01 Желтоқсан 2025, 19:58
Қазақстанда электронды сауда соңғы жылдары қарқынды дамып, ішкі нарықтың маңызды драйверіне айналды. 2020 жылдан бері электронды сауда көлемі 7 есе ұлғайып, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ішкі электронды сауда көлемі 3,2 трлн теңгеге жетті.
Әлем: электронды сауданың даму үрдістері
Электронды сауда – әлемдік экономиканың қарқынды дамып келе жатқан маңызды сегменті. Бүгінде әлем халқының 30%-ы тауарларды онлайн сатып алады. Халықаралық талдау агенттіктерінің бағалауынша, 2024 жылы әлемдік e-commerce нарығының көлемі $6,3 трлн-ды құрап, жалпы бөлшек сауданың 20%-ын иеленді. 2025 жылы нарық көрсеткіші $6,8-7 трлнға дейін өседі деп күтілсе, орта мерзімді перспективада, яғни 2028 жылға қарай, бұл көлем $8 трлн-нан асады деген болжам бар.
Бүгінде әлемдік сауда құрылымы да айтарлықтай өзгеріп келеді. Негізгі жаһандық трендтер:
Қазақстан: Электронды сауда нарығы қалай дамып келеді?
Қазақстанда да электронды сауда тұрақты өсім көрсетіп, экономиканың маңызды бағытына айналды. 2020 жылдан бері электронды сауда көлемі 7 есе ұлғайды, дегенмен әлі де әлемдік орташа деңгейден төмен. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ішкі электронды сауда көлемі 3,2 трлн теңгені немесе бөлшек сауданың 14,1%-ын құрады. Бұл 33 пайыздық өсім, яғни қосымша 0,8 трлн теңге. 2025 жылдың соңына дейін электронды сауданың бөлшек саудадағы үлесін 15%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Ал 2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 18,5 %-ға дейін арттыру мақсаты қойылған.
Электронды сауданың одан әрі дамуына ықпал ететін негізгі факторлар:
Маркетплейстердегі сатушылар санының артуы да жалпы нарық өсімін көрсетеді. Бір тауар карточкасында бірнеше сатушының бәсекелес ұсыныстарының көрінуі – орта деңгейлі дүкендердің маркетплейстерге белсенді шығуының дәлелі. Олар жеке сайт ашқаннан гөрі маркетплейстерді таңдауда, себебі онда жылдам старт алуға, тұтынушылар базасына және логистикалық инфрақұрылымға қол жеткізуге мүмкіндік бар.
Алдағы жылдары сатушылар санының артуы және бәсекеге қабілеттілікті күшейтетін құралдардың кеңеюі күтіліп отыр.
Қазақстанда ең танымал маркетплейстер: Kaspi.kz, Halyk Market, Ozon, Wildberries, Teez және тағы басқалар.
Маркетплейстердегі сатылым құрылымы 62%-ы электротехника, смартфондар, жеңіл өнеркәсіп тауарлары, ал 38%-ы күнделікті тұтыну тауарлары (косметика, тұрмыстық химия, азық-түлік және тағы басқалар). 2025 жылы e-grocery секторы тәжірибелік деңгейден толыққанды, тұрақты нарыққа айналды.
Онлайн азық-түлік жеткізуде ең танымал үш платформа:
1. Kaspi,
2. Яндекс.Еда,
3. Magnum.
Оларды Glovo және Arbuz платформалары жалғастырады.
Бұл үрдіс онлайн-шоппингтің халықтың күнделікті өміріне терең енгенін көрсетеді.
«Қазақстанда жасалған»: электронды сауданы дамыту шаралары
2025 жылдың наурыз айында электронды сауданы дамыту жоспары бекітілді. Құжат 2027 жылға дейін жүзеге асырылады. ҚазТрейд компаниясымен бірлесіп, кәсіпкерлерге арналған электронды сауда және өнімді онлайн жылжыту мәселелері бойынша республикалық онлайн-семинарлар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Сала бойынша кәсіби стандарттар жаңартылуда. Маркетплейстерде «Қазақстанда жасалған» арнайы бөлімдері енгізіліп, отандық тауарларды ілгерілету күшейтіліп жатыр. 2024 жылы электронды сауда алаңдарына арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және сүйемелдеу жобаларын субсидиялау мен кепілдендіру туралы жаңа мемлекеттік қолдау қағидалары қабылданды.
Kaspi B2B, MercuryX, Teez платформалары Қытайдан тауарларды тікелей сатып алу жобаларын іске асырып жатыр. Бұл делдалдар санын қысқартып, сатып алу құнын 1030%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Ашық тарифтер енгізу – ірі импорттаушылар тарапынан негізсіз баға өсімін болдырмаудың тиімді тетігі.
Ozon және Wildberries Астана мен Алматыда жалпы ауданы 291 мың шаршы метр болатын үш фулфилмент орталығын жобалап, жүзеге асыруда. 2025 жылғы 4 қарашада СТ РК 4027-2025 «Фулфилмент-орталықтар» ұлттық стандарты бекітілді. Ол 2026 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді. Стандарт сақтау, жеткізу, тапсырыстарды басқару және тауарды бақылау сияқты барлық негізгі процесті қамтиды. Бұл сауда саласына инвестиция тартуға және электронды сауданың өсуіне елеулі ықпал етеді. «Қазпошта» АҚ халықаралық серіктестер – YTO Express және JD.com компанияларымен бірлескен жобаларды жүзеге асырып келеді. Жобалар аясында Алматы облысында электронды саудаға арналған ірі тарату орталығы салынып, JD.com порталының қазақ-орыс тіліндегі нұсқасы Орталық Азия және ТМД нарығы үшін іске қосылады.
Заңнамалық бастамалар
Электронды сауданың реттелуін күшейту мақсатында бірқатар заңнамалық өзгеріс енгізіліп жатыр. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жаңа заң жобасында:
Платформалар тұтынушылардың өтініштерін қарау сервисін қамтамасыз етіп, расталған бұзушылықтар кезінде сатушыларға шара қолдануы тиіс. Платформалар сату және жарнамаға қатысты деректерді бір жыл бойы сақтауға, сондай-ақ техникалық ақаулар туралы пайдаланушыларды хабардар етуге міндеттеледі. Жаңа Салық кодексінде электронды сауда қызметінің ашықтығын арттыру шаралары күшейтілді. 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 509 бұйрықпен интернет-платформа иелерінің сатылған тауарлар мен қызметтер туралы деректерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидалары бекітілді. Олар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 14 қарашада СТ РК 4028-2025 «Сәйкестікті бағалау органдары мен уәкілетті өндірушінің өзара әрекеттесуіне арналған адал тәжірибе жөніндегі басшылық» ұлттық стандарты қабылданды.
Әділет министрлігі зияткерлік меншік объектілерін қорғау және құқықтарды күшейту бойынша түзетулерді пысықтау үстінде. Тауар белгілерін заңсыз пайдалану үшін санкциялар қатайтылып жатыр. Мәдениет министрлігі маркетплейстердегі контентті сараптап, заңмен тыйым салынған тауарлардың саудасына жол бермеу бағытында мониторинг жүргізеді. Сауда және интеграция министрлігі электронды сауданы дамыту жұмыстарын жалғастыра береді. Электронды сауда – бұл тек экономикалық өсім факторы ғана емес, сонымен бірге әділ, қауіпсіз және заманауи цифрлық экожүйені қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу