп, «Келешек мектептері» жобасы аясында – 20 мектеп). Жыл соңына дейін тағы 6 мектеп ашылып, 20 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Мектеп инфрақұрылымын кеңейту нәтижесінде соңғы үш жылда үш ауысымда білім беретін мектептердің саны 52-ден 28-ге дейін қысқарды. Осы орайда, қалған 28 мектепті бір мезгілде бастап салу үшін отандық және шетелдік инвесторлады EPC механизмі бойынша келіссөздерге шақырамын. Білім сапасы туралы айтсақ: 2022–2023 оқу жылының қорытындысы бойынша орташа білім сапасы 66,4% болса, 2024–2025 оқу жылында 68,9%-ға жетті. Соңғы үш жыл қатарынан Білім-инновация лицейі тәжірибесі негізінде облыста 7 мыңнан астам педагог мамандар қайта даярлау курстарынан өтті. Оның тікелей айғағын дарынды балаларымыздың республикалық және халықаралық олимпиадалардағы жеңіп алған жүлделі орындарынан байқауға болады. Республикалық олимпиада жеңімпаздарының саны үш есеге артып 301 балаға жетсе, халықаралық деңгейде 61 бала жүлдегер атанды. Биылғы жылы облыста 18 мың оқушы мектеп бітіріп, оның 7 681-і мемлекеттік гранттар арқылы жоғары оқу орындарына түсті. Сонымен қатар Қытай Халық Республикасының Синьцзян–Ұйғыр автономиялық аймағы (СУАР) университеттерімен жасалған келісім аясында 27 түлек Үрімжідегі Синьцзян университетінде тегін оқуға мүмкіндік алды. Бұл жоба – өңірлік деңгейдегі «Болашақ» бағдарламасының баламасы. Денсаулық сақтау саласына келетін болсақ, 356 нысан бар, олардың тозу деңгейі 54%-ды құрайды. 2022–2025 жылдар аралығында 55 нысанға құрылыс жұмысы жүргізілді. 6 млрд теңгеге 153 бірлік медициналық жабдық сатып алынды. Бұл – шалғайда жатқан ауыл тұрғындарына қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Мәселен, 300 шақырым қашықтықта орналасқан Нарынқол ауылының тұрғындары Алматы қаласына немесе облыс орталығына келместен толық медициналық қызмет ала алады. Мәдениет және спорт нысандары да пайдалануға берілуде (7 мәдениет үйі, 6 спорт кешені, мемлекеттік архив және өнер мектебі салынды). Өңірде білім беру, спорт және креативті индустрияны дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағытта Нью-Йорк киноакадемиясының филиалы ашылып, жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру бағытында, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды қадам жасалды. Академия 200 студентке арналған, оқу американдық бағдарлама бойынша 5 бағытта жүргізіледі (Киноөндіріс, Сценарий және актерлік шеберлік, Ойын дизайны, 3D-анимация). Қазіргі таңда 60 студент білім алуда, оның ішінде Африка және Еуропа елдерінен келген студенттер бар. Сонымен қатар, облысымыздың білім беру инфрақұрылымында жаңа маңызды мүмкіндік ашылды. Сүлеймен Демирел Университетінде Freedom компаниясының қолдауымен салынған жаңа инновациялық корпус өз жұмысын бастады. Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар бағытында оқыту мен зерттеулер жүргізуге арналған заманауи орталықта 1 100 студент білім алуда. Футбол сүйер қауымға жақсы жаңалық, Талғар қаласында қос бірдей халықаралық стандарттарға сай футбол академияларын атап өткім келеді: испаниялық «Атлетико Мадрид» футбол академиясында еліміздің түкпір-түкпірінен 113 оқушы білім алуда және Қазақстан футбол федерациясының заманауи академиясының құрылысы басталды. Өңірдің мәдени және рухани өмірінде айрықша атап өтетін іс шаралар бар. «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаушы, танымал композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілді. 18 ТҮРКСОЙ ұйымымен бірлескен жобалар, Пекин, Бішкек және Москва қалаларында концерттер өткізіліп, Н.Тілендиевтің есімі мәдениет үйлеріне, көшелерге және оқу орындарына берілді.
Цифрландыру
Облыстың «цифрлық көшірмесі» қалыптастырылды. Нәтижесінде 33 елді мекеннің 3D форматтағы цифрлық картасы әзірленіп, оның құрамына 2 000 шақырымнан астам инженерлік желілер цифрлық форматқа өтті. Қоғамдық және жол қауіпсіздігін күшейту бағытында да нақты нәтижелер бар. Жақында еліміздегі ең ірі интеллектуалды бейнемониторинг жүйесі іске қосылып, 9 416 бейнекамера және 325 аппараттық кешен орнатылды. Бұл бейнекамераларды полиция бөлімдеріне қосу арқылы, адам көп шоғырланған жерлерде, саяжай массивтерінде, туристік орындарда қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Екі айдың ішінде жүйе бұзақылық, мүлік және автокөлік ұрлығы бойынша 30 қылмысты ізін суытпай жедел түрде ашуға мүмкіндік берді. 19 Өңірдің цифрлық экожүйесін дамытудың тағы бір басым бағыты – интернет инфрақұрылымын кеңейту. 368 ауылдың 350-і, яғни 95%-ы кең жолақты интернетпен қамтылды. Облысымыз жобалық басқару форумы (2 орын), «Игі істер марафоны» (1 орын), «Жыл волонтёры» сыйлығы (15 номинациядан 5 жеңімпаз) және «Таза Қазақстан» акциясында белсенділік танытты. «Таза Өлке» бағыты бойынша акцияға 800 мыңнан астам адам, 8 836 кәсіпорын қатысты. «Жасыл Аймақ» бағыты бойынша 110 мың ағаш отырғызылды. «Киелі Мекен» бағыты бойынша 55 парк пен сквер, 1 194 тарихи-мәдени ескерткіш және 1 055 әлеуметтік нысан абаттандырылып, тазартылды. «Мөлдір бұлақ» бағыты бойынша 413 өзен, көл және су айдынының жағалауы тазартылды. «Өнегелі Ұрпақ» бағыты аясында 975 аулаға тазалық жұмыстары жүргізілді. Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы аясында питомниктерді дамыту маңызды бағыт. Өңірде 338 гектарды құрайтын питомниктер желісі қалыптасқан. Олардың жылдық өндіріс көлемі 3 млн-нан асады. Тәлімбақтар жүйесінің дамуының нәтижесінде облыс көшеттермен өзін-өзі толық қамтып, жақын шетелдерге шығарып, сонымен қатар импортқа тәуелділікті жоюға мүмкіндік береді. Өңірдің стратегиялық дамуын қорытындылай отырып, назарларыңызды жаңа өсу нүктелері – Қонаев және Алатау қалаларына аударғым келеді. Қонаев қаласында 39 км жол жөнделіп, 50 жаңа аялдама орнатылды, 73 км электр желілері және 26 шақырым су құбыры тартылды, 11 трансформатор жаңартылып, 65 нысан абаттандырылды. №5 Қалалық жағажай «Үздік жағажай» конкурсына қатысқан 30 қатысушының ішінен Бурабайдан кейін 2-ші орынды иемденді. Алатау қаласына келетін болсақ қазіргі таңда 88 мың гектар аумақты қамтитын және 54,2 мың тұрғынға қызмет ететін дербес әкімшілікаумақтық бірлікке айналды. Үкіметтің қаулысымен қаланың Бас жоспары – 2050 жылға дейінгі даму бағыты бекітілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Алатау қаласына арнайы мәртебе беру осы жұмыстарды жаңа, қарқынды сатыға шығарды. Бұл мақсатта Алатау қаласын дамыту жөніндегі Премьер-министрдің орынбасары Қ.Бозымбаевтың төрағалығымен жобалық кеңсе құрылып, нәтижелі жұмыс жүргізілді. Одан әрі, Президент Жарлығына сәйкес қаланы дамыту жөніндегі кеңес жасақталды, оны Премьер-министр басқарады. Қазір Конституциялық заң дайындалып, жыл соңына дейін Парламентке енгізу жоспарланып отыр. Қала аумағында инвестициялық бағыт бойынша жалпы құны 1,5 трлн теңгені құрайтын 42 жобаның тізбесі қалыптастырылды. Олардың қатарында PepsiCo, Mars, «Молочная долина», QazQon Hub тағы басқалары бар. Алматы облысының әлеуметтікэкономикалық дамуы айқын нәтижелерге жетіп отыр. Әр сала бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп, түйінді мәселелер кезең-кезеңмен шешілуде.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу