23 Маусым 2023, 16:58
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында министр Азамат Есқараев әділет органдарының жұмысын жетілдіру туралы баяндады. Әділет министрінің айтуынша, бүгінде заң жобаларын әзірлеуге қойылатын талаптар күшейтілді, мемлекеттік органдармен бірлесіп 260 заңға ревизия жүргізілді, мемлекеттік қызметтер цифрландырылып келеді.
«Өздеріңіз білетіндей, әділет органдары мемлекет қызметінің құқықтық тұрғыда қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, мемлекеттік органдардың жұмысында заңдылық сақталуын қолдайды. Сонымен бірге азаматтар мен бизнестің құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Аталғандар, оның ішінде Үкіметтің заңнамалық бастамасы тәртібімен заң жобаларын әзірлейтін мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмысын үйлестіруі арқылы іске асырылады», — деді сөз басында Азамат Есқараев.
Министрдің сөзіне қарағанда, осы жылы заң жобалау жұмыстарының жоспарында 27 заң жобасын әзірлеу көзделген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға артық: 8 заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында, тағы 6 заң жобасы айдың соңына дейін енгізілетін болады.
«Мемлекет басшысы 2 заңға қол қойды. Олар: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Әділет министрлігі Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру, әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі бойынша 3 заң жобасын әзірледі. Депутаттық корпус статистика, байланыс, цифрландыру, орман шаруашылығы, селекциялық жетістіктер және тұқым шаруашылығы, ұлттық қордан балаларға төлемдер, онлайн жарнама, кәсіподақтар, заңсыз шығарылған активтер, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы және салық төлемдері туралы кодекстер мәселелері бойынша 18 заң жобасына (2022 ж. – 13) бастамашылық жасады», — деді министр.
Министр мәлімдегендей, жобалық ережелердің сапасы мен бірлігін қамтамасыз етуде Әділет министрлігі жүргізетін заң сараптамасына шешуші рөл берілген. Заң сараптамасына барлығы 26 (2022 ж. – 46) мемлекеттік органдар әзірлеген заң жобалары келіп түсті, олардың жартысы пысықтауға қайтарылды (12). Бұл жерде Мемлекет басшысының норма шығару процесінің сапасын арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша Әділет министрлігі жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқанын және заң жобаларды қайта пысықтауға қайтару осы жұмыстың нәтижесі болып табылатынын атап өткен жөн.
«Біз Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын трансформацияладық. Соның нәтижесінде бүгінде әзірлеушілерден талап күшейтілді, ғылыми қоғамдастық өкілдері мен сала сарапшыларын тарта отырып, заң жобаларының тұжырымдамаларын терең пысықтау жүзеге асырылуда, реформаларды тікелей комиссия алаңында талқылау үшін оларды БАҚ-қа тарату мүмкіндігімен отырыстардың жария режимі жаңартылды. Енді актілердің жобалары әлеуметтік-экономикалық әсер, ықтимал тәуекелдер, сондай-ақ теріс қоғамдық резонанстың туындау мүмкіндігі тұрғысынан талқылануда. Жыл басынан бері Комиссия заң жобалары тұжырымдамасының 4 жобасын, Үкімет қаулыларының 3 жобасын, реттеуші саясаттың 8 консультациялық құжатын, Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң жобаларына Үкіметтің 26 қорытындысын қарады», — деді Азамат Есқараев.
Ведомство басшысы атап көрсеткендей, заңнамалық актілерді шамадан тыс заңнамалық регламенттеу тұрғысынан тексеру бойынша Министрлік жүргізіп жатқан жұмысты сүйемелдеу ерекше назар аударуға тұрарлық. Бұл жұмыс Президент бастамашылық еткен мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту процесінің шеңберінде жүзеге асырылады.
Биылғы бірінші жартыжылдықта Әділет министрлігі 30 мемлекеттік органмен бірлесіп 260 заңға ревизия жүргізді. Нәтижесінде заң деңгейінде регламенттелген мемлекеттік органдардың 4437 функциясының 2218 функциясын заңға тәуелді актілер деңгейіне ауыстыру жоспарлануда. Жүргізілген барлық жұмыстар Үкімет қызметінің жеделдігіне ықпал етеді және тиісті шешімдер қабылдағаны үшін нақты мемлекеттік органның жауапкершілігін күшейтуді қамтамасыз етеді.
«Ел басшылығының ерекше бақылауында заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселесі тұр. Тиісті заң жобасын Парламент Мәжілісінің депутаттары әзірледі. Заң жобасының негізгі мақсаты – ел аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз иемденілген активтерді қайтару үшін заңнамалық параметрлерді айқындау, сондай-ақ оларды заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен жағдайларды жою», — деді А. Есқараев.
Министрдің айтуынша, заңға жеке және заңды тұлғалардың шектеулі тобы жатады деп болжанып отыр.
«Активтерді қайтару жөніндегі шаралар тізбесі заңда белгіленетін жоғарыда аталған субъектілермен үлестес тұлғаларға (мысалы, жақын туыстары, осы тұлғалардың мүлкін номиналды иеленетін тұлғалар және басқалар) қолданылатын болады. Осылайша, заң ірі сыбайлас жемқорлыққа (grand corruption) және республикалық және жергілікті деңгейлердегі әкімшілік-билік ресурстары субъектілерімен біріктірілген олигополиялық топтарға қарсы пәрменді шаралар енгізеді. Заң жобасында активтерді қайтарудың ерікті де (ерікті қайтару туралы келісім), мәжбүрлі де (сот шешімі) тәртібі көзделген: Бұл ретте қылмыстық процесс шеңберінде және соттардың немесе шет мемлекеттердің өзге де уәкілетті органдарының шешімдері негізінде заңсыз иемденілген активтерді тәркілеу мүмкіндіктері сақталады. Бұл жерде әдістердің бірін таңдау істің сипаты мен жағдайларына байланысты жүзеге асырылатындығын атап өткен жөн. 15 маусымда заң жобасы Парламент Сенатына енгізілді», — деді Азамат Есқараев.
Ведомство басшысы айтқандай, Министрлік, бұрынғыдай Мемлекет басшысы мен Үкімет актілерінің, сондай-ақ ұлттық актілерден жоғары тұратын басқа да актілердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізеді. Бүгінгі таңда 1 872 нормативтік құқықтық акт тіркелді, заң сараптамасы Президент Жарлықтарының 80 жобасына, Үкімет қаулыларының 778 жобасына, Премьер-Министр өкімдерінің 86 жобасына, ЕАЭО органдары актілерінің 466 жобасына, сондай-ақ басқа да халықаралық шарттардың 26 жобасына жүргізілді», — деді А. Есқараев.
Мемлекет мүдделерін қорғау бойынша бүгінгі таңда 22 іс бойынша талқылау жұмысы жалғасып жатқанын жеткізді.
«Бірқатар жекелеген істерде Қазақстанның пайдасына шешімдер бар. Басқа сот істері бойынша талқылаулар жалғасуда. Қорғау әдістері мен стратегиясын жария етудің қаупін алдын алу мақсатында олар бойынша қандай да бір қадамдарды білдіретін түсініктемелерді беру мүмкін емес екенін атап өтеміз. Бұл ретте қабылданып жатқан барлық шаралар тұрақты бақылауда екенін сендіргім келеді», — деді министр.
А.Есқараев өз сөзінде осы жылдың бірінші жартыжылдығында 8 226 млн мемлекеттік қызмет көрсетілгенін, оның 7 936 млн немесе 96,4% электрондық форматта болғанын атап өтті. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында 812 мың мемлекеттік қызмет, оның 784 мыңы немесе 95%-ы электрондық форматта көрсетілді.
«Биылғы бірінші жартыжылдықта 29,4 мың құжатқа апостиль қойылды, оның 3 337-сі «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтті. Жергілікті атқарушы органдар 253 334 актілік жазбаны тіркеді, оның ішінде: туу туралы – 158 262; қайтыс болу туралы – 49 725; тіркелген некелер бойынша – 38 950; бұзылған некелер бойынша – 6 397», — деді ол.
Баяндамада айтылғандай, Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 14 шілдедегі Заңымен азаматтық хал актілерін тіркеу мемлекеттік қызметтерін оңтайландыруға бағытталған «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне бірқатар өзгеріс енгізілді:
«Нотариустардың жалпы саны – 4 704, 128 лицензия берілді, әртүрлі негіздер бойынша 16 лицензия қолданысы тоқтатылды, 42 лицензия уақытша тоқтатылды, 9-ы лицензиясынан айырылды. Тәртіптік жауапкершілікке 67 нотариус тартылды, 28 нотариус әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Адвокаттардың жалпы саны – 5 963, 189 лицензия берілді, әртүрлі негіздер бойынша 13 лицензия тоқтатылды, 15 лицензия уақытша тоқтатылды, 1 адам лицензиясынан айырылды. 28 адвокат тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деді А. Есқараев.
Оның айтуынша, әділет департаменттері 2 268 адвокатымен және заң кеңесшілерімен тегін заң көмегін көрсету туралы келісімдер жасады.
2023 жылға арналған қаржыландыру жоспары бойынша тегін заң көмегін көрсетуге республикалық бюджеттен 2 млрд 719 млн 506 мың теңге бөлінді. 89 852 азаматтарға тегін заң көмегі көрсетілген», — деді А. Есқараев
Министрдің сөзіне қарағанда, 2022 жылғы 20 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Ол:
Бұл 2015 жылғы 21 желтоқсандағы Еуропалық Одақпен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес келеді (2016 жылғы 25 наурызда ратификацияланған).
Ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында Зияткерлік меншік саласын одан әрі дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Жол картасы келесі іс-шараларды қарастырады:
«Атқарушылық құжаттарды орындау елімізде сезімтал мәселелердің бірі. Республика бойынша барлығы 263 мемлекеттік және 2 178 жеке сот орындаушылары қызмет атқарады. 2023 жылдың 5 айында орындауда 18 трлн 479 млрд теңгені құраған 6,2 млн атқарушылық іс жүргізу болды, оның 30%-ы немесе 2 млн-ы аяқталды (2 трлн 472 млрд теңге). Аяқталған атқарушылық өндірістердің 965 мыңы немесе 48%-ы орындалды (200 млрд 371 млн теңге). Көрсетілген санның едәуір бөлігін алимент өндіріп өндіру жөніндегі құжаттар құрайды. Республика бойынша мұндай істер саны 288 мыңнан асады немесе 5%-ды құрайды», — деді ол.
Министрдің айтуынша, бұл жерде алимент өндіріп алу бір реттік атқарушылық іс жүргізу емес екенін атап өткен жөн. Ол, бала кәмелетке жасына толғанға дейін бірнеше жылға созылады. Орындаудағы істердің 16 345-і (5%) проблемалы. Бұл ретте 9 490 (58%) 3 айдан астам берешегі бар құжаттар (4,7 млрд теңге), 6 855 (42%) құжат бойынша берешек мүлдем өтелмейді (8 млрд теңге).
Талдау көрсеткендей, алимент төлемеудің негізгі себептері борышкерлердің ресми жұмыс орнының, кірістері және өндіріп алуға болатын мүліктердің болмауы себеп болып отыр. Бұл ретте, кейбір борышкерлер нақты материалдық мүмкіндіктерге ие бола отырып, өз мүлкін жасырып, балаларын асыраудан әдейі жалтарады.
«2023 жылдың 5 айында алимент төлемдері бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 1 094 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ішкі істер органдарына Қылмыстық кодекстің 139-бабы шеңберінде 410 ұсыным жолданды, оның 76-сы сотқа жолданды, 196 ақтайтын негіздер бойынша тоқтатылды, 21 іс бойынша ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы шешім қабылданды. 6 969 борышкерге қатысты Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қойылды», — деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, алимент өндіріп алу туралы барлық проблемалық атқарушылық іс жүргізулер бойынша, сот орындаушылар мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдайды. Кейбір жағдайларда борышкердің тұрақты табысы мен мүлкінің болмауына байланысты алимент өндіру қиынға соғады.
«Осыған байланысты, өңірлік әділет департаменттері әкімдіктермен бірлесіп борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін тұрақты негізде жұмысқа тұрғызу жәрмеңкелері өткізіледі. Мысалы, 2022 жылдың 5 айында республика бойынша 1 362 борышкер жұмысқа орналастырылды. Кейбір сот орындаушыларының кеңселерін алимент өндіруге мамандандыру тәжірибесі, сот орындаушылары басқа іс жүргізулерге алаңдамай, осындай істер бойынша өз дағдыларын жетілдіріп, өзінің тиімділігін көрсетті. Алимент төлемдерін өндіру бойынша мамандандырылған кеңселер ашу тәжірибесін әр өңірде тарату қажет деп санаймын», — деді А. Есқараев.
Министр атап өткендей, осы жылдың 5 айы аралығында Сот сараптамалары орталығының аумақтық бөлімшілеріне сот сараптамасын жүргізу үшін құқық қорғау органдары мен соттардан 79 553 материал түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,6% кем, 71 422 сараптама орындалды, 2022 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,2% кем. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Абай, Қызылорда облыстарының және Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарымен ғимараттарды жөндеу бойынша, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарымен ғимараттарды бөлу туралы, Жетісу, Ұлытау облыстарымен ғимараттарды салу үшін жер учаскелерін бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Министрлік «Digital Justice» – «Цифрлық әділет» жобалар портфелі шеңберінде цифрландырудың 12 жобасын іске асырылып. «Е-заңнама» жобасы заң шығару процесін цифрландыруға бағытталған және заңнаманың қайшылықтарын анықтауға, өзара байланысты нормаларды қадағалауға, халыққа жоспарланған бастамаларды түсіндіру процестерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Жалпы, «Е-заңнама» нормашығару процестерінің ашықтығын арттырады. Пилоттық жобаны іске қосу биылғы 3 тоқсанда, ал пайдалануға беру осы жылдың қараша-желтоқсан айларында деп күтілуде.
Министрдің айтуынша, сот сараптамасының сапасын, оның объективтілігі мен тәуелсіздігін арттыру мәселелері қылмыстық процесте тараптардың толыққанды бәсекелестігін қамтамасыз етуде негіз болып табылады. «Е-saraptama» құқық қорғау және сот органдарымен өзара іс-қимылды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сот сарапшысы қызметінің ашықтығы сарапшыны автоматтандырылған жүйемен еркін таңдау жолымен қамтамасыз етіледі. Бұл сот-сараптама қызметіне ведомстволық бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. «Цифрлық нотариат» жобасы аясында (биылғы 11 сәуірден бастап пилотқа қосылды) азаматтарға нотариусқа бармай-ақ онлайн форматта сенімхат алу мүмкіндігі іске асырылды.
Енді мүлікке билік етуге байланысты сенімхаттарды қоспағанда, сенімхаттардың барлық түрлері азаматтарға мобильді қосымшада қол жетімді.
«Жаңа тәсілдің арқасында биометриялық сәйкестендіру қолданылады, қызмет нәтижелері EgovMobile «Цифрлық құжаттар» сервисінде 24/7 режимінде қолжетімді болады. Азаматтар әртүрлі мекемелерде цифрлық сенімхаттарды ұсына алады, мысалы: екінші деңгейдегі банктер, бағалар және басқалар», — деді А. Есқараев.
Министрдің айтуынша, сот актілерінің орындалуын цифрландыру өзекті мәселе болып қала береді. Осыған байланысты, өндіріп алушыларға да, борышкерлерге де ыңғайлы болу үшін «Тараптар кабинеті» қызметін пайдаланушылар смартфондардан онлайн режимінде бақылай алады.
Бүгінгі таңда берешекті мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде және қоғамдық орындарда терминалдар, сондай-ақ Kaspi, Bereke және «Қазпошта» мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады. Сондай-ақ, елден шығуға шектеулерді Halyk Homebank, Freedom24 мобильді қосымшалары арқылы алып тастау сервисі қосылады деп күтілуде. Министрліктің сот орындаушыларының қызметіне ведомстволық бақылауды күшейту, сондай-ақ талдамалық құралдарды автоматтандыру және жүргізілетін іс-қимылдарды онлайн тіркеу арқылы іске асырылатын болады.
«Борышкерлерді алимент төлеуге ынталандыру мақсатында Министрлік борышкердің табысын ұйымдағы ұқсас мамандардың орташа жалақысымен салыстыру, жұмыс берушінің жалақының дұрыс есептеуін тексеру жүргізу, алимент төлеу сомасын азайту үшін борышкердің табысын жасыру фактілерінің жолын кесу үшін SDU платформасында аналитикалық кейсті іске асырды. Жеке сот орындаушысы мәжбүрлеп орындаған кезде борышкерлерден негізгі борыш сомасынан басқа өндіріп алу сомасының 3-тен 25%-ына дейінгі мөлшерде қызметке ақы алынады. Азаматтардан борыштық жүктемені азайту үшін Министрлік атқарушылық құжаттардың талаптарын орындау қажеттілігі туралы хабарламалар жолдай отырып, атқарушылық құжаттарды қабылдаудың 100% автоматтандырылған процесін әзірледі. Атқарушылық құжатты Атқарушылық өндіріс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (АӨЖО ААЖ) өндірісіне қабылдаған кезде пилот процесінде қызмет үшін ақы алмау ұсынылды», — деді ол.
А. Есқараевтың айтуынша, осы жобаны іске асыру үшін роботтандырылған атқарушылық іс жүргізуді регламенттеу мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Бұдан басқа, осы жылы Атқарушылық өндіріс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (АӨЖО ААЖ) мобильді қосымшасы әзірленуде, онда атқарушылық құжаттарды іздеу, сот орындаушыларының байланыс мәліметтері, Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тексеру және шығуға тыйым салуды, ауыртпалықтарды тексеру, мобильді Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы құжаттарға қол қою, Push-хабарлама, құжаттарды тексеру (сот орындаушылары қаулыларының заңдылығы) функцияларын іске асыру жоспарлануда.
«Е-заң көмегі» жобасы адвокаттардың, заң консультанттарының қызметін автоматтандыруға, олардың процеске қатысушылармен және басқа да мүдделі тараптармен онлайн режимінде, оның ішінде мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде өзара іс-қимылын арттыруға арналған. 2020 жылы (1 қазаннан бастап) Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексерулерінің бірыңғай тізілімімен (СТБТ) интеграциялау арқылы Мемлекет кепілдік берген заң көмегі (МКБЗК) бойынша «қылмыстық сот ісін жүргізудің электрондық форматы» шеңберінде адвокаттарды тағайындаудың «Онлайн» процесі бойынша сервис іске қосылды. Бұл ретте тағайындау «кездейсоқ» жүргізіледі, бұл іс үшін «ыңғайлы» адвокатты таңдау тәуекелдерін шешуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, біз қызметтерге әділ ақы төлеуді қамтамасыз ету үшін Мемлекет кепілдік берген заң көмегі (МКБЗК) шеңберінде жұмсалатын уақытты онлайн тіркеуді жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», — деді министр.
Ведомство басшысы айтқандай, бүгінгі таңда Министрліктің барлық 53 қызметі egov.kz сайтында қолжетімді. Бұл ретте оларды реинжиниринг және толық электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Биылғы қаңтардан бастап egov.kz сайтында азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу процесі, сондай-ақ міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу қызметі толық автоматтандырылды. Осындай жұмысты заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы қызметтер бойынша да жүргізу жоспарланып отыр.
Биылғы қаңтар айынан бастап Halyk Homebank мобильді қосымшасында «Заңды тұлғалар туралы мәліметтер беру» және «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер беру» сервисі іске қосылды. Ал осы жылдың ақпан айынан бастап Halyk Homebank мобильді қосымшасында некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу қызметі іске асырылды. Биылғы ақпан айында Bereke Bank «B-Business» мобильді қосымшасында «ЖШС Тіркеу» қызметі іске асырылды. Сондай-ақ жылдың мамыр айында Halyk Homebank мобильді қосымшасында ЖШС басшысының ауысуы туралы онлайн өтінім беру мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Kaspi.kz мобильді қосымшасына некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу қызметін шығару бойынша жұмыстар аяқталуда. Осылайша, бүгінгі күні Министрліктің 53 қызметінен 33 мемлекеттік қызмет мобильді қосымшаларға шығарылды (eGov mobile мобильді қосымшасында – 28, екінші деңгейлі банктер – 5 (Halyk bank, Kaspi bank, Bereke Bank). Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Бұдан бөлек, Әділет министрлігі кәсіби қызметтің барлық салалары (жеке сот орындаушылары, нотариустар, адвокаттар, сот сарапшылары және патенттік сенім білдірілген өкілдер) бойынша аттестаттау шеңберінде реинжинирингке бастамашылық жасады. Осы жылдың 29 мамырында Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-мен бірлесіп көрсетілген қызметтерді реинжиниринг және автоматтандыру жөніндегі жобаны іске қосу жүргізілді. Осылайша, комиссиялық әңгімелесу кезеңі компьютерлік жағдаяттық кейстерге ауыстыру арқылы автоматтандырылған.
Процестің ашықтығын арттыру үшін және қазіргі заманғы тестілеу залдарының болуын ескере отырып, компьютерлік тестілеуді өткізу өкілеттігі Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталығына берілді. Бұл жоба процестің ашықтығын қамтамасыз етеді, мамандыққа қолжетімділікті арттырады, адами факторды жояды, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқартады және кандидаттарға ыңғайлы уақытта аттестаттаудан өтуге мүмкіндік береді. Аттестаттау реинжинирингі Астана, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында сынақтан өткізіледі. Бүгінгі күні аттестаттауға 41 үміткер жіберілді, 6 үміткер аттестаттаудан сәтті өтті.
«Мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) құру, оның қызметі және оны тіркеу шеңберінде электрондық дауыс беру бойынша пилоттық жобаның бастамасы туралы арнайы хабардар еткім келеді. Қазіргі уақытта жалпы жиналыс хаттамаларында тұрғындардың қойған қолдарын бұрмалау мәселесі баршылық. Бұл тұрғындардың органдар мен сотқа жүгінуіне әкеледі. Тұрғындардың қолдарын жинау процестерін автоматтандыру, дауыстарды автоматты түрде санау, кворумды тексеру және электрондық хаттаманы қалыптастыру аталған мәселені шешеді», — деді әділет министрі А. Есқараев.
Оның айтуынша, осы жылдың сәуір айында пилоттық жоба бүкіл республика бойынша іске қосылды. Жобаға 100-ге жуық үй қатысып, 4 Мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) тіркеу сәтті жүргізілді, 20 үй электрондық дауыс беруді өткізуге өтінімдерге бастамашылық жасады. Тұрғындардың электрондық дауыс беруі арқылы Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) төрағасын ауыстыру процесін автоматтандыру жұмыстары аяқталып жатыр.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу