Көктемгі шақыру науқанында әскерге 20 мыңнан астам жас шақырылады

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен  брифингте ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов көктемгі әскерге шақыру науқанының барысы туралы, әскерге шақырылушыларды хабардар ету тәртібі, әскерге шақыру комиссияларының жұмысы және сарбаздар мен запасқа шығарылғандар үшін заңнамалық тұрғыда бекітілген әлеуметтік кепілдіктер туралы баяндады.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 1 наурызда мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны басталды. Шақыру науқаны биылғы жылдың 30 маусымында аяқталады. Осы уақыт ішінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын 18 бен 27 жас аралығындағы жастар толықтырады.

«Бұл туралы жастарға шақыру қағаздары, 1414 сервисі арқылы SMS-хабарламалар бойынша ақпарат жеткізіледі. Жергілікті жерлердегі шақыру комиссияларын қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары басқарады. Азаматтардың өтініштерін олар шақыру комиссиясының шешімімен немесе медициналық қорытындымен келіспеген жағдайда қарайды», — деді Сәкен Жүсіпов.

Барлығы 20 мыңнан астам адам, оның ішінде:

Қарулы Күштерге 10 мыңның үстінде,

Ұлттық ұланға 7 мыңнан аса,

ҰҚК Шекара қызметіне 2 мыңнан аса,

Төтенше жағдайлар министрлігіне 300-ден астам,

Мемлекеттік күзет қызметіне 300-ге жуық азамат шақырылатын болады.

Әскерге шақырылушыларды хабардар ету жеке шақыру қағаздарын үй және қызметтік мекенжайларына жіберу арқылы жүзеге асырылады.  

Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Сәкен Жүсіпов азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру барынша ашық форматта жүргізіліп жатқанын атап өтті. Әскерге шақыруға қатысты қажетті ақпараттарды алу үшін барлық қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде электрондық пошта жәшіктері жұмыс істейді. Әлеуметтік желілерде ресми аккаунттар ашылған.  

Бұдан бөлек Қорғаныс министрлігінің өкілі азаматтарды сыйақы үшін күмәнді тәсілдермен шақыруды кейінге қалдыру немесе босату мәселелерін шешуге тырысудан сақтандырды.  

Ол сондай-ақ Қарулы күштерді цифрлық трансформациялау мәселелеріне және мерзімді әскери қызметтің тартымдылығын арттыру мақсатында қабылданатын шараларға да тоқталып өтті. Спикер атап өткендей, ведомство әскерге шақырылғанға дейінгі жастарды әскери-патриоттық тәрбиемен кеңінен қамту бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. 

Барлық құқыққа қайшы мәселелер туындағанда және орын алуы мүмкін сыбайлас жемқорлық бойынша жедел шаралар қабылдау бойынша кеңес алу үшін Қорғаныс министрлігінің немесе құқық қорғау органдарының сенім телефондарына хабарласу қажет.

Айта кетейік, 18 бен 27 жас аралығындағы жиырма мыңнан астам азамат көктемгі әскерге шақыру барысында еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады.

Қазірдің өзінде 17 мыңнан аса әскери қызметшіге 6,6 млрд, теңгеге негізгі борыш пен сыйақы бойынша «кредиттік демалыс» берілді.

«Қорғаныс ведомствосының бастамасы мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге әскери қызмет өткеру кезеңінде несиелерін уайымдамауға мүмкіндік береді. Меморандумды іске асыру үшін агенттікпен және қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылдың арнайы алгоритмі әзірленді. Шақыру науқаны барысында жиналған банктік қарыздар мен микрокредиттер туралы мәліметтер бірден Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жіберілетін болады», — деп атап өтті Сәкен Жүсіпов.

Осы деректердің негізінде кредиторлар негізгі борыш, сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және берешекті өндіріп алудың барлық нысандарын тоқтата тұру мәселелерін пысықтайды. Төлемдерді кейінге қалдыру кезеңінде несие беруші сот ісін жүргізуді, берешекті өндіріп алу бойынша нотариусқа жүгінуді, тұрғын үйді сатуды, қарыз алушының отбасын шығаруды тоқтатады. Өткен сот актілері бойынша берешекті өндіріп алудың барлық нысандары да тоқтатыла тұрады.

Әскердің барлық салаларына цифрлық технологияларды енгізу жалғасуда. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың есебі жергілікті әскери басқару органдарының жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік беретін цифрлық форматқа ауыстырылды. 

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және босату жөніндегі қызмет іске қосылды. Енді азаматтар әскери қызмет өткеру мәртебесі туралы мәліметтерді ұсыну бойынша мемлекеттік қызметті бірде-бір құжатсыз ала алады.

Азаматтардың бұл санаты шақыруды кейінге қалдыру туралы SMS-хабарлама алады. Бұл жүйе азаматтардың әскери есебін цифрландыру жеке байланысын қоспағанда, көптеген мәселелерді қашықтан шешуге мүмкіндік береді.

Қорғаныс министрлігі еліміздің 80 жуық жоғары оқу орындарымен бірлесіп, мерзімді әскери қызметін өткерген азаматтар үшін жоғары оқу орындарында тегін оқуға 3000 орын қарастырып отыр.

Бұл жеңілдік мерзімді әскери қызмет өткерген барлық азаматтарға Ұлттық бірыңғай тестің нәтижесінсіз, әңгімелесу нәтижелері бойынша әскери борышын өткергеннен кейін екі жыл ішінде ақылы түрде ЖОО-ға оқуға түсу мүмкіндігін беруді көздейді.

Мерзімді қызмет кезеңінде жауынгерлік даярлықта тәртіпті және жоғары нәтижелерге қол жеткізген жекелеген, неғұрлым лайықты әскери қызметшілерге ЖОО есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігі берілетін болады.

Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдардың шақыруды кейінге қалдыруды және босатуды ұсынуы www.egov.kz. «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер форматында жүзеге асырылады Кейінге қалдыру мынадай негіздер бойынша: отбасылық жағдайы бойынша, білім беруді жалғастыру үшін, денсаулық жағдайы және басқа да себептер бойынша беріледі.

Әскери қызметке шақырудан босатуға құқығы бар азаматтар денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтардан басқа, мүдделі тұлғалардан тиісті нотариалды куәландырған құжаттар мен өтініштер ұсынылған кезде олардың қалауы бойынша әскери қызметке шақырылуы мүмкін.

Соттылығы бар азаматтар бейбіт уақытта әскери қызметке шақырылуға жатпайды.

«Әскери қызметке жарамсыз болуы және әскерге шақырылушылардың әскери қызметке уақытша жарамсыз болуының себебі азаматтардың денсаулығындағы кінәраттары, яғни аурудың негізгі топтарына, ішкі органдардың аурулары, хирургиялық аурулар, көру органдарының аурулары болып табылады», — деп қорытындылады Сәкен Жүсіпов.

#ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу