21 Қараша 2025, 15:22
Транзиттік тасымалдар көлемі 2025 жылғы қаңтар-тамызда 25,81 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезең көлемінен 3,2%-ға жоғары (24,99 млн тонна). 2025 жылы рекордтық 13 мың шақырым жолдар құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылды.
2,2 мың шақырым республикалық желілерді салу және реконструкциялау (1083 шақырым өтпелі, 1045 шақырым жаңа);
6,6 мың шақырым республикалық желілерді күрделі және орташа жөндеу;
4.1 мың шақырым жергілікті желіні жөндеу.
Осы жылдың соңына дейін 6,1 мың шақырым (құрылыс және реконструкциялау – 847 шақырым, күрделі және орташа жөндеу – 2,2 мың шақырым, жергілікті желіні жөндеу – 3,1 мың шақырым) аяқтау жоспарлануда. Биыл бюджетке түсетін жүктемені азайту үшін жол-құрылыс жұмыстарының аяқталуына қарай ұзындығы 2 мың шақырым 10 учаскеде ақылы жол енгізілді, бұл ақылы учаскелердің жалпы ұзындығын 3,2 мың шақырымнан 5,2 мың шақырымға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді (барлығы 27 учаске).
2025 жылға дейін – 17 учаске: Астана – Щучинск (211 шақырым), Астана – Теміртау (134 шақырым), Алматы – Қонаев (42 шақырым), Алматы – Қорғас (295 шақырым), Астана – Павлодар (375 шақырым), Астана – Талдықорған (186 шақырым), Тараз – Қайнар (238 шақырым), Шымкент – Қызылорда (447 шақырым), Шымкент – Тараз (90 шақырым), Шымкент – Ташкент (84 шақырым), Щучинск – Көкшетау (61 шақырым), Павлодар – Қалбатау (453 шақырым), Бейнеу – Ақжігіт (85 шақырым), Орал – Самара (56 шақырым), Павлодар – Омбы (198 шақырым), Көкшетау – Петропавл (169 шақырым), Орал – Саратов (99шақырым) – 3,2 мың шақырым.
2025 жылы – 10 учаске: Қызылорда – Арал (454 шақырым), Ақтөбе – Орынбор (83 шақырым), Қостанай – Троицк (163 шақырым), Қостанай – Денисовка (151 шақырым), Тараз қаласын айналып өту (57 шақырым), Балқаш – Бурылбайтал (91 шақырым), Шу – Бурылбайтал (176 шақырым), Қандыағаш – Мақат (380 шақырым), Ақтау – Бейнеу (272 шақырым), Үшарал – Достық (123 шақырым) – 2 мың шақырым.
Авиацияны дамыту
Әуе кемелерінің паркі 105 бірлікті құрайды, оның ішінде Airbus A320 типті 7 жаңа ұшақ және а.ж бірінші жартыжылдығында жеткізілген 1 жаңа ұшақ – Boeing 737 MAX 8. Биыл шілдеде ӘК паркі 109 бірлікті құрады, оның ішінде 2 ӘК (L-410) жөндеуде (ЖЕТІСУ), 1 ӘК (Bombardier CRJ-200) ұшуға жарамдылық сертификатының (SCAT) аяқталуына байланысты алынып тасталды және 2 ӘК (Embraer-190) жалға берушіге қайтарылды (Эйр Астана). Бүгінгі таңда 31 елмен аптасына 842 рейстің жалпы жиілігімен
144 халықаралық бағыт бойынша әуе қатынасы қайта жанданды және ашылды.
Олардың ішінде:
– ТМД елдеріне – 7 (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Беларусь, Әзербайжан);
– Еуропа елдеріне – 9 (Түркия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Чехия, Черногория);
– Таяу Шығыс елдеріне – 7 (БАӘ, Катар, Иран, Египет, Кувейт, Бахрейн, Оман);
– Азия және ЮВА – 8 елдеріне (Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Таиланд, Моңғолия, Малайзия, Мальдив аралдары). Авиациялық персоналдың жалпы саны 23 мыңнан астам адамды құрайды, бұл саладағы негізгі операциялық процестердің үздіксіз қызметі мен орындалуын қамтамасыз етеді.
2025 жылы:
- Арқалық әуежайын қалпына келтіру басталды;
- Алматы қаласы әуежайын дамытудың бас жоспары және $362 млн доллар сомасына «TAV Airport Holding» инвестициялық бағдарламасы таныстырылды;
- Астана қаласы әуежайы бойынша жалпы сомасы 154 млрд теңгеге тікелей және 393 млрд теңгеге жанама инвестициялар туралы келісім жасалды;
- жалпы сомасы 250 млрд теңгеге «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА жүк-жолаушылар әуежайын салу бойынша инвестициялар туралы келісім жасалды;
- Қазақстан Республикасының азаматтық пилотсыз авиациясын дамытудың 2025 – 2031 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды (2025 жылғы 4 маусым);
- Қазақстан нарығына Eastar Jet, My Freighter, Asman Airlines, China Eastern Airlines, Air Arabia Abu Dhabi, Centrum Air және басқа да жаңа төмен бюджеттік авиакомпаниялар кірді;
- Будапешт, Шанхай, Сеул, Гуанчжоу, Мюнхен және тағы да басқа ірі қалаларға рейстерді қоса алғанда, 35-тен астам жаңа маршруттар ашылды;
- авиациялық қауіпсіздік және формальдылықты жеңілдету бойынша ИКАО аудитінен өтті (қорытынды бағалау күтілуде).
Теміржол және су көлігін дамыту
2025 жылдың 9 айында темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 339,4 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5 %-ға артық (220,1 млн тонна). Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде 2029 жылға дейін 11 мың км теміржол учаскелеріне жөндеу жүргізу жоспарлануда, оның ішінде 2 800 шақырынан астам жол орындалды (2023 жылы – 1443 шақырым, 2024 жылы – 1430 шақырым).
Осы жылы 1 480 шақырым жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда (биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 1197 шақырым жұмыс аяқталды). 2025 жылдың 9 айында теңіз көлігімен 6 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 %-ға жоғары.
Қазақстандық теңіз порттары арқылы контейнерлік тасымалдар 33%-ға ұлғайды. Мәселен, осы жылдың 9 айында 67 215 ЖФЭ (50 487 ЖФЭ) өткізілді. ТХТМ бойынша өсім 1,4 есе немесе 57,2 мың ЖФЭ (2024 жылдың 9 айында – 39,9 мың ЖФЭ).
Ақтау портында контейнерлік хаб салу жобасы жүзеге асырылуда, 2025 жылғы 9 маусымда 1-ші іске қосу кешені іске қосылды (құрылысты аяқтау 2025 жылғы желтоқсанда жоспарланып отыр). Жоба Ақтау портының өткізу қабілетін жылына 240 мың ЖФЭ-ге дейін арттыруға мүмкіндік береді. 2025 жылдың 9 айында өзен көлігімен жүк тасымалдау көлемі 1,1 тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен (1 тонна) салыстырғанда 7,5 %-ға жоғары.
Тасымалдау Ертіс бассейнінде (ПГС, қиыршық тас, құм және өзге де жүктер), Орал-Каспий бассейнінде (ПГС, балық) және Іле-Балқаш бассейнінде (балық және өзге де жүктер) жүзеге асырылады.
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша теміржол және су көлігі саласында мынадай маңызды оқиғалар атап өтіледі:
- 30 қыркүйекте ұзындығы 836 шақырым болатын «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісі іске қосылды;
- «Қызылжар – Мойынты» (323 шақырым) жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды;
- 775 локомотив (300 бірлік – Wabtec (АҚШ), 205 бірлік – Alstom (Франция), 270 бірлік – CRRC (Қытай) және 2 700 фитингтік платформа жеткізуге келісімшарттарға қол қойылды;
- шағын елді мекендердегі ірі тораптық станциялар мен вокзалдарды қоса алғанда, бүкіл ел бойынша 124 вокзалды жаңғырту басталды;
- Ақтау портында «контейнерлік хаб» құрылысы бойынша жоба аяқталуда (биылғы 9 маусымда жобаның бірінші кезегінің бірінші іске қосу кешені іске қосылды);
- Құрық – Баку желісіне 1 құрғақ жүк жеткізіліп, 2 паром жеткізіледі деп күтілуде.
Автокөлікті және көліктік бақылауды дамыту
Халықаралық көлік қызметтері нарығында отандық автомобиль тасымалдаушыларының мүдделерін қорғау басым бағыттардың бірі. Отандық тасымалдаушыларды тасымалдау географиясын кеңейту мақсатында жыл сайын шетелдік рұқсат бланкілерінің квоталарымен алмасу жүргізілетін 42 елмен үкіметаралық келісімдер жасалды. Шетелдік рұқсат бланкілерін айырбастау квотасы отандық тасымалдаушылардың мүдделерін және отандық нарықты қорғауды, сондай-ақ салалық қауымдастықтардың ұсыныстарын ескере отырып айқындалады, осыған байланысты жекелеген елдер бойынша шетелдік рұқсат бланкілерін айырбастау квотасы аз болады. Қазақстанда рәсімді жеңілдетуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған халықаралық автомобиль тасымалдары үшін шетелдік рұқсат бланкілерін берудің жаңа ережелері қолданылады. Негізгі өзгерістерге процесті автоматтандыру, өтінімдерді қарау және беру мерзімдерін қысқарту және тасымалдау тарихындағы шектеулерді жою кіреді.
Бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілікке автоматты түрде тартыла отырып, автоматтандырылған өлшеу станцияларын (ААЖ) енгізу жолымен өлшеудің цифрлық форматына толық көшу бойынша шаралар қабылдануда (жүк көтерімділігі 12 тоннадан асатын көлік құралдарының ААЖ арқылы міндетті өту.).
Бүгінгі таңда 63 АСИ (30 – республикалық жолдарда, 33 – жергілікті жолдарда) орнатылды. Адамның қатысуынсыз айыппұлдарды автоматты түрде рәсімдеу үшін БЖТ ПЦ-мен интеграция жүзеге асырылды. Автотасымалдауға арналған шетелдік рұқсат бланкілерін бөлудің жаңа қаиғдалары қабылданды (ИДБ-ны көлеңкелі нарықта қайта сату және халықаралық автотасымалдар саласында салауатты бәсекелестік құру үшін алғышарттарды жоюға бағытталған). Автотасымалдау саласындағы Қытаймен үкіметаралық келісім ратификацияланды, оның шеңберінде Қазақстан Қытай аумағына ішкі транзиттік автотасымалдауды жүзеге асыру құқығын алған бірінші ел болды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу