Еңбек күші тапшы өңірлерге 2 544 отбасы қоныс аударды

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев еліміздегі қазіргі көші-қон жағдайы туралы баяндама жасады.

Оның айтуынша, 2024 жылы сыртқы көші-қонда оң динамика байқалады (2023 ж. – 9344 адам, 2024 ж. – 17164 адам). Көші-қонның оң сальдосы 2 жыл бойы сақталады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша көші-қон сальдосы +17,2 мың адамды құрады. Елге 30 мың адам келсе, 12,8 мың адам кетті. Елдер бөлінісінде көші-қон өсімі негізінен ТМД мен Қытай Халық Республикасына тиесілі. Ұлттық статистика бюросының статистикалық мәліметтеріне сәйкес білім деңгейі бойынша да оң сальдо байқалады, елге көбірек білімді адамдар келді. Бұдан басқа, техникалық мамандық бойынша +1597 адам, педагогикалық мамандық бойынша +526 адам, ауыл шаруашылығында +151 адам, медициналық мамандықтар бойынша +295 адам оң сальдо белгіленді.

Ал ішкі көші-қон бойынша азаматтардың қозғалыс белсенділігінің өсуі байқалады. Ел шегінде қоныс аударушылар саны өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе өсті (2023 жылға – 472 мың адам, 2024 жылға – 689,5 мың адам). 2024 жылы ішкі көші-қонда 1 510 мың адам қатысты, оның 689,5 мыңы өңіраралық қоныс аударуға қатысты.

Мегаполистер ішкі көшіп-қонушыларды тарту орталықтары болып қала береді (50%). Мәселен, қаралып отырған кезеңде Астана қаласына тұрақты тұруға 151 мың адам, Алматы қаласына – 129 мың, Шымкент қаласына – 68 мың адам келді.

Қазақстандық жұмыскерлердің білімін трансферлеу және біліктілігін арттыру мақсатында сұранысқа ие шетелдік мамандарды тарту бойынша бірқатар кешенді шаралар қабылдануда. Бұл мақсатта сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие 30 кәсіппен толықтырылды. Мәселен, 2023 жылы тұрақты тұруға, негізінен IT (ақпараттық технологиялар) саласындағы сұранысқа ие кәсіптер бойынша 72 рұқсат берілді.

Қазақстан азаматтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Қазақстандық жұмыскерлерге тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптар бекітілді.

Жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеу үшін еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру тетігін жетілдіру үшін еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру тәртібі қайта қаралды.

Мәселен, Электрондық үкімет портальнан басқа рұқсаттар, оның migration.enbek.kz платформасында және есепке алудың бірыңғай жүйесінде он екі айға дейінгі мерзімге (бұрын үш айға дейін берілген)  жарамдылық мерзіммен еңбек шарттарын міндетті түрде тіркеу беріледі. 

Сондай-ақ Комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың санаттары мен санының тізбесін айқындау қағидаларына Арнайы экономикалық аймаққа (АЭА) қатысушылардың кадрлардағы жергілікті қамту бойынша жағдайларды қамтамасыз ету тетігі енгізілді

АЭА-ға қатысушысы құжаттар тізбесімен бірге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың санаттары мен санының тізбесін, оның ішінде кадрлардағы елішілік құндылығы туралы ақпаратты арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына айқындауға өтініш беруі тиіс. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы ЖАО-мен бірлесіп құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қағидалар талаптарына және ЖҚҚС-тағы біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды. ЖҚЖК өтініштерді қарайды және ұсынымдарды әзірлеу үшін өңірлік комиссияның қарауына жібереді, Қағидалардың шарттары мен талаптарына сәйкес келмеген жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартады. Бұл ретте, комиссияның ұсынысы негізінде ЖАО айқындаған кадрлардағы елішілік құндылық үлесі өзгертілуі мүмкін.

АЭА қатысушысы комиссия шешіміне сәйкес кадрлардағы елішілік құндылықты қамтамасыз етеді.

Жеңілдікті режим бойынша тартуға шетелдік жұмыскерлердің санын анықтау үшін бизнес-процесс автоматтандырылды.

«Этникалық көші-қон саласындағы новеллалармен бүгінгі таңда қандас және Қазақстан Республикасының азаматтығы мәртебесін алуға үміткер адамдардың қазақ ұлтына тиесілігін оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен айқындау тәртібі бекітілгенін атап өткім келеді»,  — деді Асқарбек Ертаев.

Бүгінде қазақ ұлтына тиесілігін анықтау бойынша 3 комиссия (13 адам) өткізілді (9 адам қазақ ұлтына жататындығын анықтау туралы шешім және 4 адам бас тарту туралы шешім алды). Қандастарды қоныстандырудың интерактивті картасында олардың қоныстануын реттеу үшін қандастардың келуі бойынша өңірлер (аудандар мен елді мекендер бойынша) бөлінісінде саралау жүргізіледі.

2024 жылы жергілікті атқарушы органдар Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында және Абай облыстарында, биыл СҚО, Қостанай облыстарында бейімдеу және интеграциялау орталықтарын құрды.

Қазақстаннан келген еңбекші көшіп-қонушылардың Еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету үшін Сауд Арабиясымен, БАӘ, Оңтүстік Кореямен келісімдер жасасу жұмыстары жалғасуда.

Олар аталған елдердегі Қазақстан азаматтарының еңбек қызметі мәселелерін реттейді.

Бүгінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасынан жұмыскерлерді Катар Мемлекетіне жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімді ратификациялау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бұдан бөлек, биыл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қанауға және еңбек заңнамасының бұзылуына қарсы іс-қимыл қызметі (GLAA) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум Ұлыбритания аумағында Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша жұмысқа орналастыру шарттары мен рәсімдері туралы ақпарат алмасуды көздейді.

Бұған қоса, Қазақстан азаматтарының шетелдегі еңбек қызметін ұйымдастыру бөлігінде жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің қызметін реттеу тетіктері қайта қаралуда.

Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында қазақстандықтарды көшпелі оқытуға дейінгі орталықтар құрылды. 

Олардың негізгі міндеті – тілдік курстардан өту, шетелде жұмысқа орналасқысы келетін кандидаттардың кәсіби біліктілігін арттыру.

Министрлікке жұмыспен қамтудың жекеше агентігінің заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі құзыретті беру, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының шетелдегі еңбек қызметін ұйымдастыру жөніндегі жұмыспен қамтудың жекеше агентігі қызметін реттеу қағидаларын әзірлеу жөніндегі құзыретті беру бөлігінде заңнамалық түзетулер қаралады.

«Аталған шаралардың барлығы шетелде жұмысқа орналасқысы келетін қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған», — деп атап өтті вице-министр.

Ынталандырудың оңтайлы моделін құру мақсатында еліміз бойынша қандастар мен қоныс аударушыларды жаңа тұрғылықты жерге бейімдеу және ықпалдастыру бойынша мансап орталықтары тарапынан қызметтер көрсетудің жаңа тетігі іске қосылды.

Қандастар мен қоныс аударушыларды толық сүйемелдеу «FSM Social» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. 

Бұдан басқа, жылжымайтын мүлікпен ойдан шығарылған мәмілелер жасасуға жол бермеу мақсатында Ерікті қоныс аудару қағидаларына 2024 жылы мыналарды көздейтін түзетулер енгізілді:

1) жақын туыстары арасында жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасауға, экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді пайдалана отырып, меншікке ресімделген жылжымайтын мүлікті бес жыл ішінде өткізуге тыйым салу.

2) мансап орталықтары қызметкерлерінің қоныс аударушы немесе қандас ұсынған құжаттарды, жылжымайтын мүлік объектісі бойынша мәліметтерді мәміле объектісіне толық және мұқият қарау объектіге бару арқылы олардың толықтығы мен дұрыстығы тұрғысынан салыстырып тексеруді жүзеге асыруы;

3) бұрын қоныс аударушының отбасы мүшелерінің бірі не қандас экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлем алған жағдайда сертификат беруден бас тарту бойынша қосымша негіздемені бекіту;

4) қоныс аударушылардың қоныс аудару аймағынан тыс жерлерде еңбек қызметін жүзеге асыру құқығын алып тастау.

Ағымдағы жылдан бастап қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу және ерікті қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жөніндегі мемлекеттік қызметтер электрондық форматта көрсетілетін болады.

Осылайша, көрсетілетін қызметті алушылардың мансап орталықтарының қызметкерлерімен байланысы жойылады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. 

Осы мемлекеттік қызмет түрлерін цифрландыру қоныс аударуға қатысушылар мен еңбек мобильділігі орталықтары арасындағы шарттық міндеттемелердің орындалуына нақты мониторингті қамтамасыз етеді.

Осы мақсатта «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесінде қатысушылар мен олардың отбасы мүшелерін тұрақты тіркеу негізінде ерікті қоныс аударуға қатысатын адамдардың ішкі орнын ауыстыру есебі жүргізіледі.

Аталған есеп қоныс аударушыларда, қандастарда және олардың отбасы мүшелерінде тіркеу орнындағы өзгерістерді уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.

Өз еркімен кететін отбасыларға қатысты мансап орталықтары төленген материалдық көмекті сотқа дейінгі тәртіппен қайтару туралы хабарлама жібереді.

Көші-қон процестерін реттеу жүйесін цифрландыру басым бағыттардың бірі болып табылады.

«Migration.enbek.kz» портал әзірленді, бұл келу мақсатына қарамастан Қазақстанға келетін шетелдік азаматтардың бірыңғай есебін, сондай-ақ көші-қон ағындарының мониторингі мен бақылауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жұмыс кезең-кезеңмен жүргізілуде. 2024 жылдан бастап 15 қызмет енгізілді, 2025 жылы 3 қызметті іске қосу жоспарлануда.  

Осы шаралардың барлығы «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін көшіп-қонушылардың қозғалысын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құруды көздейді.

«Жалпы көші-қон саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар Министрліктің тұрақты бақылауында.  Көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қосымша ақпаратты Сіздерге әріптестерім ұсынады. Бүгінде көші-қон заңнамасын жетілдіру мақсатында Министрлік заңнамалық бастамаларды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде», — деп түйіндеді вице-министр Асқарбек Ертаев.

#ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу