06 Тамыз 2025, 18:40
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Денсаулық сақтау министрлігінің МӘМС жүйесін жетілдіру және талдау департаментінің директоры Ләззат Шоманова БАҚ өкілдеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы қабылданған Заңның негізгі ережелері мен күтілетін нәтижелері туралы айтып берді.
Медициналық көмектің Бірыңғай пакетін құру, МӘМС жүйесінің қамту аясын кеңейту, жарналарды әділ қайта бөлу және әлеуметтік қолдауды күшейту – осы және басқа да шаралар денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды реформаның негізі.
Баспасөз конференциясы барысында МӘМС жүйесін жетілдіру және талдау департаментінің директоры Ләззат Шоманова Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң 2015 жылы қабылданғанын, ал оны толыққанды енгізу 2020 жылы басталғанын баяндады. МӘМС жүйесі денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды 0,4 трлн теңгеден 1,3 трлн теңгеге дейін ұлғайтып, медициналық көмектің қолжетімділігін арттырғанын атап өтті..
Атқарылған жұмыстың нәтижелері бойынша Денсаулық сақтау министрлігі міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі және жалпы саладағы мынадай негізгі проблемалар айқындалды:
Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында «Бюджеттің мүмкіндігі мен міндеттемесін ескере отырып, мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің бірыңғай базалық пакетін жасау қажет. Ал одан асып кеткен шығынның бәрі сақтандыру жүйесі арқылы төленуге тиіс. Жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттырған жөн. Әлеуметтік жағынан осал топтағы кейбір азаматтар үшін медициналық сақтандыру жүйесіне аударылатын төлемдер жергілікті бюджеттен бөлінуге тиіс» деп тапсырды. Жоғарыда айтылғандарға байланысты МӘМС реформасы тек қажеттілік емес, стратегиялық басымдық екені анық.
Заңның негізіне ұзақмерзімді актуарлық модельді қалыптастыру кезінде қаржыландыру моделін қайта қарауды талап ететін демографиялық және экономикалық факторлар ескерілді.
Аталған тәуекелдерді жою саланың қаржыландыру жүйесін пысықтауды және қосымша көздерді шоғырландыру қажет етеді.
Кәсіби ортада, қоғаммен және Парламент депутаттарымен Заңды белсенді және конструктивті талқылау нәтижесінде Заңның соңғы редакциясында келесі нормалар көзделген:
Медициналық көмектің бірыңғай пакетін енгізу
Медициналық көмек пакеттер бойынша жасанды бөлу мәселесін шешу үшін ТМККК пакетінен МӘМС жүйесіне негізгі міндеттемелерді 2026 жылдан бастап (бірінші кезең ішінара 2025 жылдан басталады) ауыстыра отырып пакеттерді кезең-кезеңмен біріктіру ұсынылады, бұл:
Осылайша, 2027 жылдан бастап қаржыландырудың басымдықпен сақтандыру моделіне көшіру жоспарланып отыр.
МӘМС жарналары мен аударымдарын есептеу
МӘМС жарналары мен аударымдарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыстың жоғарғы шегін жұмыс берушілердің аударымдары 10-нан 40 ең төменгі жалақыға дейін және жұмыскерлер аударымдарын 20 ең төменгі жалақыға дейін арттыру.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесіне жарналарды есептеу үшін базаның жоғарғы шегін арттыру ұсынылады.
Бұл, шын мәнінде, МӘМС жүйесіне жоғары жалақысы бар қызметкерлердің жарналары мен аударымдарын төлеу бойынша жеңілдіктердің күшін жою. Бұл өзгерістер барлық жалдамалы жұмысшылар мен олардың жұмыс берушілерінің шамамен 9 %-на әсер етеді. Қазір табысы жоғары адамдар аударымдар барабар аз төлейді. Жыл сайын шамамен 200 млрд теңге жинақталады.
2027 жылдан бастап МӘМС-ке мемлекет жарналарының мөлшерлемесін біртіндеп арттыру.

«Біз 2015 жылы МӘМС туралы ҚР Заңының бірінші редакциясында белгіленген бастапқы қаржы моделіне ішінара қайта оралуды бастаймыз (мемлекет жарналарының мөлшерлемелері қазір 2% - ға қарсы 7% деңгейінде бекітілді), бұл мынадай мүмкіндіктер береді: жұмысшылар мен жұмыс берушілер үшін жарналар көтерілмейді, ұзақмерзімді перспективада медициналық көмек жүйесіне қолдау көрсету. Мемлекет жарналарын кезең-кезеңмен өсіру нәтижесінде оның мөлшері биыл 2%-дан 2037 жылға қарай 4,7%-ға дейін өседі, бұл денсаулық сақтау жүйесіне қосымша 2,8 трлн теңге қаражат түсуін қамтамасыз етеді», — деді Денсаулық сақтау министрлігінің МӘМС жүйесін жетілдіру және талдау департаментінің директоры Ләззат Шоманова.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыссыздар мен дағдарыстағы, қиын жағдайдағы адамдар үшін МӘМС жарналарын төлеуді жүзеге асыру жолымен қамтуды арттыру
Бүгінгі күні шамамен 16,7 млн (82,3 %) адам сақтандырылды, олардың 12,1 млн (72,5%) жеңілдікті санаттарға жатады, 3,3 млн адам МӘМС жүйесімен қамтылмаған, оның ішінде 2,4 млн өмір сүру деңгейі қолайлы және қанағаттанарлық азаматтар, ал 1 млн – бұл әлеуметтік әл-ауқаттың дағдарыстық (Д) және төмен (Е) деңгейлеріне жататын, табысы төмен азаматтар, яғни олардың табысы, отбасының негізгі қажеттіліктерін жабуға жетпейді. Осы санат үшін жарналарды халықаралық тәжірибеге сәйкес қажетті медициналық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, олардың медициналық көмекке жүгіну фактісі бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүктеу ұсынылады.
Сондай-ақ, ресми тіркелген жұмыссыздар үшін МӘМС жарналарын төлеуге шығыстарды жергілікті бюджеттерге жүктеу ұсынылады.
Осы шаралардың нәтижесінде 2026 жылы МӘМС жүйесімен қосымша бір млн-нан астам адам қамтылады деп күтілуде.
МӘМС жүйесі тартымды болу үшін бес жыл бойы жарналарды үзіліссіз төлейтін азаматтар үшін тіпті төлемдер уақытша болмаған жағдайда да сақтанушы мәртебесін 3 айдан 6- айға дейін созу нормасы енгізілді. Бұрын бұл мерзім небәрі үш ай болатын. Бұл әділ және маңызды шешім және жүйеге тұрақты қатысатын әрі уақытша қиындықтарға тап болған азаматтарға қолдау көрсету болып саналады.
#Денсаулық сақтау«Сондай-ақ халықтың сенімін нығайту мақсатында Денсаулық сақтау субъектілерінің қаржылық қызметінің ашықтығын арттыру үшін медициналық ұйымдар мен Қор қызметінің ашықтығын арттыру нормасы енгізілді. Медициналық қызмет көрсету (көмек) саласындағы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне рұқсат құжаттарынсыз медициналық қызмет көрсетудің анықталған бұзушылықтары бойынша қадағалау функциясын беру жөніндегі Кәсіпкерлік кодекске норма енгізілгенін ерекше атап өткен жөн. Осы Заңды қабылдау мемлекеттік кепілдіктерді кеңейтеді — барлық азаматтар, сақтандыру мәртебесінің болуына қарамастан, әлеуметтік мәні бар аурулардың тегін ерте диагностикасынан өте алады. Медициналық көмек пакеттері әркім өзінде қандай қызметтер бар екенін және оларды қалай пайдалану керектігін білуі үшін ыңғайлы және түсінікті болады», — деді МӘМС жүйесін жетілдіру және талдау департаментінің директоры.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу