ҚР ДСМ дәрілік заттарды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесін енгізуді аяқтады

Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ұлттық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту және ішкі нарықтағы қазақстандық дәрілік заттардың үлесін өсіру бойынша жүйелі жұмысты жүзеге асыруда.

Бүгінгі күні елде 200-ден астам қазақстандық тауар өндіруші тіркелген (2024 жылы – 207), оның ішінде 43-і дәрілік заттар, қалғандары медициналық бұйымдар өндіруде.

Ағымдағы жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша қазақстандық кәсіпорындар өндіріс көлемін 11,7%-ға арттып (2024 жылдың 10 айында – 140,2 млрд теңге, өсім – 16,4 млрд теңге), 156,6 млрд теңгеге ($305 млн) жетті. 

Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі 140,2 млрд теңгемен салыстырғанда 16,4 млрд теңгеге артық. Бірінші жартыжылдықтағы инвестиция көлемі $77,1 млн құрайды.

Көрсеткіштердің өсуі – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндіретін жаңа өндірістік желілердің іске қосылуының нәтижесі. 

Атап айтқанда, қазақстандық өндіруші базасында «AstraZeneca» халықаралық компаниясының қант диабетін емдеуге арналған түпнұсқалық инновациялық «Форсига» препараты өндірілуде.

Бірыңғай дистрибьютордың сатып алуларында қазақстандық дәрілік препараттардың үлесінің тұрақты өсімі байқалады.

Осы жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық препараттарды сатып алу көлемі 16%-ға өсті және ұлттық фармацевтика өндірісінің тұрақты өсімін көрсете отырып, 170 млрд теңгеге жетті.

2026 жылдан бастап локализациялауды тереңдетуге, технологиялар трансфертін дамытуға және қазақстандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін кеңейтуге бағытталған ұзақмерзімді шарттар жасасудың жаңартылған қағидалары күшіне енеді. Мұндай шарттардың мерзімдері локализациялау деңгейіне байланысты белгіленеді және кемінде бес жылды құрайды. Сонымен қатар Министрлік ұзақмерзімді келісімшарттардың шамадан тыс үлесі нарықтық бәсекелестікті шектеуі мүмкін екенін атап өтті. Осыған байланысты отандық компаниялардың арасында барынша бәсекелестік ортаны қалыптастыру жоспарлануда. Бүгінде бірыңғай дистрибьютордың сатып алуындағы қазақстандық өндіріс өнімдерінің үлесі 30%-ды құрайды, ал медициналық ұйымдардың дербес сатып алуында – 10%-дан аз.

Бұл теңгерімсіздікті жою үшін кем дегенде екі отандық өндіруші шығаратын тауар позициялары үшін ұлттық режимнен алу механизмін қолдану ұсынылады. Бұл бірқатар дәрі-дәрмектерді тек қазақстандық компаниялардан сатып алуға мүмкіндік береді және олардың ішкі нарықтағы позициясын нығайтады.

Бұдан бөлек, Министрлік ТМККК және МӘМС шеңберінде жеткізілетін дәрілік заттарды өндіру кезінде пайдаланылатын импортталатын субстанциялар мен шикізатты ҚҚС-тан босату туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Бұл шара өзіндік құнын төмендетуге және жергілікті өндірістің өсуін одан әрі ынталандыруға бағытталған.

Отандық өнімге деген сенімді арттыру және экспорттық нарықтарға шығу үшін реттеуші жүйені халықаралық аккредиттеу бойынша жұмыс жүргізілуде.  Қазіргі уақытта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары жүйенің ағымдағы жағдайына 8 индикатор бойынша жоғары баға берді. 

Өндірілетін дәрі-дәрмектердің сапасын қамтамасыз ету үшін Ұлттық реттеу жүйесінің 3-ші жетілу деңгейіне жету қажет. Қазақстан қатаң реттеу жүйесі бар ел ретінде посткеңестік кеңістікте мұндай деңгейге жеткен бірінші мемлекет болмақ. Бұл шығарылатын өнімнің сапасына деген сенімнің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және қазақстандық өндірушілердің экспорттық әлеуетін күшейтеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы жанынан зертханалық кешен құру жұмыстары жалғасуда.

Аталған зертханалық кешенде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылау бойынша жүргізілетін сынақтардың ауқымы кеңейтіліп, бұл олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және халықаралық нарыққа шығуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Министрлік дәрілік заттарға баға белгілеудің жаңа тетігін енгізді. 2026 жылға арналған сатып алулар толықтай жаңартылған жүйе арқылы жүзеге асырылуда.

Енгізілген өзгерістер нәтижесінде дәрілік заттардың кең тізбесі бойынша бағалардың едәуір төмендеуі есебінен бүгінгі күні 36 млрд теңгеден астам қаражат үнемделіп, сатып алудың экономикалық тиімділігін көрсетті.

Бірқатар жоғары шығынды дәрілік заттар бойынша бағаның төмендеуі 50%-дан 300%-ға дейін жетті. Мысалы: Иматиниб дәрісі бойынша баға 9450 теңгеден  2348 теңгеге төмендеді, ал Бевацизумамб дәрісінің бағасы 360 мыңнан 77 мыңға дейін төмендеді.

Жекелеген қазақстандық фармацевтикалық өндірушілер жаңа талаптарға белсенді түрде бейімделді.

Бұл саладағы бәсекелестікті арттырып қана қоймай, фармацевтикалық нарықтың ашық әрі әділ ортада жұмыс істеуге дайындығын көрсетті.

Үнемделген қаражаттар ең алдымен алғаш рет анықталған пациенттердің қосымша қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жұмсалмақ.

Жалпы алғанда, жаңа баға белгілеу моделі тұрақты және болжамды нарықты қалыптастырып, жеткізу қауіпсіздігін нығайтады және сыртқы баға ауытқуларына тәуелділікті төмендетеді.

Министрлік қол жеткізілген нәтижелерді бекіту бағытында жұмысты жалғастырады.

Цифрландыру бағытындағы жұмыстар аясында Министрлік дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізді. Бүгінде Қазақстан Орталық Азияда бұл процестің толық циклін іске қосқан жалғыз ел болып отыр.

Таңбалау шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу көлемдерін жоспарлау процесі цифрланды, бұл қажеттілікті нақты болжауға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар өнімді нарыққа жедел шығару үшін тіркеу рәсімі жеңілдетіліп, тіркеу мерзімі екі есеге қысқартылды.

Қазіргі уақытта дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу рәсімдері толықтай электрондық форматқа көшірілген.

Қазақстандық тауар өндірушілерді нысаналы түрде ілгерілету үшін оларға арнайы критерийлер айқындалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауылдық жерлерде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөнінде кең ауқымды жұмыс жүргізіліп, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылуда. 

Ұлттық жоба шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілерінің құрылысы жоспарланған. Олардың 228-і – бұрын медициналық ұйымдары жоқ ауылдардағы жаңа медициналық пункттер. Тағы 427 объект ескі, тозығы жеткен немесе қазіргі талаптарға жауап бермейтін үй-жайлардың орнына салынады. 

Бүгінгі күнде 643 МСАК объектісі салынды, жыл соңына дейін тағы 12 МСАК құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Ұлттық жоба шеңберінде ауылдық денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына бірыңғай көзқарас қолданылды. Яғни, жаңа медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық мекемелер бірыңғай стандартқа сәйкес жобаланған, ол қасбетінің архитектуралық келбетінен бастап қазіргі заманғы жабдықтарға дейін барлық нәрсені ескереді. Әрбір объектіде амбулаторлық реабилитация кабинеттері, телемедицина және дәріханалық пункттер қарастырылған. 

Ғимараттар функционалды ғана емес, сонымен қатар пациенттер мен медициналық персонал үшін ыңғайлы болуын қаладық, осылайша ауыл тұрғындары облыстық орталығына бармай-ақ аурулар мен жарақаттардан қалпына келе алады. 

Телемедицина кабинеттері еліміздің үздік мамандарынан кеңес алуға мүмкіндік береді. 

655 МСАК объектілерін салу нәтижесінде қосымша 1 миллион шамасындағы ауыл тұрғыны медициналық-санитариялық алғашқы көмекке қол жеткізеді деп күтілуде. 

Сонымен қатар Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухананы көпбейінді аудандық орталық ауруханалар деңгейіне дейін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. 

Аталған міндеттің шеңберінде келесілер көзделген: 

- жаңа бөлімшелер құру және ауыр медициналық техниканы орнату үшін күрделі жөндеулер мен реконструкциялау жүргізу; 

- медициналық жабдықтармен (КТ, МРТ, ангиограф және т.б.) жарақтандыру;

- бөлімдер ашу (инсульт және кардиологиялық орталықтар, медициналық реабилитация, травматология, хирургия, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері, триаж жүйесімен қабылдау бөлімі).

32 аудандық аурухананы жаңғырту арқылы 4 миллионнан астам ауыл тұрғынына жоғары технологиялық көмек көрсету жоспарлануда. 

Өз кезегінде, аудандық ауруханаларды жаңғырту жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. 

Соңғы жылдары бірнеше ірі ауруханалар, оның ішінде Ұлттық ғылыми онкология орталығы, Астана қаласындағы шұғыл медицинаны үйлестіру ұлттық орталығы және Алматы қаласындағы жұқпалы аурулар ғылыми орталығы салынды. 

Осы жылдың маусым айында Маңғыстау облысының Мұнайлы ауылында жаңа аудандық ауруханасы құрылысы аяқталды.

Сондай-ақ ағымдағы жылы Риддер қаласындағы көпбейінді аурухананың, Ақтау қаласындағы жедел жәрдем станциясының құрылысын аяқтау жоспарлануда.

2025 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша жалпы өлім-жүртім көрсеткіші 2,9%-ға төмендеді және 2024 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 1 мың адамға шаққанда 6,4-ке тең болды (2024 жылы 6,59). 

2025 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша нәресте өлімі көрсеткіші 19,3%-ға төмендеді және 1 мың тірі тұғандарға шаққанда 5,84-ке тең болды (2024 жылы 7,24). 

2025 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша жалпы аурушаңдық көрсеткіші 4,7%-ға төмендеді және 100 мың адамға шаққанда 44 815,8-ге тең болды (2024 жылы 47 048,0). 

2025 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша туберкулез аурушаңдығы көрсеткіші 11%-ға төмендеді және 100 мың адамға шаққанда 30,2-ге тең болды (2024 жылы 33,9). 

2025 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша жазатайым оқиғалар, жарақаттар және уланудан болатын өлім-жүртім көрсеткіші 10,5%-ға төмендеді және 100 мың адамға шаққанда 47,3-ке тең болды (2024 жылы 52,8). 

2025 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша тыныс алу органдары ауруларынан болатын өлім-жүртім көрсеткіші 2,6%-ға төмендеді және 100 мың адамға шаққанда 63,3-ке тең болды (2024 жылы 65,0). 

2025 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша туберкулезден болатын өлім-жүртім көрсеткіші 18%-ға төмендеді және 100 мың адамға шаққанда 0,8-ге тең болды (2024 жылы 1,0).

Бүгінгі күні елде 200-ден астам қазақстандық тауар өндіруші тіркелген (2024 жылы – 207, 2025 жылдың 10 айы – 209), оның ішінде 43-і дәрілік заттар, қалғандары медициналық бұйымдар өндіруде.

Ел азаматтарын амбулатория деңгейінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.

Аталған Тізбе шеңберінде келесі санаттағы пациенттер қамтамасыз етіледі:

• ТМККК шеңберіне енгізілген аурулар бойынша динамикалық бақылауда тұрған барлық санаттағы азаматтар (ересектер және балалар);

• МӘМС жүйесі шеңберінде қосымша аурулар бойынша дәрілік қамтамасыз ету алатын 18 жасқа дейінгі балалар және ересектер.

Осылайша, амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етудің қолданыстағы жүйесі медикаментоздық терапияның қолжетімділігін арттыруға, емдеудің үздіксіздігін қамтамасыз етуге, асқынулардың алдын алуға және стационарлық секторға түсетін жүктемені төмендетуге бағытталған.

Министрлік халыққа медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру, оның қолжетімділігі мен уақтылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

ЖЕА профилактикасы

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру және жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша кешенді тәсілді қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы тәуекел факторларын азайтуға, халық денсаулығын нығайтуға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған бірқатар жүйелі шаралар жүзеге асырылды.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 21 жасқа толмаған азаматтарға энергетикалық сусындарды сату тыйым салынды.

Сонымен қатар аталған талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті өзгерістер Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 17 қарашасында қол қойып, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл бақылау тетігін күшейтуге және шектеулердің тиімді сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңа Салық кодексі жобасы аясында энергетикалық сусындарға алғаш рет акциз салығы енгізілді.

2026–2030 жылдар аралығында акциз мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру көзделген. Норманың бизнеске және әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсерін бағалағаннан кейін, мұндай салық салуды денсаулыққа әсер ететін басқа да сусындарға енгізу жоспарлануда.

Бірінші медициналық көмекті жетілдіру құрылымдық деңгейде ғана емес, қызмет көрсету логикасының өзінде де жүзеге асырылуда. Бұл функцияларды қайта бөлуге, пациент маршрутын оңтайландыруға және қолжетімділікті жеңілдетуге бағытталған.

Дәрігерден мейіргерге функцияларды беру аясында ОМҚ жұмыс істей алатын жағдайлар тізбесі кеңейтілді. Бұл қолжетімділікті арттырып қана қоймай, дәрігерлерге күрделі клиникалық жағдайларға көбірек назар аударуға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде диспансерлік бақылаумен қамту 30%-дан 38%-ға дейін өсті, бұл созылмалы пациенттерге жүйелі тәсілдің артқанын көрсетеді.

Екінші – жоспарланған қабылдау форматының енгізілуі.

Бұл созылмалы аурулары бар пациенттерді белсенді бақылау және кездейсоқ келулерді азайту мақсатында уақыты алдын ала белгіленген қабылдаулар. Бұл тәсіл шұғыл жүгінулерді азайтуға, ауруханаға жатқызу деңгейін төмендетуге және халықтың алғашқы буын мамандарына деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

Үшінші – пациенттердің өзіндік жазылу функциясын енгізу.

Диспансерлік есепте тұрған азаматтар үшін жеке қабылдау кестелері қалыптастырылады (өздігінен жазылу), бұл АМСК ішіндегі ағымды реттеуге және медициналық көмектің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Енді пациенттер тіркеу бөлімі немесе учаскелік дәрігер арқылы емес, тікелей профильдік маманға жазыла алады.

Скринингтер тізбесі қайта қаралды - ми қан айналымының бұзылуын ерте анықтау бойынша жаңа скрининг енгізілді (50 жастан асқан ер адамдар үшін), сондай-ақ тиімді диагностикалық әдістер енгізілді. Мақсатты топтың жасы 70-тен 76 жасқа дейін кеңейтілді.

Онкоскринингтердің қолжетімділігі артты, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап қаржыландыру ТМККК есебінен жүргізіледі, енді ол азаматтарға сақтандырылған болуына қарамастан қолжетімді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап артериялық гипертензия, ишемиялық жүрек ауруы, глаукома, қант диабетін ерте анықтауға арналған скринингтер де ТМККК аясында жүргізілетін болады.

Кеңес беру-диагностикалық қызметтер оңтайландырылды, жоспарлы госпитализация алдындағы талдаулар мен зерттеулердің жарамдылық мерзімдері кеңейтілді (стационарлық көмектің стандартымен бекітілген).

Президенттің тапсырмасы бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аяқталуда, оның аясында 655 БМСК объектісін салу қарастырылған (2023 жылы – 85 нысан, 2024 жылы – 375 нысан, 2025 жылы – 171 нысан).

Халыққа аса қажет терапевтік бағыттар бойынша медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, өлім-жітім деңгейін төмендету және халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту мақсатында облыстық ауруханаларды жаңғырту басталды.

Жаңғырту аясында 33 бейінді бөлімше ашу жоспарланған, онда 906 төсек-орын орналастырылады, 22 құзыреттілік орталығы,
17 телемедицина орталығы және 17 симуляциялық орталық ашу көзделген.

Сонымен бірге, ПІБ және Астана қаласындағы №2 КҚА базасында 230 маманды озық менеджмент, ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу, ГФБ және медициналық технологияларды дамыту мәселелері бойынша оқыту ұйымдастырылады.

Бұл тәсілдер облыстық ауруханаларға телемедицина арқылы консультативтік және диагностикалық көмек көрсетуге, республикалық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен қашықтықтан кеңес беруді дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге, сондай-ақ өңірдегі күрделі пациенттердің маршрутын үйлестіруге мүмкіндік беред

2024 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 2161 дәрігер жұмысқа орналастырылды, оның ішінде ауылға – 370. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында төленетін жәрдемақы төлемі 364 медицина қызметкеріне көрсетілді, ал 62-сіне тұрғын үй берілді.

30.11.2025 жылғы жағдай бойынша 2 185 жас маман жұмысқа орналастырылды, оның ішінде ауылға – 453. Әлеуметтік қолдау шаралары 146 медицина маманына таратылды, көтерме жәрдемақы – 125, тұрғын үй – 21.

2023–2026 жылдарға арналған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру аясында, оның ішінде 32 көпсалалы орталық аудандық аурухананы медициналық техникамен жарақтандыру үшін республикалық бюджеттен 46,1 млрд теңге бөлінді:

- 2023 жылы 11,8 млрд теңге;

- 2025 жылы 9 млрд теңге;

- 2026 жылы 15,8 млрд теңге.

2025 жылдың қорытындысы бойынша 17 бірлік медициналық техника жалпы сомасы 9 млрд теңгеге сатып алынды:

  • 4 КТ аппараты (Ақмола, Жамбыл, Қарағанды облыстары);
  • 8 МРТ аппараты (Ақмола, ШҚО, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Абай облысы);
  • 5 ангиографиялық қондырғы (Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары).

Онкологиялық ауруларды ерте анықтау мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап онкоскринингтер ТМККК пакетіне ауыстырылды, енді олар азаматтарға сақтандырылған болуына қарамастан қолжетімді.

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қатерлі ісіктердің сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 206,3-ті құрады, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 1,3%-ға шамалы өсімді көрсетеді. Қатерлі ісіктер құрылымында бірінші орынды сүт безі обыры (13,2%), екінші орынды тоқ ішек және тік ішек обыры – колоректальды қатерлі ісіктер (10,0%), үшінші орынды өкпе обыры (9,4%) алады.

Онкологиялық ауруларды төмендету үшін кешенді шаралар қабылдануда. Оған профилактиканы күшейту (салауатты өмір салты, темекі мен алкогольден бас тарту, вакцинация), ерте диагностиканы жақсарту (скринингтік тексерулер, медициналық жабдықтарды сатып алу), сондай-ақ халықтың ақпараттануын арттыру жұмыстары кіреді.

Қазақстан Республикасындағы онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023–2027 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 5 қазандағы №874 қаулысымен бекітілген және ол бес бағыт бойынша 71 іс-шараны іске асыруды көздейді: профилактика және қауіп факторларын басқару, жоғары тиімді ерте диагностика, мамандандырылған емдеуді дамыту, паллиативтік көмек және реабилитация.

Профилактика және қауіп факторларын басқару бағыты бойынша онкологиялық скринингтік бағдарламаларды кеңейту жоспарлануда. Соның ішінде соңғы жылдары өлім-жітімнің негізгі себебі болып отырған өкпе қатерлі ісігін анықтау үшін төмен дозалы компьютерлік томография енгізілетін болады. Жас әйелдер арасында ең көп таралған жатыр мойны обырының алдын алу мақсатында 2024 жылдан бастап адам папилломавирусына қарсы вакцинация кезең-кезеңімен енгізіледі. Бұған дейін кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру кампаниясы жүргізіледі.

Жоғары тиімді ерте диагностика бағыты бойынша диагностикалық жабдықтарды (маммографтар, КТ, МРТ, УДЗ аппараттары, видеоэндоскопиялық жабдық) жаңғырту және ПМСП ұйымдары мен онкоорталықтардың мамандарын оқыту арқылы халықтың ерте диагностикаға қолжетімділігі арттырылатын болады. Сонымен қатар, қатерлі қан және қан түзетін ағза ісіктерін диагностикалау үшін Ұлттық онкология орталығы (бұдан әрі – Ұлттық орталық) базасында референс-зертхана ашу жоспарлануда.

Мамандандырылған емдеуді дамыту бағыты бойынша еліміздің барлық өңірінде заманауи сызықтық үдеткіштер орнату арқылы сәулелік терапияны кеңейту көзделген. Әрбір өңірлік орталықта молекулалық-генетикалық зертханалар ашылып, иммуногистохимиялық және морфологиялық зертханалардың мүмкіндіктері күшейтіледі. Аз инвазивті хирургияны, реконструктивті-пластикалық операцияларды 3D модельдеу және басып шығару технологияларын қолдана отырып кеңейту үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету және мамандарды оқыту жүргізіледі. Заманауи мақсатты (таргеттік) және иммуноонкологиялық препараттар желісі кеңейтіледі, гендік инженерия негізіндегі терапия, радиофармацевтикалық препараттар енгізіледі. Ұлттық орталық базасында протондық және ядролық орталықтар ашылады.

Паллиативтік көмек және реабилитация бағыты бойынша онкологиялық пациенттерге қызмет көрсететін мобильді бригадалар желісін кеңейту, морфин құрамында және инвазивті емес ауырсынуды басатын дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру, медициналық қызметкерлерді сатылы ауырсынуды басу әдістеріне және жеке реабилитациялық жоспар әзірлеуге оқыту қарастырылған.

Ғылым мен кадрлық әлеуетті дамыту бағыты бойынша онкология мамандығы бойынша резидентураға жыл сайын кемінде 50 орын, сәулелік терапияға 10–12 орын бөлінуі жоспарлануда. Сонымен қатар, физиктер, дозиметристер, химиктер сияқты беймедициналық мамандарды даярлау, әлемнің жетекші онкологиялық орталықтарында біліктілікті арттыру көзделген. Ұлттық орталық базасында доклиникалық зерттеулер орталығы және ісік геномының зертханасы құрылатын болады.

2025 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша қазақстандықтар арасында жиі кездесетін аурулар бойынша ауру рейтингінде  тыныс ауруларының 2,3% -ға, қан айналымы жүйесінің ауруларының 7,2%-ға және сүйек-бұлшық ет жүйесі мен дәнекер тіннің ауруларының 3,8%-ға төмендеуі байқалады.

Медициналық кадрларды өңірлерге тарту және бекіту үшін кешенді әлеуметтік қолдау шаралары – тұрғын үй, көтерме төлемдер, басқа да жеңілдіктер ұсынылуда.

1. 2025 жылы республика бойынша қалаларда да, ауылдық жерлерде де 1 348 дәрігер әлеуметтік қолдау алды. Оның 500-і қалаларда, 839-ы – ауылдық жерлерде, бұл ауылдық денсаулық сақтауды дамыту мен қолдауға басымдық берілгендігін растайды. 2025 жылғы түлектер – 423 дәрігер – қолдау алды: 219 – қалада, 204 – ауылда, бұл жас мамандарды өңірлерде тұрақтандыруға ықпал етеді.

2. Көтерме және жәрдемақы төлемдері аясында:

   - 290 маман республикалық бюджет шеңберінде;

   - 904 маман – жергілікті бюджет есебінен;

   - 74 дәрігер – жұмыс беруші есебінен қолдау алды.

3. Ең қажетті мамандықтар бойынша – ауылдық жерлерге мамандар тартуда – 100 МЗП (8,5 млн. теңге) көлеміндегі төлем тиімді шаралардың бірі болды; барлығы 298 дәрігер осындай қолдау алды – бұл медицинадағы критикалық бағыттардағы кадр тапшылығын жоюға бағытталған маңызды қадам.

4. Тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары:

   - 34 дәрігер республикалық бюджет аясында;

   - 233 – жергілікті бюджет есебінен;

    - 329 – басқа көздерден.

Бұл мемлекеттік және өңірлік органдардың медициналық мамандарды тұрғын-үймен қамтамасыз етуге және бекітуге кешенді және жүйелі көзқараспен келгенін көрсетеді.

5. Басқа әлеуметтік қолдау шаралары аясында 124 дәрігер – ынталандыру төлемдері және өңірлік бағдарламалар арқылы көмек алды.

Осылайша, 2025 жылы барлық өңірлердегі дәрігерлер әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етілді, бұл мемлекеттік кадрлық саясаттың жүйелі және біркелкі екендігін көрсетеді.

Ең көп қолдауға ие болған өңір – Ақмола облысы: 241 маман, оның 150-і – ауылдық жерлерде жұмыс істейтіндер; бұл өңірде кадрларға деген жоғары сұранысты және қабылданған шаралардың нәтижелігін көрсетеді.

Сонымен қатар, Атырау облысында – 171 дәрігер (соның ішінде 77 – ауылда), Батыс Қазақстан облысында – 122 дәрігер (96 – ауылдық жерлерде) қолдау алды. Бұл кадрлық мобильділігі жоғары өңірлерде қолдау бағдарламалары белсенді жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.

Ауылдық аймақтарға басымдық беру көрсеткендей, кейбір өңірлерде қолдауға ие болған дәрігерлердің көпшілігі ауылда жұмыс істейді:

- Қарағанды облысы – 56 дәрігер (59-ының),

- Шығыс Қазақстан облысы – 49 (55-ының),

- Алматы облысы – 43 (100 %),

- Абай облысы – 30 (100 %),

- Жамбыл облысы – 56 (69-ының).

Ал кей өңірлерде – қалалық стационар және емханаларда –  қолдау алған дәрігерлер басым:

- Қостанай облысы — 63 қала / 24 ауыл,

- Павлодар облысы — 52 қала / 33 ауыл.

Бұл – қалалық медициналық қызметтерді де күшейту қажеттігін көрсетеді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша дәрігерлер тапшылығы 3 986 штат бірлігін (онын ішінде ауылдық жерлерде – 932), Орта медициналық қызметкерлер – 4 231 штат бірлігін (онын ішінде ауылдық жерлерде – 835) құрады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу