Денсаулық сақтау саласын цифрландыру: жаңа жобалар іске асырылады

Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов баспасөз конференциясын өткізді. Шарада вице-министр денсаулық сақтау саласындағы цифрландырудың негізгі бағыттары жөнінде баяндама жасады. 

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауы шеңберінде Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені құру тапсырылған. Ол меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік тапсырыс алатын барлық денсаулық сақтау ұйымдары үшін деректердің түпкілікті бақылауы мен объективтілігін қамтамасыз етуі тиіс.

«Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласында 17 мемлекеттік және 20-дан астам жеке ақпараттық жүйе бар, оларда функционалдың қайталануы және өзара әлсіз интеграция бар. Бұл факторлар медициналық қызметкерлерге үлкен жүктеме, күту ұзақтығы және медициналық қызметтердің қолжетімсіздігі, медициналық қызметтерді көрсетудің ашық еместігін, қосып жазулар, толық емес және дұрыс емес статистиканы жинауды тудырады», — деп атап өтті ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов.

Осыған байланысты, аталған мәселерді шешу үшін Министрлік келесі 6 негізгі жобаны іске асырмақ. Жобаларды іске асыруды 2025-2026 жылдары кезең-кезеңімен аяқтау жоспарланған.

1) Ресурстарды басқарудың ақпараттық жүйесін жаңғырту

Бұл жоба денсаулық сақтау саласындағы 7 тізілімді цифрландыруды қамтиды:

  • Денсаулық сақтау ұйымдарының тізілімі;
  • Денсаулық сақтау кадр ресурстарының тізілімі;
  • Медициналық техниканың тізілімі және олардың жай-күйі;
  • Денсаулық сақтау ұйымдарының ғимараттары мен құрылыстарының тізілімі;
  • Рұқсат құжаттарының тізілімі;
  • Тәуелсіз сарапшылар тізілімі; 
  • Медициналық инциденттер тізілімі.

2) Медициналық ақпараттық жүйелерді жетілдіру

Жобада келесідей міндеттер көзделген:

  • Функционалдылықты оңтайландыру және деректерді қолмен енгізуді азайту;
  • Басқа АЖ-мен интеграция және «бір терезе» қағидатын енгізу;
  • Дәрігердің қабылдауына онлайн жазылу;
  • Пациенттерді цифрлық сәйкестендіру;
  • Медициналық анықтамаларды цифрландыру;
  • ДЗ және МБ есебі және қозғалысы;
  • Форматты-логикалық бақылауды жақсарту.

3) Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін толық интеграциялау

Бұл жобада 40-тан астам интеграцияны іске асыру және дамыту жоспарлануда:

  • ДСМ 17 АЖ-сы интеграциясын жетілдіру;
  • ДЗҚ АЖ, ЖжФЖӘТ АЖ, ОНЭТ АЖ, ДНЭТ АЖ МАЖ-мен интеграциялау;
  • Денсаулық сақтау саласындағы АЖ-ны ЦДИАӨМ АЖ-мен, Қаржыминінің АЖ-мен, Еңбекминінің АЖ-мен, ҒЖБМ АЖ-мен, ОАМ АЖ-мен интеграциялау;
  • МАЖ-ды, ДЗҚ АЖ-ны пациенттерді сәйкестендіру сервисімен интеграциялау;
  • Денсаулық сақтау саласындағы АЖ-ны ДДҚБ сервисімен интеграциялау.

4) Медициналық деректердің бірыңғай қоймасын енгізу

Жоба медициналық деректер жиналатын және жүйеленетін орталықтандырылған қойма құруға бағытталған. Жоба аясында келесі міндеттер жоспарланған:

  • 100% медициналық деректердің анықтамалық қоймасы;
  • Деректердің толықтығы мен сапасын бақылау;
  • Пациенттердің өз медициналық деректеріне цифрлық форматта толыққанды қол жеткізуі;
  • «Деректер пациентте» қағидатын цифрлық форматта енгізу;
  • Медициналық статистиканы қалыптастыру процестерін цифрландыру;
  • Сапалы жоспарлау құралдарын цифрландыру;

5) Денсаулық сақтау министрлігінің порталын құру

Денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай порталын әзірлеу және іске қосу мынадай міндеттерді қамтамасыз етеді:

  • Денсаулық сақтау ресурстарын тіркеу мен есепке алудың бірыңғай терезесі;
  • Жеке және заңды тұлғаларға денсаулық сақтау саласындағы барлық қызметтер бір терезеде;
  • Азаматтардың цифрлық денсаулық паспорты;
  • Медициналық статистикалық есептілік;
  • Пациенттің, медицина қызметкерінің және медициналық ұйымның жеке кабинеті;
  • Кері байланыс қызметі.

6) Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі

Жүйе келесі міндеттерді қамтамасыз етеді:

  • ӘМСҚ мен медициналық ұйымдар арасында қызмет көрсету бойынша шарт жасасу;
  • Медициналық қызметтер тарифтеріне сәйкес көрсетілген қызметтерді есептеу;
  • Көрсетілген қызметтердің мониторингі және ақауларды анықтау;
  • Көрсетілген қызметтер бойынша қаражатты төлеу;

Жүйе жыл сайын 1900-ден астам медициналық ұйымдар бойынша 350 млн-нан астам медициналық қызметке мониторинг жүргізіп, ақы төлейтін болады.

Жалпы алғанда, жоғарыда аталған жобаларды іске асыру келесідей оң әсерлерді тудырады:

  • Медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру
  • Дәрігердің қабылдауындағы кезекті төмендету
  • Медициналық қызметкерлерге жүктемені азайту
  • Қызмет сапасын бақылау
  • Медициналық қызметтерді қосып жазулардың төмендеуі
  • Толық және объективті статистика.

Сонымен қатар, қазіргі сәтте денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде: 

1) Медициналық персоналға жүктемені азайту

Осы жылдың 1 шілдесінде МАЖ-ды оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілді, бұл медицина қызметкерлеріне МАЖ-дағы жұмыс уақытын 20-30%-ға қысқартуға мүмкіндік берді. 

«Бүгінгі күні медицина қызметкері әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін екі түрлі жүйенің арасында ауысуға мәжбүр, бұл қосымша уақытты және үнемі назар аударуды қажет етеді. Бұл қайталану мен қателіктер қаупін арттырады, сонымен қатар сәйкестікті тексеру үшін қосымша күш жұмсауды қажет етеді. Осы бағытта Министрлік ақпараттық жүйелерді «бір терезе» әдісімен оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізуде. Интеграциялық өзара әрекеттесу аяқталғаннан кейін маман барлық қажетті ақпарат қол жетімді болатын бір жүйемен жұмыс істейді, бұл деректерге қол жеткізуді жеңілдетеді, шешім қабылдау жылдамдығын арттырады және пациенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартады», — деді вице-министр.

Жалпы, жүргізілген жұмыс МАЖ-дағы жұмыс уақытын 50%-ға қысқартады, бұл медицина қызметкеріне пациентке көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді.

2) Пациенттерді цифрлық сәйкестендіру

Медициналық қызметтерді қосып жазуды болдырмауға бағытталған келесі тетіктер қарастырылуда:

- Face ID көмегімен пациентті анықтау;

- пациенттің «Цифрлық құжатын» қолдана отырып сәйкестендіру.

«Биылғы 2 тамыздан бастап ҚР ДСМ «Республикалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы» ШЖҚ РМК базасында пациенттің «Цифрлық құжат» сервисі арқылы медициналық қызметтер алуын растау тетігін пайдалана отырып, пилоттық жоба іске қосылды. Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап пилоттық жоба Астана қаласының емханалары бойынша кеңейтілді. Бүгінгі таңда пилотқа 48 медициналық ұйым қосылған, онда 2,5 мыңнан астам медицина мамандары қабылдау кезінде пациенттерді сәйкестендіруді күн сайын жүргізеді», — деді спикер. 

Пилоттық жобаның оң нәтижелерінің қорытындысы бойынша Министрлік оны 2025 жылғы қаңтардан бастап бүкіл ел бойынша кезең-кезеңімен кеңейтуді жоспарлап отыр.

3) Зертханалық зерттеулердің бірыңғай қоймасы 

Зертханалық зерттеулердің бірыңғай қоймасы (Бірыңғай интеграциялық портал, БИП) іске қосылды, оған елдің зертханалары қосылады. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері әрбір азаматқа eGov mobile мобильді қосымшасында «eDensaulyq» бөлімінде қолжетімді (пайдаланушыларға өздерінің зертханалық нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді).

4) eGov mobile-дағы «eDensaulyq» сервисі

Сонымен қатар, eGov mobile мобильді қосымшасында азаматтарға өздерінің жеке медициналық деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін «eDensaulyq» бөлімі іске асырылды. Сервис Министрліктің ақпараттық жүйелерінде бар деректер негізінде кеңейтілген медициналық ақпаратты қамтиды.

5) Медициналық анықтамалар / жеке медициналық кітапшалар

Бүгінгі күні «Амбулаториялық-емханалық көмек» ақпараттық жүйесінде медициналық ақпараттық жүйелерден анықтамалар мен аурухана парақтарының 8 түрін қабылдауға арналған сервистер іске асырылды.

2025 жылдың басында келесі медициналық анықтамаларды электрондық форматқа толық ауыстыру жоспарлануда:

  • - Аурухана парағы
  • - 075 / у «Медициналық анықтамасы»
  • - 026 / у «Дәрігерлік консультативтік кеңес қорытындысы»
  • - 073 / у «Көлікті басқаруға рұқсат туралы анықтама»
  • - 069 / у «Санаторий-курорттық карта»
  • - 052-2 / у «Баланың денсаулық паспорты»
  • - 076 / у «Қаруға рұқсат алу»
  • - 038 / у «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама».

Жеке медициналық кітапша (бұдан әрі – ЖМК) – жұмысқа жіберу туралы белгісі бар міндетті медициналық тексерулердің нәтижелері енгізілетін дербес құжат. Бүгінгі таңда 1,6 млн астам азаматтың жұмысқа рұқсат беру үшін ЖМК-сы бар, оның ішінде: қоғамдық тамақтану саласында – 780 мың, білім беру саласында – 550 мың, денсаулық сақтау саласында – 272 мың және жеке секторда – 52 мың. 

Егер азамат бірнеше ұйымда жұмыс істесе, онда ол әр жұмыс орнына ЖМК-ны бөлек ұсыну тәжірибесі қалыптасқан, оны әр құжатқа төлеуге мәжбүр етеді. Сондай-ақ, қоғамдық денсаулық сақтау қатеріне ықпал ететін жалған ЖМК фактілері анықталды (мысалы: Маңғыстау облысындағы мектептердің бірінде 460 бала уланған. Асхананың 4 қызметкері жалған медициналық тексеруден өтіп, ЖMK-ны қолдан жасады, олардың 2-сі бактериялық инфекцияның тасымалдаушысы болған).

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖМК беру, есепке алу және жүргізу тек электрондық нысанда жүзеге асырылатын болады.

6) Дәрілік заттарды таңбалау

2024 жылдың 1 шілдесінен бастап ДЗ таңбалау және қадағалау іске қосылды. Осы сәттен бастап таңбалау кодтары 68,6 млн ДЗ қаптамасына, оның ішінде:

- 39,3 млн қаптама – импорттық ДЗ;

– 29,4 млн қаптама – отандық өнім.

Бүгінгі таңда 68,6 млн таңбаланған ДЗ қаптамасының 28,5 млн. жуық қаптамасы айналымға енгізілді (бұл мәліметтер Бірыңғай таңбалау операторының ақпараттық жүйесінде бақыланады).

Денсаулық сақтау жүйесінің ерекшелігін ескере отырып, ДЗ таңбалануы мен қадағалануы пациентке бағдарланған дәрілік қамтамасыз ету жүйесін құруға, көлеңкелі нарық үлесін төмендетуге, дәрілік қамтамасыз етудің деңгейі мен ашықтығын жаңа деңгейге көтеруге және бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.

7) Әлеуметтік әмиян QR арқылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

Сондай-ақ EGOV mobile мобильді қосымшасының «Әлеуметтік әмиян» сервисінің QR-коды арқылы дәрілік заттарды тез және ыңғайлы алу мүмкіндігі туралы айтқымыз келеді. Бұл құрал пациентке дәрі-дәрмекті беру процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және дәріханаға рецептерді тезірек және дәл өңдеуге мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік әмиян» арқылы дәрі-дәрмектерді электронды түрде беру жөніндегі пилоттық жобаға ел бойынша 700-ден астам медициналық ұйым қатысады, қазірдің өзінде 442 689 рецепт негізінде препараттар берілді (2024 жылғы 6 қарашадағы жағдай бойынша). «Әлеуметтік әмиянды» пайдалану азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету саласында қолжетімділік пен толық ашықтық үшін жағдай жасайды, заңсыз айналымды, бұрмалау және басқа да бұзушылықтар жояды», — деп қорытындылады сөзін вице-министр.

#Денсаулық сақтау #Президенттің тапсырмасы #ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу