15 Сәуір 2025, 18:30
ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Әбдіреева авторлық құқық саласындағы өзекті мәселелер, оның ішінде қазақстандық музыкалық шығармаларды әлеуметтік желілерде орналастыру туралы айтты.
Атап айтқанда, ол Instagram желісінде қазақстандық авторлардың музыкалық шығармаларының шектелуіне қоғамдық резонанс тудырғаның атап өтті. Бұл құқық иеленушілердің өздері де, платформаны өзін-өзі көрсету, шығармашылық және мәдени мазмұнды насихаттау үшін белсенді пайдаланатын кең аудитория тарапынан алаңдаушылық тудырды.
Бұдан бөлек, қазақстандық авторлар мен орындаушылардың музыкасының жоғалуына әкелген құқықтық себептерді түсіндірді. Авторлық құқық туралы заңына сәйкес музыкалық туындыларды авторлар мен құқық иеленушілер тарапынан тиісті келісім болған кезде ғана пайдалануға жол беріледі.
Сонымен қатар, спикер Министрліктің белсенді қолдауымен, сондай-ақ Мeta компаниясы мен «Қазақстандық авторлық қоғам» РҚБ арасындағы сындарлы өзара іс-қимылдың арқасында тараптар Instagram және Facebook платформаларында қазақстандық музыканы пайдалану мәселесін реттейтін шартқа қол қойғанын атап өтті.
«Өздеріңіз білетіндей, зияткерлік меншік құқығы бұл өнертабыстар, тауар белгілері, фильмдер, кітаптар және музыка. Сіздердің жұмыста музыка сияқты заңды түрде қорғалатын шығармашылық жұмыстың нәтижесі болады. Журналистер редакцияның келісімінсіз және қайта басылмайтын немесе басқа тілдерге аударылмайтын бірегей мазмұнды жасайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде инвестициялық ахуалды дамытудың, бизнесті жүргізу және креативті экономиканы қалыптастыру үшін жағдайды нығайтудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Бұл үдерістерде зияткерлік меншікті қорғау шешуші рөл атқарады – бұл шығармашылық өнімнің құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді және елдің инновациялық капиталының өсуін ынталандырады. Бүгін біз Instagram және Facebook-те қазақстандық музыканы қалпына келтіру тақырыбын талқылау үшін жиналдық. Бұл оқиға көпшілікті дүрліктіргені рас, өйткені ол авторлар мен орындаушылардың да, қарапайым пайдаланушылардың да мүдделеріне тікелей әсер етті», — деді Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Әбдіреева.
Біріншіден, авторлық құқық объектілерін заңды пайдалану үшін автордың рұқсаты керек. Халықаралық конвенциялар мен авторлық құқық саласындағы ұлттық заңнама музыкалық шығармаларды, мысалы, интернет желісінде немесе әлеуметтік желілерде пайдалану үшін автордан немесе құқық иесінен рұқсат алу қажет.
Әрине, заңнамада туындыларды автордың келісімінсіз және сыйақы төлемей пайдалануға рұқсат етілген еркін пайдалану жағдайлары қарастырылған, бірақ бұл жағдайлар нақты реттелген. Мысалы, сілтеме жасау кезінде, өткен материалды бекіту үшін, мұрағаттық нұсқаны сақтау үшін және тағы басқа оқу мақсатында пайдалануға болады.
Заңнаманы жетілдіру мақсатында өткен жылы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасын әзірледі.
Жобада зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау, зияткерлік меншікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, инвестициялар тарту бойынша қосымша құқықтық тәсілдерді енгізу көзделген.
Заң жобасы:
• көру қабілеті бұзылған адамдардың жарияланған жұмыстарға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
• тауар белгілерін жедел тіркеуді енгізу;
• патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызмет салаларын ажырату және тағы басқалар бойынша түзетулерді қамтиды.
Қазіргі уақытта заң жобасы Мәжіліс депутаттарының қарауында.
«Өздеріңіз білетіндей, өткен қарашада көптеген әлеуметтік желі қолданушылары отандық авторлардың музыкасы осы платформалардан жоғалып кетті. Шектеулер авторлық құқықты сақтау қажеттілігінен туындаған еді. Халықаралық және ұлттық заңнама авторлармен тікелей немесе олардың мүдделерін білдіретін ұйымдармен шарттардың болуын талап етеді. Мұндай келісімсіз музыканы цифрлық платформаларда пайдалану мүмкін емес және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Осылайша, лицензиялық келісімдердің қолданылу мерзімінің аяқталуы қазақстандық музыкалық шығармалардың қолжетімділігін уақытша шектеуге алып келді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті орган екенін назарға ала отырып, бұл жағдай бақылауға алынды. Біз осы жағдайды заңды тұрғыдан ғана емес екенін түсіндік. Бұл авторлардың мүдделерін қорғау, цифрлық ортада заңдылықты қамтамасыз ету және миллиондаған пайдаланушылар үшін мәдени қол жетімділікті сақтау сияқты маңызды мәселе болды», — деді Шолпан Әбдіреева.
Әділет министрлігі шарттық қатынастар еркіндігі және оларға араласпау қағидатын негізге ала отырып, мүдделі тараптармен келіссөздер үдерісін жүргізді.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қатысуымен шетелдік серіктестермен және қазақстандық ұжымдық ұйымдармен музыканы қайтару бойынша келіссөздер жүргізілді. Әділет министрлігі Мета платформасы мен ұжымдық құқықтарды басқару ұйымы арасындағы байланыс қызметін атқарды.
«Атап айтқанда, біз келіссөздер жүргіздік, заңнама нормаларын түсіндірдік, теңгерімді құқықтық шешімге қол жеткіздік. Метамен бірнеше онлайн кездесу өткіздік. Осы кездесулер барысында Мета диалогқа ашықтық танытып, біздің ұсыныстарымызға жедел ден қойды. Бүгін біз келісімге қол қойылғанын хабарлауға қуаныштымыз. Келісімнің қолданылу мерзімі 2 жылды құрайды», — деді спикер.
Instagram және Facebook-те қазақстандық музыканы пайдалануды реттейтін Мета және «Қазақстандық авторлық қоғам» РҚБ уағдаластыққа қол жеткізді. Өткен аптадан бастап Контент қайта орала бастады.
Мета кәсібилік және сындарлы көзқарас танытты. Компания авторлық құқықты сақтауға және қазақстандық құқық иеленушілердің мүдделерін құрметтеуге дайын екендігін растады. Сонымен қатар, ол мемлекеттік және кәсіби институттармен серіктестік орнатуға деген ұмтылысын көрсетті.
Сондай-ақ, қазақстандық авторлар мен құқық иеленушілердің мүдделерін білдіретін Қазақстандық авторлық қоғамның бұл үдерісіндегі рөлі ерекше. Қоғам диалогқа кәсіби көзқарасты қамтамасыз ете алды және келісімге қол жеткізуге үлес қосты.
Мұндай нәтиже барлық тараптардың сындарлы өзара іс-қимылының және Әділет министрлігінің үйлестіруінің арқасында мүмкін болды. Бұл мемлекеттік институттар, құқық иелері және халықаралық компаниялар заң негізінде күрделі мәселелерді бірлесіп шеше алатындығының мысалы.
Біздің ойымызша, бұл цифрлық ортада құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы маңызды қадам және жаһандық компаниялардың ұлттық институттармен сындарлы жұмыс істей алуының мысалы.
Қазақстан зияткерлік меншікті қорғауға үлкен мән береді. Ол ұлттық қауіпсіздіктің бір бөлігі және шығармашылық экономиканы дамытудың негізі ретінде қарастырылады. Авторларды қолдау, олардың құқықтарын қорғау, құқықтық сауаттылықты арттыру — бұл мемлекеттің жүйелі және дәйекті түрде жүргізетін жұмысы.
Қол жеткізілген уағдаластық қазақстандық авторлар мен орындаушылар үшін жаңа перспективалар ашады. Бұл басқа елдер үшін үлгі бола алатын прецедент. Ол Қазақстанның өз азаматтарының мүдделерін қорғауға және ірі әлемдік цифрлық платформалармен тең дәрежеде диалог жүргізуге қабілетті мемлекет ретіндегі ұстанымын нығайтады.
Осы мәселені шешуге қатысқандардың барлығына-азаматтық қоғам, медиа, кәсіби бірлестіктер өкілдеріне алғыс айтамыз. Олардың белсенділігі мәселеге қоғамдық мән беруге және оны шешуді жеделдетуге көмектесті.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу