Қарағанды облысының өнеркәсіптік әлеуеті мен инфрақұрылымы нығайып келеді

Қарағанды облысы Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту және инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

2026 жылғы қаңтар–тамыз қорытындысы бойынша өңірде өнеркәсіп өндірісі, ауыл шаруашылығы өнімі, құрылыс жұмыстары және негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің өсімі байқалады. Тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар нәтижесінде еңбек өнімділігі артып, технологиялық жаңару, кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ азаматтардың табысы мен өмір сүру сапасын жақсарту бағытында оң көрсеткіштер қалыптасып отыр.

Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері туралы Primeminister.kz редакциясының шолуынан оқи аласыздар.

Қарағанды облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,7 трлн теңгеден асты

Қарағанды облысы Қазақстандағы  экономикасы ең ірі төрт өңірдің қатарына кіреді. 2026 жылдың 8 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 2,3 млрд теңгені құрап, елдің жалпы ішкі өніміндегі өңірдің үлесі 6,9%-ға жетті.

Негізгі экономикалық драйвер – өнеркәсіп. Оның құрылымында өңдеу өнеркәсібі маңызды орын алады. 2026 жылғы қаңтар–тамыз айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,7 трлн теңгеден асып, оның ішінде 2,6 трлн теңгесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі болды.

Сонымен қатар өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі де артып келеді. Жылдың 8 айында бұл көрсеткіш 8,1%-ға өсті.

Бүгінде өңірдің қаржылық дербестігі нығайып келеді. 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке 619,8 млрд теңге салық түсіп, оның 323 млрд теңгесі жергілікті бюджетке бағытталды.

Өңір бюджетінің жалпы көлеміндегі меншікті кірістер үлесі 53,3%-ды құрады.

Қарағанды облысында ШОБ өнімінің көлемі 12,4%-ға өсті

Қарағанды облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және кәсіпкерлік белсенділікті кеңейтуге қолайлы жағдай жасалуда. 2026 жылғы қаңтар–тамыз айларында негізгі капиталға 657,7 млрд теңге инвестиция салынды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 336,9 млрд теңгені құрап, 240,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Өңір экономикасының дамуына шағын және орта бизнес елеулі үлес қосып отыр.

Қыркүйектегі жағдай бойынша өңірде 94,9 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Олардың өндірген өнімдерінің жиынтық көлемі 1,1 трлн теңгеден асып, 12,4%-ға артты.

Кәсіпкерліктің дамуы еңбек нарығына да әсер етіп, тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндіктері артып келеді. 2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Оның 94%-ы – тұрақты жұмыс орындары.

Өндірістік әлеуеттің өсуі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың табысын арттыру жөніндегі шаралармен сүйемелденеді. Қарағанды облысы еліміздегі жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейінің бірін сақтайды – осы жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша – 4%.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыста 9 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, оның 94%-ы тұрақты жұмыс орындары.

II тоқсандағы орташа айлық атаулы жалақы 8,8%-ға, 470,4 мың теңгеге дейін, жан басына шаққандағы орташа табыс 286,8 мың теңгеге дейін өсті. 

Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға 71 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған

Қарағанды облысын дамытудың басымдықтарының бірі инженерлік коммуникацияларды жаңарту және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің сенімділігін арттыру болып саналады.

2026 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға және дамытуға шамамен 71,2 млрд теңге қарастырылған. 91,4 шақырым электр желілерін реконструкциялау мен жаңғырту, 12,3 шақырым жылу желілерін жаңарту, шамамен 280 шақырым су құбыры және кәріз желілерін салу және реконструкциялау жоспарлануда.

Тағы бір басым бағыт – газбен қамту. Осы жылы 150 шақырым газ тарату желілерін салу көзделген, бұл үйлерді газбен жабдықтауға қосу деңгейін жыл қорытындысы бойынша 52,1%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Қарағанды облысында 643 шақырым жол жөнделіп, нормативтік жолдардың үлесін 97%-ға жетеді

Өңірдің байланысын арттыру жөніндегі жұмыстың маңызды бөлігі – автомобиль жолдарын дамыту. Қарағанды облысының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 9,3 мың шақырымнан асады. 2026 жылы жол саласын дамытуға 61,3 млрд теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстарымен 643 шақырым жалпы пайдаланымдағы жолдарды, оның ішінде 340 шақырым республикалық маңызы бар автожолдарды, 90 шақырым облыстық және 213 шақырым қалалар мен аудандардағы жолдарды қамту жоспарлануда.

Нәтижесінде нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесін 97%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Салыстыру үшін, 2023 жылы бұл көрсеткіш 92%, 2024 жылы – 95%, 2025 жылы – 96%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы өндірісі 3,9%-ға өсті, әлеуметтік салаға 432,6 млрд теңге қарастырылған

Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік кешені де өсуде. 2026 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 236,6 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 3,9%-ға артық.

Экономиканың дамуымен қатар, аймақ әлеуметтік салаға инвестиция салуды жалғастыруда. 2026 жылға әлеуметтік салаға 432,6 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде 1 қазандағы жағдай бойынша 298,1 млрд теңге білім беруге, 15,7 млрд теңге денсаулық сақтауға, 55,7 млрд теңге әлеуметтік қамсыздандыруға, 63,1 млрд теңге мәдениет пен спортқа бағытталды.

#Инфрақұрылымдық даму #Көлік #ШОБ #Экономика #ӘЭД

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу