03 Желтоқсан 2025, 19:29

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаздық әлеуетін толық ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттің маңызды міндеті екенін атап көрсеткен болатын. Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына қойған міндеттері аясында, ел өңірлері қарқынды дамып келеді.
Түркістан облысының биылғы 10 айдың қорытындысымен облыс экономикасының әлеуметтік- экономикалық дамуының оң динамикасы сақталды. Өнеркәсіп өнім көлемі 1 256,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 113,4%-ды құрады (ҚР – 107,3%).
Өңдеу өнеркәсібімен 593,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 111,2% деңгейінде қалыптасып, жоспарға қол жеткізілді (жоспар – 107,9%).
Тау-кен өнімі 574,6 млрд теңге немесе өсім 115,1%-ға жетті. Жоспар (115%) толық орындалды.
Ауыл шаруашылығында 1 086,9 млрд теңге өнім өндіріліп, өсім қарқыны 101,7% деңгейінде орын алды (жоспар – 104,4%):
- Мал шаруашылығы – 353,5 млрд теңге 106,8%;
- Өсімдік шаруашылығы – 728,0 млрд теңге 99,3%.
Облыс экономикасына, 1 178,4 млрд теңге инвестиция бағытталып, өсім 124,2%-ды құрады.
Жалпы сауда көлемі 688,4 млрд теңгеге жетіп, өсім қарқыны 148,3%-ды құрады (жоспар – 122,8%).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 450,6 млрд теңге немесе өсім 128,6% деңгейінде қалыптасты (жоспар – 103,0%). Есепті кезеңде 931,1 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға тапсырылып, өсім 110,2%-ды құрады. Көлік және қоймалау қызметінің жалпы көлемі 445,2 млрд теңгеге жетіп, 124,8%-ға артты (жоспар – 109,9%). Байланыс қызметінің көлемі 9,8 млрд теңгені, өсім 111,3%-ға жетті (жоспар – 109,3 %).
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектіге Жолдауында еліміздің даму бағытын айқындай отырып, цифрландыру мен жасанды интеллектті басым бағыт ретінде атап көрсетті. Білім беру саласындағы цифрландыру мен автоматтандыру – сапалы білімге қол жеткізу мен басқарудың тиімді құралына айналуда.
Білім беру деңгейлері мен күнделікті көп қолданылатын ақпараттық жүйлер:
1. EGOV (электрондық үкімет порталы), АРМ ұлттық платформалар (автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер).
Мектепке 1 сыныпқа қабылдау, колледжге өтініш беру, педагог санатына өтінім беру сияқты мемлекеттік қызметтер онлайн форматта жүзеге асады. Сондай-ақ 45 тен астам білім саласындағы мемлекеттік қызметтердің барлығы: eGov.kz (электрондық үкімет порталы), eGov mobile (мобильді қосымша), E-license.kz, E-otinish.kz сияқты платформалар арқылы автоматтандырылып, қолжетімді болып отыр.
2. Ұлттық білім беру деректер базасы (НОБД)
Барлық білім беру ұйымдарының, оқушылардың, педагогтердің, білім беру бағдарламаларының деректері енгізілген. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жүктемені бекіту процестері автоматтандырылған. Облыс бойынша 100% білім ұйымдары осы базаға қосылған (балабақша, мектеп, колледж, қосымша білім беру ұйымдары, арнайы мектептер, балалар үйлері және т.б.).
3. «Ұстаз» ұлттық платформасы
Мұғалімдердің аттестаттаудан өтуін, үздіксіз кәсіби дамуын цифрландыруға бағытталған. Педагог өз жеке кабинетінде біліктілігін арттыру, портфолио енгізу, бағалау нәтижелерін қадағалау мүмкіндігіне ие.
4. «Bilimland.kz» IT-платформасы
Облыстағы барлық жалпы білім беретін мектептерде Bilimland.kz экожүйесі аясында «BilimKlass» электронды журнал жүйесі енгізілген, 10 жылға қол қойылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісім шарты негізінде, тегін қызмет көрсетілуде). Бұл мұғалімдер мен ата-аналарға оқушылардың үлгерімі мен қатысуын онлайн режимде қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ онлайн сабақтар, бейнематериалдар мен интерактив тапсырмалар қоры пайдаланылады. Облысымыздың білім саласында әр деңгейінде төмендегі ақпараттық жүйлермен жұмыс жүргізілуде:
Балабақшаларда «Tolem» ЖШС-нің Face ID электронды табелдеу құрылғылары, balabaksha.snation.kz eGov.kz электрондық үкімет порталынан түскен ата-аналардың өтінімдерін өз микроучаскелері бойынша кезекке қою, жолдама беру қызметін жүзеге асырады, мектептерде Bilimland.kz, Bilimclass.kz, OnlineMektep, iTest, Twig, mektep.snation.kz, es.edu.kz. қызметтері пайдаланылып келеді.
Оқушылардың ыстық тамағына бөлінетін қаражатты басқару білім беру ұйымдарын АБК-мен (ақпараттық бағдарламалық кешен) жарақтандыру арқылы жүзеге асырылуда: Tolem, Е-асхана, «Алақан» Әлеуметтік әмиян (Соц.кошелек), Бизнес әмиян.
2025 жылғы жаңа оқу жылынан бастап облыстағы барлық мектептерде мемлекеттік жеңілдікпен берілетін ыстық тамақ қызметі тек «Әлеуметтік әмиян» және «Бизнес әмиян» арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік әмиян (бұдан әрі – Әмиян) – жеке тұлғаның eGov Mobile қосымшасына кіріктірілген электронды әмияны, ол цифрлық ваучерлерді есепке алуға және сақтауға, сондай-ақ оларды басқаруға арналған. Мысалы, мектептерде ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметі бойынша әлеуметтік әмиян ата-аналарға бұл қызметті проактивті түрде алуға, балалардың мектеп асханасына баруын бақылауға және жеңілдікпен тамақтануға арналған цифрлық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді. «Бизнес әмиян» турникеттер қойылмайтын ауылдық мектептерде QR код арқылы сканерлеп есеп жүргізу.
Колледждерде college.snation.kz, es.edu.kz., кадрлық жүйелерде jumys.snation.kz, Ustaz.orleu-edu.kz, Enbek.kz, Hr.nobd.edu.kz., қаржыландыруда: Favorit.kz, Онлайн бюджеттік мониторинг ішкі аудит департаментімен бірлескен жұмыс жүргізіледі.
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында цифрлық трансформацияны тиімді жүзеге асыру үшін Қазақстандағы ең озық IT-платформа өкілдерімен кездесу өткізіліп, 5 бағыт бойынша платформалар пилоттық режимде тестіленуде. Пилоттық жобалар ағымдағы оқу жылының І жартыжылдығында бір рет қорытындыланып, тиімділігі айқындалады.
Осы себепті білім саласындағы цифрлық трансформацияны тиімді жүзеге асыру үшін IT-платформаларға қойылатын талаптар жүйелі әрі нақты болуы қажет:
1. «Цифрлық Қазақстан» стратегиясымен сәйкестік.
2. ҚР заңнамасына сәйкестік және еліміздегі локализация.
3. ҚР мемлекеттік стандарттарына сәйкестік және инклюзивті мүмкіндіктері болуы тиіс.
4. Ұлттық білім платформаларымен интеграциялануы.
5. Деректерді қорғау және киберқауіпсіздік.
6. Масштабталу және тұрақтылық.
7. Қарапайым әрі ыңғайлы интерфейс.
8. Мониторинг пен нақты уақыттағы аналитикалық есептер ұсынылуы.
9. Мұғалімдердің кәсіби дамуына арналған құралдар.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының елімізді негізгі азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету жөніндегі Үкіметтің алдына қойған міндеттері аясында, ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді.
Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешені – жалпы өңірлік өнімнің 20%-ын құрайтын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының драйвері.
Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 907 мың гектарға орналастырылып, өткен жылдан 34 мың гектарға артты.
Егіс құрылымына сәйкес:
- дәнді дақылдар көлемі 10 мың гектарға артып, 342 мың гектарға;
- майлы дақылдар 2 мың гектарға артып, 73 мың гектарға;
- мақта 38 мың гектарға артып, 145 мың гектарға орналастырылды.
- көкөніс, бақша алқаптары өткен жылғы деңгейде сақталып, 118 мың гектарды, мал азықтық дақылдар 230 мың гектарды құрады.
Дала жұмыстарына жанар-жағар май босату, кредиттік ресурстар, минералды тыңайтқыштар, тұқым бөлу шаралары мерзімінде жүргізілді. Нәтижесінде, 695 мың тонна дәнді дақыл, 54 мың тонна майлы дақыл, 1,5 миллион тонна көкөніс пен картоп, 1,7 миллион тонна бақша өнімі, 5 млн тонна мал азықтық дақыл және 428 мың тонна мақта жиналды.
Өсімдік шаруашылығының әлеуетін арттыру мақсатында озық технологияларды енгізу бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Су үнемдеу технологиялары жаңадан 59 мың гектар алқапқа енгізіліп, жалпы көлемі 114 мың гектарды құрады.
Тамшылатып суару технологиясының тиімділігі:
Су шығыны 30–50%-ға дейін аз жұмсалады.
Тыңайтқыштарды сумен беру арқылы өнімділік 20–30%-ға артады.
Мақта дақылы жаңа әдіспен 52 мың гектар алқапта егіліп, өнімділік екі есеге артты (50-60 ц/га). Дәстүрлі егісте бір гектарға 5 мың м3 су пайдаланылса, жаңа технология арқылы ағын су 2 есе аз жұмсалды.
Сонымен қатар күріш дақылы елімізде пилоттық негізде алғашқы рет тамшылатып суару технологиясымен егілді. Қарапайым әдіспен гектарына ағын су 34,0 мың м3 дейін пайдаланылса, технология есебінен ағын су 3,5 есе аз пайдаланылды (8-10 мың м3). Нәтижесінде өнімділік 1,3 есе артып 65 центнерден өнім жиналды (Лазер сорты). Cу үнемдеу технологиялары өндірісін дамыту, қол жетімділігін арттыру мақсатында қуаттылығы 73,0 мың гектар алқапты қамтитын 3 кәсіпорын іске қосылды.
Бұдан бөлек, қуаттылығы 67 мың гектарды қамтитын 3 кәсіпорын іске асырылады. Алдағы уақытта осы кәсіпорындар есебінен су үнемдеу технологиясымен облыспен қатар, көршілес өңірлердің қажеттілігі қамтамасыз етілетін болады.
Мақта өніміне экспорттық тәуелділікті жою, дайын өнім секторына кешенді өту бақытында өңірде мақта-тоқыма кластерін құру жобасы басталды. Бұл бағытта, құны 201 млрд теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылады. Нәтижесінде, мақта өнімділігі 3 есеге дейін артады, 7 мыңнан астам жұмыс орны құру көзделуде.
Бірінші кезеңде, «Turan» арнайы экономикалық аймағында «Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені» ЖШС мақтаны терең өңдеу және дайын өнімді экспорттау бойынша көпсалалы нысанның құрылысы басталды. Жоба құны 146,8 млрд теңге. Толық циклді мақта өңдеуден, тоқыма, иіру, мата өндіру, бояу, өңдеу бойынша 4 зауыт салынады. Болашақта отандық дайын тоқыма өнімдері брендтерде ішкі және сыртқа нарықтарға шығарылатын болады. Облыста жылыжай шаруашылығы қарқынды дамуда. Жылыжайлардың жалпы көлемі 75 гектарға ұлғайып, бүгінде 1 715 гектарды құрады. Түркістан облысының республикадағы үлесі 76%-ға жетті. Бүгінгі күнге, жылыжайлардан 150 мың тоннадан астам көкөніс өнімі жиналды.
Жылыжай шаруашылықтары соңғы жылдарда субтропикалық банан, лимон және табыстылығы жоғары құлпынай өнімдерін жылыжайларда өсіру технологиясын үйреніп, кеңінен қолдануға көшті. Биылғы жылы жылыжай шаруашылықтарынан 550 тонна банан, 3,2 мың тонна лимон, 13 мың тонна құлпынай өндірілді.
Агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойған міндеттерін орындау суармалы жерлерді тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Республикадағы суармалы жерлердің 4/1 бөлігі облысқа тиеселі (554 мың гектар).
Мемлекет басшысының жаңа бөгеттер салу және су қоймалары құрылыстарын жүргізу тапсырмасы сәйкес, көктемгі тасқын суларды ұстап, суару маусымына тиімді пайдалану үшін, Бәйдібек ауданында «Бәйдібек ата» су қоймасы жобасының құрылысы жүргізілуде (68 млн м3, жоба құны 15,9 млрд теңге), және Ордабасы ауданында «Боралдай», «Иқан су» су қоймаларын салу жобалары әзірленуде.
Аталған жобалар толық іске асқан жағдайда Түркістан өңіріне 120 млн метр куб ағын су қосымша жеткізіліп, кепілді ағын сумен қамтамасыз етілетін болады. Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен 5,4 млрд теңге қаржы қаралып 13 су нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар су нысандарын «Ислам даму банкі» қаржысын тарту есебінен қалпына келтіруде кешенді шаралар қабылдануда.
Жалпы 25 су қойма, 1 су реттегіш, 269 каналдарды (4265,4 шақырым) күрделі жөндеуден өткізу нәтижесінде су нысандарының тозу көрсеткіші 76%-дан 50%-ға төмендейді. Нәтижесінде, 400 мың гектар суармалы жерлерге су жеткізу қабілеттілігі артып, жыл сайын қосымша 200 млрд теңгенің өнімі өндіріледі.
Жергілікті отандық өндірісті дамыту бағытында «Тұран су» кәсіпорны жанынан «Суару жүйелеріне арналған параболалық лотоктар шығару өндірісі» іске қосылды (Қуаттылығы тәулігіне 45 дана). Жаңадан 20 тұрақты жұмыс орны құрылды. Бұл өз нәтижесінде, каналдарды жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп, су шығынын 40%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретін болады.
Мал шаруашылығының дамуы бойынша облыс республикада жетекші орында. Республикадағы ірі қара малдың 14% (1109,4 мың бас), ұсақ малдың 22% (4825,6 мың бас), жылқының 11% (486,9 мың бас), түйенің 14% (43,4 мың бас) облыстың үлесінде. Мал шаруашылығының тұрақты дамуы өңірде ет экспортының әлеуетін арттыруға қарқынды серпін берді.
Республикада экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%, қой етінің 75% облыстың еншісінде. Осы жылдың 10 айына 27,2 мың тонна ірі қара мал еті, 20,0 мың тонна қой еті экспортқа бағытталды. Ет кластерін дамыту бағытында құны 48,9 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобалар жүзеге асырылуды. Нәтижесінде жылына қосымша 35 мың тонна ет өндіріліп, ет экспортының көлемі 2 есеге ұлғаятын болады.
Отандық нарықты азық-түлік өнімдерімен толықтыруда ірі инвестициялық жобалардың маңыздылығы жоғары. Бұл бағытта, облыстың агроөнеркәсіптік кешені саласында 2025–2027 жылдарға инвестициялық жобаларды іске асырудың Жол картасы бекітілді. Жол карта аясында жалпы құны 295,5 млрд теңгеге 78 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған (2 652 жұмыс орны, оның ішінде 833 тұрақты, 1819 уақытша). Биыл құны 116,3 млрд теңгеге 31 жоба жүзеге асыру көзделіп, бүгінгі күнге құны 60,8 млрд теңгеге 27 жоба іске асырылып, 1030 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде агроөнеркәсіп кешенінде экономикалық өсім қамтамасыз етілді.
Тиісті кезеңмен салыстырғанда, 10 айда:
Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 155,6 млрд теңге инвестиция тартылып 1,1 есе ұлғайды (112,4%);
Тамақ өндірісінің негізгі капиталына 31,5 млрд теңге инвестиция тартылып 1,3 есе ұлғайды (130,6%); Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты $355,5 млн-ды құрап, 1,1 есеге артты (110,4%).
Жалпы өнім көлемі 182,5 млрд теңгеге ұлғайып 1 трлн 86,9 млрд-ты құрады, үлесі Республика алғашқы орында. Жыл қорытындысымен жалпы өнім көлемі 1 трлн 207 млрд теңгеге, нақты көлем индексі 105% жеткізіледі.
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 907 мың гектарға орналастырылды. Соңғы үш-жылда, тамшылатып суару және жаңбырлатып суару технологияларының енгізілуі есебінен егіс көлемі 43,4 мың гектарға ұлғайтуға қол жеткізіліп отыр. Дала жұмыстарына жанар-жағар май босату, кредиттік ресурстар, минералды тыңайтқыштар бөлу шаралары мерзімінде жүргізілді. Дала және жиын терім жұмыстарына 93,3 мың тонна жанаржағармай бөлінді, өткен жылдан 2 есе артты. Көктемгі дала жұмыстарына бөлінген 55,3 мың тонна жанар-жағар май толық сатып алынып, 41,7 мың тонна (3032 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші) босатылды, күзгі дала жұмыстарына 38 мың тонна жанар-жағар май толық сатып алынып, бүгінгі күнге 12,4 мың тонна (1768 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші) босатылды. Мемлекет басшысының минералды тыңайтқыштарды ғылыми негізде енгізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға бюджеттен 12,2 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде, 781 мың гектар егіс алқаптарына 227,1 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізілді, жоспар 120,0% орындалды (Жоспар 190 мың тонна).
Жалпы 3 жылда егіс алқаптарына тыңайтыштар енгізу көлемі 2 есе артып отыр. Дала жұмыстарын несиелендіру бойынша облыста «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Оңтүстік» АИО» ЖШС, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС жұмыс жүргізуде. Осы жылдың 10 айына 2 329 жобаға 26,4 млрд теңге қаржы бөлініп, өткен жылдан 1,6 есе артты. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 5,8 млрд теңге (262 жоба); «Оңтүстік АИО» ЖШС, «Ырыс» МҚҰ»ЖШС арқылы 12,7 млрд теңге (1704 жоба); «Түркістан» ӘКК» АҚ арқылы 8,0 млрд теңге (363 жоба). Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру жұмыстары жалғасуда. Ауыл шаруашылығы техникалар паркін жаңалау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Бүгінгі таңда, қолданыста 25 мың бірлік техникалар бар. Оның ішінде, 16 мың трактор, 1,8 мың комбайн және 11,6 дана қосалқы агрегаттар бар.
Бүгінгі күнге, тауар өндірушілер 1 531 дана жаңадан техникалар сатып алды. Техникалар паркін жаңалау 8,8%-ды құрады. Жыл соңына дейін 10%-ға дейін жаңалау қамтамасыз етілетін болады. Өзіңіздің қолдауыңызбен, биыл «Оңтүстік» АИО» ЖШС-гі арқылы 470,0 млн теңге қаржы бөлініп, Жетісай ауданында «Мақталы Жер» ЖШС МТС-і құрылды. Серіктестіктің жалпы 87 бірлік техникалары бар (Несие қаржы есебінен 37 бірлік сатып алынды.
2025 жылғы қаңтар-маусымдағы өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі 2 056,3 млрд теңгені құрады. Алдын ала есеп бойынша 10 айда өндірілген өңім көлемі 4 387,8 млрд теңгеге жетіп, қысқа мерзімді экономикалық өсім 114,8%-ды құрады (2 орын). Биылғы қаңтар-қазан аралығында өңдеу өнеркәсібі саласында 593,2 млрд теңгеге өнім өндіріліп, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі – 111,2% құрады. 10 ай қоырытындысымен Қазақстан Республикасы өңірлері арасында өсім бойынша 5 орын. Жалпы өнеркәсіп өнімінің 47,2% үлесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Облыс аумағында 350 аса өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары белсенді жұмыс жасайды. Өңдеу өнеркәсібі саласында 15,6 мың адам жұмыспен қамтылған.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағытын айқындап өтті. Жолдаудың басты идеясы – мемлекетімізді инновация мен цифрлық технологияға негізделген экономикаға көшіру болып табылады. Біріншіден, экономиканы әртараптандыру міндеті қойылды. Яғни, ел экономикасының негізгі басымдығы мұнай мен шикізат емес, жоғары технологиялық өндіріс пен инновациялық индустрия болуы тиіс. Бұл қадам жаңа жұмыс орындарын ашуға және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы бағытта Түркістан облысында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында 20 индустриалдық және «Turan» арнайы экономикалық аймақтары құрылған. Өндірісті дамыту мақсатында өңірімізге сырттан келетін тауарларға талдау жүргіздік. Негізгі үлес құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия өнеркәсібі және тамақ өндірісіне тиесілі. Олар бойынша импорт көлемі 98 млрд теңгені құрайды.
Бұл тауарларды облыста шығаруға барлық мүмкіндіктеріміз бар. Инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, оларға индустриалдық және арнайы экономикалық аймақтардан дайын алаңшаларды ұсындық. Нәтижесімен, бірнеше маңызды жобаларды іске асыруға қол жеткіздік.
Индустриалды аймақтарда құны 152 млрд теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба іске асырылуда. 6 361 жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда 39 млрд теңге инвестиция тартылып, 50 жоба іске қосылды. 2 609 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. «Turan» арнайы экономикалық аймағында 211,8 млрд теңгеге 28 ірі жоба жүзеге асырылуда. Президент өз Жолдауында Орталық Азия елдерімен экономикалық байланысты күшейтуді тапсырған болатын. Көршілес Өзбекстанмен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 100 гектар аумақта «Орталық Азия халықаралық кооперация орталығы» құрылды. Нысан – кеден бекетімен заманауи қоймалар және өндірістік нысандармен интеграцияланған логистикалық орталық қызметін атқарады.
Мемлекет басшысы: Орталық – еліміздің индустриялық қуатын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. 7 инвестор Орталықта жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Нәтижесінде, өңір экономикасына 185 млрд теңге инвестиция тартылып, 1 175 жұмыс орны ашылады. Бюджетке қосымша салық түседі (355 млн теңге). Бүгінгі таңда, 8 өндірістік ғимараттар мен ішкі инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Келесі жылы іске қосу жоспарлануда. Жалпы өнеркәсіп саласында биыл 107 млрд теңгеге 22 жоба іске асырылып, 2 443 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, маңызды ірі жобалары:
- Созақ ауданында табиғи уран өңдеу кешені («Катко» ЖШС, құны 35 млрд теңге, 300 жұмыс орны);
- Отырар ауданында 2 мақта өңдеу зауыты («Kazakhstan Lihua» ЖШС, құны 21 млрд теңге, 960 жұмыс орны);
- Түлкібас ауданында RC Cola брендімен түрлі түсті сусын шығаратын зауыт («Beibars Bottlers» ЖШС, құны 9 млрд теңге, 96 жұмыс орны);
- Сайрам ауданында заманауи ет комбинаты («KazEcoMeat» ЖШС, құны 8,5 млрд теңге, 150 жұмыс орны);
- Ордабасы ауданында алюминий бұйымдарын шығаратын зауыт («Central Asia Aluminium» ЖШС, құны 8 млрд теңге, 150 жұмыс орны).
Жыл соңында 103,5 млрд теңгеге қосымша 8 өнеркәсіп жобаларын іске қосамыз.
Отандық өндірісті дамыту және қайта өңдеуді қолдау мақсатында 100 гектар аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 152 ғимарат салып, 6 040 жұмыс орнын құру жоспарланған (308 млрд тг). Жобаның І-кезеңінде 40 ғимарат салынып, 32 жоба қосылды. 1 220 жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде, бюджеттің 1 теңгесіне 8,5 теңге жеке инвестиция тартылды. Парк аумағында жиһаз, жаңбырлатып суғару, сусын, мұздатқыш және құрылыс заттарын шығаратын өндірістер ашылды. Отандық өндірісті дамыту есебінен 27 млрд теңгеге импорттық тауарларды алмастыруға қол жеткізілді.
Алдағы уақытта бейнекамера, медициналық жиhаз, тұрмыстық химиялық бұйымдармен елімізді қамтамасыз етуге және экспортқа шығаруға мүмкіндік болады.
Шағын өндірістік алаңдарды дамыту үшін жергілікті кәсіпкерлерді белсенді атсалысуда. Ақпараттандыру-түсіндірме жұмыстарын «Кәсіпкерлікті қолдау орталығы» арқылы ұйымдастырылды. Нәтижесінде, Сауран ауданында жеке инвестиция есебінен 55 гектар аумақта 5 шағын өндірістік алаңдар құрылды. 30 млрд теңгеге 115 жобаны іске асырып, 1 124 жұмыс орнын құру жоспарланған. Бүгінгі таңда, «Қарашық», «Иассы», «Шорнақ», «Үшқайық» және «Жүйнек» өндірістік алаңдарында 37 ғимараттың құрылысы жүргізілуде.
Ордабасы ауданында аумағы 10,5 гектар «Темірлан» өндірістік алаңында 5 ғимарат салынуда. Инвестиция көлемі 10,4 млрд теңге. 100 жұмыс орны құрылады. Жобаның мультипликативтік тиімділігін ескере отырып, барлық аудандарда осы тәжірибені ендіру жұмыстары басталды.
Облыс бойынша жалпы 21 шағын өндірістік алаңдар құрылды. Аумағы 259,3 гектар. Негізгі бағыттар ретінде: құрылыс материалдары, жиһаз, пластик және резеңке, химия өнімдері өндірістері мен жеңіл өнеркәсіп айқындалды. Бүгінгі таңда, 192 ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Келесі жылы аяқтап, іске қосу көзделген. Нәтижесінде, өңір экономикасына қосымша 87,3 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда.
Салада атқарған жұмыстар өз нәтижесін көрсетуде. Осы жылдың 10 айында өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрап, өсім деңгейі 113,4%-ды құрады. Өсім қарқыны бойынша Түркістан облысы республикада алғашқы бестікте.
Мемлекет басшысы жасыл экономика, оның ішінде баламалы энергия көздерін дамыту – ұзақ мерзімді тұрақтылықтың кепілі болатынын атап өтті. Өңірге қажетті электр қуатының 75%-ын сыртқы көздерден тасымалдауға мәжбүр (жалпы 445 МВт, оның ішінде 338,8 МВт сыртқы көздер есебінен). Аталған мәселені шешу үшін 6 маңызды жобала қолға алынды. Атап айтқанда:
- «Самұрық Қазына» қорымен Сайрам ауданында қуаттылығы 1 000 МВт болатын бугаз стансасының құрылысы басталды. Жоба құны 800 млрд теңге. Келесі жылы құрылысын аяқтау жоспарлануда;
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы жеке инвестор есебінен Кентау қаласында қуаты 240 МВт болатын газ турбина стансасы салынады. Жалпы құны 155 млрд теңге.
Бүгінгі таңда, конкурстық рәсімдер мен келісімшарт түзу жұмыстары аяқталды. Нысан құрылысын 2 жылда аяқтау жоспарлануда;
- Түлкібас ауданында 320 МВт-тық бу-газ және Сауран ауданында 485 МВт-тық 2 күн электр стансасының жобалары әзірленуде. Іске асыру мерзімі 2025–2027 жылдар;
- Бәйдібек ауданында қуаттылығы 350 МВт болатын жел электр стансасының құжаттары рәсімделуде. Іске асыру мерзімі 2026–2028 жылдар.
Аталған жобаларды іске асыру есебінен экономикаға жалпы 1,8 трлн.теңге инвестиция тартылып, 2,4 ГВт электр қуаты өндіріледі. Нәтижесінде, жаңа өндірістерді ашуға қажетті электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
Түркістан облысы ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы өңір болып табылады. Заманауи технологияны қолдану арқылы, салада терең қайта өндеуді дамытуға күш салынған. Өңірдің географиялық-климаттық ерекшелігін ескере отырып, 3 кластерлік бағытты дамытуды қолға алынды.
Су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, мақтаның элиталық сорттарын өсіруді және шикізатты терең өңдеуді қамтитын мақтатоқыма кластері құрылды.
Кластер – өндірістік процестің барлық кезеңдерін қамтамасыз етеді: мақта өсіруден бастап жіп, мата сияқты дайын тоқыма өнімдерін өндіруге дейін. Мақта кластерінде 5 жобаны іске асыру нәтижесінде 7 030 адам жұмыспен қамтылып, 201 млрд теңге инвестиция тартылады. Мақта өнімділігі 2-3 есеге артып, көрсеткіші 60 центнерге артады. Жылына 229 мың тонна мақта өндіріледі.
Биыл пилоттық жоба ретінде Отырар ауданында 32 мың гектар алқапқа жаңа әдіспен мақта егілді. Нәтижесінде, 45 центнер мақта жиналды. 2 мақта өңдеу зауыты іске қосылды. Жіп иіру фабрикасының құрылысы аяқталуда. Жүгері кластері бағытында Шардара ауданында «Казкрахмал» зауыты салынуда. Желтоқсан айында іске қосылады. Құны 35 млрд теңге, 251 жұмыс орны ашылады.
Жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеп, 26 түрлі өнім шығарады. Жобаны іске асыру есебінен жүгері алқабын 40 мың гектардан 2030 жылы 70 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Ет кластері бағытында 7 жоба жүзеге асырылуда. Жоба құны 50 млрд теңге, қуаттылығы 35 мың тонна, 802 жұмыс орны ашылады.
Орталық Азияда теңдесі жоқ 50 мың бас ірі қара мал бордақылау және ет өнімдерін терең қайта өңдейтін ірі кешендер, заманауи мал биржасы салынуда. Бүгінгі күнге «Kaz Eco Meat», «Turkestan Agro.kz» және «Бес қара» ет өңдеу кешендері іске қосылды. Бұл қосымша 35 мың тонна ет өңдеуге мүмкіндік береді. Жалпы кластерлік бағыт, отандық терең қайта өңдеуді дамытып, шаруалардың өз өнімін кепілді түрде нарыққа сатуына мүмкіндік береді. Түлкібас ауданында «Қарқын Трейд» компаниясымен ет бағытында ірі құс фабрикасының құрылысы басталды. Жоба құны 53 млрд теңге. Жылына 48 мың тонна құс етін өндіруге мүмкіндік береді. 8 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
Сондай-ақ Түркістан облысында өнеркәсіптік жылыжайларды дамытуды қолға алынды. Жалпы еліміздегі жылыжайлардың 71%-ы облыстың еншісінде. Биыл жылыжайлар көлемі 75 гектарға ұлғайып, жалпы алаңы 1 715 гектарға жетті. Нәтижесінде, республикадағы үлесі 76%-ға өсті. Жылыжайлардың бірінші айналымынан 102 мың тонна көкөніс жиналды. Келесі жылы көлемін қосымша 62 гектарға ұлғайтып, үлесін 80%-ға жеткіземіз. Келес ауданында 500 гектарда «ЕcocultureЕurasia» ірі жылыжай кешені салынуда. Бұл, жыл бойы 240 мың тоннадан астам көкөніс өсіруге мүмкіндік береді (7 мың жұмыс орны). Биыл жобаның 1-ші кезеңі іске қосылады. Аталған 3 кластерді дамыту өз кезегінде 2026 жылы жеңіл өнеркәсіпті 220 млрд теңгеге, ауыл шаруашылығын қосымша 338 млрд теңгеге ұлғайтуға оң әсерін тигізеді.
Түркістан облысында индустриялық жобалар белсенді түрде жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта облыс аумағында жалпы 1 951,2 гектар жерді қамтитын 20 индустриалды аймақ құрылған. Осы аймақтарда жалпы құны 39,5 млрд теңгеге 50 инвестициялық жоба іске қосылып, нәтижесінде 2 609 жаңа жұмыс орны ашылды.
Сонымен қатар алдағы уақытта жалпы құны 90,8 млрд теңгеге 47 жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, бұл 3 212 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Оның ішінде 2025 жылы индустриялық аймақтарда 14 жоба іске қосу жоспарланған болатын. Бүгінгі күні олардың 4 жобасы жүзеге асырылып, қалған 10 жоба жыл соңына дейін іске қосылуы күтілуде.
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында 2025 жылға негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері (индикаторлары). 2029 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында Түркістан облысына тиесілі келесі индикаторлар бекітілген.
1. ЖАО тұрғын үйді іске қосу көлемі (жоспар/факт);
Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы бойынша 2025 жылдың жоспары 1 060 мың ш.м болып белгіленген.
2025 жылдың қазан айының қорытындысымен 931,1 мың ш.м. орындалып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,2% өсімді көрсетті.
2. Есептік кезеңде орындалған ЖАО құрылыс жұмыстарының көлемі (құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша).
Құрлыс жұмыстарының нақты көлем индексі бойынша 2025 жылға 584,2 млрд теңге болып белгіленген, 2024 жылмен салыстырғанда 109% өскен.
2025 жылдың қазан айының қорытындысымен 450,6 млрд теңгеге құрылыс жұмыстарын жүргізіліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 128,6% өсім көрсетті.
Түркістан облысының әкімдігімен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Президенттері қол қойған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын (бұдан әрі – ХӨКО) құру жөніндегі Жол картасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда, аумағы 100 гектар жер учаскесінің қоршауы аяқталып, ішкі жолдарды салу жұмыстары жүргізілуде.
Орталыққа қажетті сыртқы инженерлік коммуникацияларды тарту жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Құрылыс жұмыстарын бастау үшін 200 КВт құрайтын уақытша қосалқы электр стансасы орнатылды. Инфрақұрылымды тарту құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2026 жылдың наурыз айында жоспарлануда.
Сыртқы инфрақұрылым желілерімен қамту.
Электр энергиясы: Мақтарал қосалқы стансасынан 25 МВт техникалық шарт алынды, 5,7 шақырым электр желісінің құрылысы басталуда, ҚМЖ құны: 5,4 млрд теңге;
Газбен жабдықтау: Қуаты 5000 м3/сағ АГТС табиғи газға қосылу мүмкіндігі бар және техникалық шарт алынды, ҚМЖ құны: 120,0 млн теңге;
Ішкі инфрақұырылым желілерімен қамту.
Абаттандыру. ҚМЖ құны: 1,6 млрд теңге;
Су және кәріз жүйесінің құрылысы. ҚМЖ құны: 455 млн теңге;
Электр және байланыс жүйесінің құрылысы. ҚМЖ құны: 718,0 млн теңге;
Ішкі газ жүйесінің құрылысы. ҚМЖ құны: 74,2 млн теңге;
Орталықты инвестициялық жобалармен толтыру мақсатында, әкімдік 8 дайын өндіріс ғимараттарын салу жұмыстарын жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі таңда 2025 жылдың 10 қараша айының мәліметі бойынша құрылыс жұмыстары 8 дайын өндірістік ғимараттардың 5 ғимараттың құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, 3 ғимараттың сэндвич-панельдерді монтаждау жұмыстары қараша айының соңында толық аяқталуы жоспарлануда.
Орталыққа төмендегі инвесторлар қызығушылық танытуда.
1. «Liһe Group» Hanya International Economic and Trade (Hubei Co., Ltd.) Индустриалды парк құрылысы, жоба құны: 123 млрд теңге, 800 жұмыс орны (құрылыс жұмыстары басталған);
2. «Onelee» Food Technology ЖШС Дәнді-дақыл өнімдерін қайта өңдеу жобасы, жоба құны: 47,3 млрд теңге, 100 жұмыс орны;
3. «FOOD WASTE» Органикалық қалдықтарды қайта өңдеу зауыты, жоба құны 2,8 млрд теңге, 30 жұмыс орны;
4. «Масло жировой завод» ЖШС өсімдік майын өндіру жобасы, жоба құны 2,0 млрд теңге, 50 жұмыс орны;
5. «Tabys Silkway» ЖШС (ӨР) ПВХ өнімдерін өндіру жобасы, жоба құны 1,5 млрд теңге, 10 жұмыс орны;
6. «Мақтаарал Xingfeng Technology» ЖШС Мақта өңдеу зауыты, май зауыты және тамшылатып суару жүйелері өнімдерін өндіру, жоба құны: 5,8 млрд теңге, 150 жұмыс орны (құрылыс жұмыстары басталған);
7. «Taza Agro Onimderi» ЖШС (ҚР) Күріш өнімдерін өңдеу зауыты, жоба құны 0,5 млрд теңге, 45 жұмыс орны;
Өңір экономикасына инвестиция тарту
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында инвестиция тарту жүйесін жаңғыртуды тапсырған болатын. Жалпы облыста қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан.
Бұл сыртқы экономикалық байланысты дамытудың нәтижесі деп білемін. Әрбір инвесторлар үшін арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтарда дайын алаңшалар жоспарланған.
Мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін 2,6 трлн.теңгеге 111 инвестициялық жоба пулы қалыптасты. Өңдеу, энергетика және ауыл шаруашылығын терең қайта өңдеу негізгі басымдықтар болып айқындалды. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 24 мыңдай жұмыс орындары ашылып, бюджетке қосымша 100 млрд теңге салық түседі. Биыл 340 млрд теңгеге 58 жобаны іске асырып, 8 220 жұмыс орнын ашу жоспарланған. 10 айда 41 жоба іске қосылып, 5 322 жұмыс орны ашылды. Аталған бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 10 айда өңір экономикасына 1,2 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 124,2%-ды құрады.
Өңір экономикасына инвестиция тарту Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Инвестициялық саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы негізінде бекітілген көрсеткіштердің орындалуы арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ облыс көлемінде форумдармен іс-шараларды ұйымдастыру арқылы сырттан келген инвесторлармен бауырластық және ынтымақтастықты дамыту арқылы бірлескен жобалардың жүзеге асырылуы арқасында инвестиция тарту жұмыстары белсенді түрде жүргізіледі.
Түркістан облысына биылға негізгі капиталға салынған инвестиция индикаторы 1427,1 млрд теңге көлемінде бекітілсе, 10 айының (қаңтар – қазан айлары) қорытындысымен 1178,4 млрд теңге негізгі капиталға салынған инвестициялар құрады. Өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 124,2%-ға орындалды. Бекітілген жылдық жоспар орындалады деп күтілуде. Сонымен қатар облысқа 2025 жылға тікелей шетелдік инвестиция көлемі $475 млн көлемінде бекітілсе, II тоқсан қорытындысымен $543,5 млн-ды құрады. Жылдық жоспар артығымен орындалды. Одан бөлек, 2025 жылдың қорытындысымен құны 340,0 млрд теңге құрайтын 8270 жаңа жұмыс орнын ашумен 58 инвестициялық жоба іске асыру жоспарлануда. Бүгінгі күнге құны 180,5 млрд теңге құрайтын, 5322 жаңа жұмыс орнымен 41 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.
Облыста шағын және орта кәсіпкерлік саласында 215 мыңнан астам бизнес субъектісі жұмыс жасайды, саны бойынша Алматы және Астана қалаларынан кейін 3 орында. Кәсіпкерлердің саны жыл басынан 6 674 бірлікке артып, бүгінгі таңға 215 406 бірлікті құрап отыр. Олардың ішінде 97 субъект орта бизнес санатында жұмыс жасаса, қалғандары шағын бизнес субъектілері болып табылады. Жалпы саны – 215 406 бірлік. Заңды тұлға – 14 606; жеке кәсіпкерлер – 121 953; шаруалар – 78 847.
Сонымен қатар кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігі сенімді өсім көрсетуде. Шағын және орта бизнеспен өндірілген өнім көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 446,8 млрд теңгеге артып, 1 363,0 млрд теңгені құрады (2025 ж. II тоқсанына). Жыл соңына дейін өнім көлемін 2,8 трлн теңгеге жеткізу жоспарда.
Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша негізгі 4 бағыт арқылы жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда:
1. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында бизнес жобаларды жүзеге асыру;
2. Шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау;
3. Индустриялды аймақтарды дамыту;
4. Өндірістік парктерді дамыту;
1. 5 млн-нан 500 млн теңгеге дейінге шағын және орта жобаларға сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.
Жыл басында сүйемелдеуге алынған 343 жобаның қазіргі таңда 234-і іске қосылды. Олардың жалпы құны 39,8 млрд болатын 2 310 жұмыс орны ашылды. Қалған жобалардың жыл соңына дейін толық іске қосылуын қамтамасыз ету бойынша барлық тиісті сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.
2. Шағын және орта бизнесті қолдаудағы маңызды инструмент – қаржылай қолдау шаралары.
Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында биыл 181 жобаға жалпы 22,8 млрд теңге қаржы берілді. Түркістан облысы кәсіпкерлерді осы бағдарламаға қатыстыру көрсеткіші бойынша облыстар арасында үздік бестіктің қатарында.
Бірыңғай кешенді бағдарламадан бөлек, осы жылдың шілде айында кәсіпкерлер үшін «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды. Кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген несиелер 7 млрд теңгеге дейін, 12,6%-бен 10 жыл мерзімге дейін беріледі. Бұл Бағдарламада пайыздық мөлшерлемені субсидиялау көзделмеген, тікелей жеңілдетілген несие ретінде ұсынылады. Яғни, бюджеттен пайыздық ставканы субсидиялауға қаржыны қажет етпейді.
3. Шағын және орта бизнесті дамыту жолында – индустриялды аймақтар маңызды қолдау. Облыс көлемінде 20 индустриялды аймақ құрылған.
4. Өндірісті дамыту жолында шағын өндірістік парктер үлкен қызмет атқарады. Бүгінгі таңда, Сауран ауданында жеке кәсіпкерлер өз қаражаты есебінен ауыл округтерде 148 өндірістік ғимараттарды құруда.
Сауран ауданы әкімдігі, қажетті жер телімдерін үйлестіріп, инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп отыр. Облыс басшысымен Сауран ауданы тәжірбиесін пайдалана отырып, барлық аудан және қала аумағында кемінде 5 өндірістік ғимараттарды құру тапсырылды.
Өндірістік парктерді іске асырудың алгоритмі, эскиздік жобалары, жер телімдерін қарастыру мәселелері бойынша әкімдіктерге толық ақпарат ұсынылды. Бүгінгі таңда барлық аудан, қала әкімдіктерінде 5 өндірістік ғимараттардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Президент өз Жолдауында туризм саласын жүйелі түрде дамыту және туристік инфрақұрылымды жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы бұл бағыттың ел экономикасын әртараптандыру мен халықаралық имиджді арттырудағы маңыздылығын атап өтті. Түркістан облысында туризм саласы қарқынды дамып келеді.
Мемлекет басшысының қолдауымен Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілуі өңірдің туристік әлеуетін жаңа деңгейге көтерді. Жыл басынан бері 500 мыңнан астам турист өңірге келіп, 5,5 млрд теңге табыс түсті. Туристерге жаңа бағыттар мен өнімдер ұсыну мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Түркістан қаласында Есу арнасы каналы мен Қолөнершілер орталығының құрылысы аяқталды. Жыл соңында 99 гектар аумақты қамтитын «Ипподром» пайдалануға беріледі. Аталған нысандар халықаралық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Түркістан облысы тарихи және мәдени мұраға бай. Қазіргі таңда, Түркістан облысына келген туристтер саны 400 мың адамға жетіп, 2024 жылдың тиісті кезеңінен 8,1%-ға өскен. Бұдан бөлек, тарихи орындарға 911,2 мың адам саяхаттап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 12,4%-ға өскен. Туризм саласына инвестиция тарту және инфрақұрылымды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Инфрақұрылымды жақсарту мақсатында туристік нысандарға барар жолдарды жөндеу бойынша жалпы соммасы 11,3 млрд теңге-ні құрайтын 6 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, «Түркістан – Арыстанбаб» және «Батыс Қытай – Батыс Европа» автожолынан Сауран қалашығына бұрылыс алаңын орнату секілді жобалар қамтылған.
2025 жылдың 10 аймен туризм саласына 58,2 млрд теңге инвестиция тартылды, көрсеткіш өткен жылмен салыстарғанда 26,6%-ға өскен. Туристерге қосымша өнімдерді ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынған. Қ.А.Ясауи кесенесі маңындағы «Күлтөбе» ескі қалашығын бюджет есебінен аббаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында жеке инвестиция есебінен «Қолөнер орталығы» жобасы іске қосылды
Елімізде баламасы жоқ «Есу каналы» іске қосылды. ТМД елдерінде тек Мәскеу және Самарқанд қалаларында ғана бар. Каналдың салынуы туризмнің және оның ішіндегі спорттық туризмнің дамуына септігін тигізеді. Отырар ауданның туристік әлеуетін ескере отырып Арыстан баб кесенесінде «Otyrar» visit centre жобасын іске асыру жоспарлануда.
Қазіргі таңда, визит центр жобасын іске асыру бойынша «Pana Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ Отырар қалашығының макетін қалыптастыру үшін қайта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, туризм бағытында дамыту жобалары пысықталуда. Аталған жобаның негізінде ескі қаланы туристерге ұсыну үшін арнайы инвестициялық ұсыныстар дайындалатын болады және инвесторлар тарту жоспарымызда бар.
Бұдан бөлек, өңірде 26,1 млрд теңгеден асатын 43 инвестициялық жоба іске асырылуда. Нәтижесімен 1130 жаңа жұмыс орны ашылады (тұрақты – 620, уақытша – 510). Келетін туристерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласы әуежайының ұшу географиясын кеңейту жұмыстары да атқарылуда. Осы орайда, «Түркістан – Самарқан, Түркістан – Бұхара, Түркістан – Үргенш» бағытында әуе рейсін ашу жұмыстары жүргізіліп, «Scat Air» әуе компаниясымен рейстер іске қосылды.
2025 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 51,7 млрд теңге (РБ – 10,4 млрд теңге; ОБ – 28,6 млрд теңге; «Ауыл – Ел бесігі» – 10,6 млрд теңге, субвенция – 6,1 млрд теңге) бөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 288 нысан немесе 1245,1 шақырым жолдар мен көшелер қамтылды. Жыл қорытындысымен 201 нысан н/е 827,4 шақырым пайдалануға беріледі деп көзделуде.
Облыстық маңызы бар жолдар – 20,1 млрд теңге (РБ-9,3 млрд теңге, ОБ – 10,8 млрд теңге) бөлініп, 24 нысан н/е 219,3 шақырым жол құрылыс-жөндеу жұмыстарымен (жыл қорытындысымен 17 нысан н/е 105,6 шақырым жол, 7 көпір, 1жарықтандыру пайдалануға беріледі) қамтылды.
Аудандық маңызы бар жолдар –3,6 млрд теңге (ОБ 3,6 млрд теңге) бөлініп,24 нысан н/е 130,7 шақырым жол құрылыс, күрделі ж/е орташа жөндеу жұмыстарымен (13нысан н/е 53,7 шақырым жол пайдалануға беріледі) қамтылды;
Елді мекен көшелеріне – 28,0 млрд теңгеге 240 нысан 885,6 шақырым көшелерді жөндеуге (РБ – 1,1 млрд теңге; ОБ – 10,2 млрд теңге; «Ауыл – Ел бесігі» – 10,6 млрд теңге; субвенция – 6,1 млрд теңге) бөлінді. Оның ішінде; ОБ және АЕБ есебінен – 21,0 млрд теңгеге 131 жоба немесе 561,8 шақырым жөндеу жұмыстарымен қамтылуда (жыл қорытындысымен 119 нысан н/е 509,0 шақырым пайдалануға беріледі). Субвенция есебінен 109 жоба н/е 323,8 шақырым көшелер қамтылды. Жыл қорытындысымен 83 нысан н/е 283,1 шақырым жол пайдалануға беріледі.
2025 жылы жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 93,7%-дан 95%-ға, ал, елді мекен көшелерін 74%-дан 78%-ға жеткізу жоспарланған. Осы бағытта келесідей жұмыстар атқарылуда.
Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 17 692 шақырым құрайды. Республикалық маңызы бар жолдар – 678 шақырым (жақсы жағдайда 95%); облыстық маңызы бар жолдар – 3983 шақырым (жақсы жадайда 93,7%); аудандық маңызы бар жолдар – 1 726 шақырым (жақсы жағдада 93,7%); елді мекен көшелері – 11 305 шақырым (жақсы жағдайда 74%).
Биылғы 10 айдың қорытындысымен облыс аумағында 1032 ЖКО тіркеліп, салдарынан 1285 адам дене жарақатын алса, 243 адам қаза тапқан.
ЖКО орын алуының негізгі себептері көлік жүргізушілер жолда жүру мәдениетін (қозғалыс жылдамдығын асыру, қарама-қарсы бетке шығу, жол белгілеріне бағынбау және т.б.) сақтамау нәтижесінен орын алуда.
ЖКО алу мен жол қозғалысы ережелерін сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, жол саласындағы құзырлы органдармен бірге жыл сайын екі рет күзгі және көктемгі кешенді тексеру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Жолдарды жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары кезінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына қазіргі таңда 5200 шақырым жол таңбасы мен 17 450 дана жаяу жүргіншілер жолағын сызу, 3470 дана жаңа жол белгілері, 23 193 м2 шұңқырларды жамау, 17,1 шақырым тегістеу қабаты салынып, 60 жерге жасанды жол кедергілері орнатылды. Жыл соңына дейін жұмыстар жалғасатын болады.
Сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 30 жерге үй жануарларының макеттері қойылды.
Түркістан облысы Полиция департаментінің жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын учаскелер тұрақты зерделеніп, нәтижесінде жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын 80 учаске анықталған. Атап айтқанда, республикалық маңызы бар жолдарда – 17 учаске; облыстық маңызы бар жолдарда – 19 учаске; аудандық маңызы бар жолдар мен көшелерді – 44 учаске.
Облыс бойынша жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын учаскелер тұрақты зерделеніп, қажеттілікке байланысты және тұрғындар мен көлік жүргізушілердің сұраныстарын негізге ала отырып, тиісті орындарға биыл 100 жерге «Мерген» камераларын орнату жоспарланған болатын. Қазіргі таңда, «Мерген» камералары толығымен орнатылып, ЕРАП жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар облыстағы жол-көлік оқиғаларының себептерін зерделеу және алдын алу бойынша ведомостаралық жұмысшы топ құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі таңда, облыс аумағындағы республикалық маңызы бар тас жолдарда апаттылықтың саны едәуір азайған. Себебі, республикалық маңызы бар жолдарда орнатылған ара қашықтықты есептейтін жылдамдық өлшегіш жүйесі іске қосылып өз нәтижесін беруде.
Жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар жалғасын табады.
Облыс көлемінде орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету қызметімен айналысатын 7 коммуналдық кәсіпорын бар («Кентау Сервис» МКК, «Жылу» МКК, «Арыс жылу» МКК, «Сарыағаш Тұрмыс» МКК, «Ленгер-су» МКК, «Шолаққорған-су» МКК, «Отырар-жылу» МКК).
Оның ішінде, Кентау қаласындағы №5 жылу энерго орталық (бұдан әрі – ЖЭО) бойынша:
Жаңа газ турбиналы электр стансасын салу арқылы Кентау қаласындағы Кентау №5 ЖЭО-ны кеңейту. Бұл ұсынысты іске асыруды – «Қазақстандық Коммуналдық жүйелері» ЖШС ұсынуда.
Станса сағатына 240 МВт электр энергиясын өндіру арқылы өңірдің электр энергиясына деген дефицитті төмендетіп, тұрақты электр энергиясымен қамту көзделуде.
Станса арқылы өндірілген 160 Гкал жылу энергиясы Кентау қаласын сапалы және үздіксіз жылу энергиясымен қамтамасыз ететін болады.
Құны 166 млрд теңгені құрайтын станса құрылысы толықтай инвестордың жеке қаражаты есебінен іске асырылады. Бүгінгі таңда жобаны құқықтық рәсімдеу мақсатында дайындалған келісімшарттың жобасы әзірленіп, электронды порталға орналастырылды.
Кентау қаласына мемлекеттік міндеттеме қабылдау үшін жоба жергілікті мәслихаттың кезекті отырысының қарауына енгізілді.
Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2026–2028 жылдарға белгіленген.
Облыс аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аудан, қалаларда жасыл желектерді күтіп ұстау және тазалау іс-шаралары тұрақты түрде атқарылуда. Биыл облыс аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 7 263 тазалық іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінгі таңға толық орындалды. Жыл басынан іс-шараға 1 млн-нан астам тұрғындар қатысып, 6 998 арнайы техника жұмылдырылып, көшелерде, қоғамдық орындарда, аулалар мен саябақтарда тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 1 млн-нан астам көшет отырғызылып, 16 624 тонна қоқыс шығарылды.
Сондай-ақ насихаттау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бүгінгі таңға, бұқаралық ақпарат құралдарында 609 арнайы бейнероликтер, 175 телеканалдарда, 13 379 пабликтерде ақпараттар жарияланып, 101 дана билбордтар орнатылды. Бүгінгі күнге, «TazaQazBot» ақпараттық жүйесіне 3 423 өтінім түсіп, оның 3 420 өтінімі орындалып, 3 орындалу барысында. Сондай-ақ қоғамдық орындарда санитарлық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында тиісті іс-шаралар жүргізілуде. Бүгінгі таңға, бұл бағытта санитарлық талаптарын сақтамаған тұлғаларға 27 137 хаттама толтырылып, жалпы 554,1 млн теңгеге айыппұл салынды (Өндірілген қаржы 317,9 млн теңге). Сонымен қатар 505 бап бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан 4 745 хаттама толтырылып, 41,9 млн теңгеге айыппұл салынған. Бұндай бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде түсіндіру және профилактикалық шаралар жүргізілуде.
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның 2025 жылы инвестициялық бағдарламасына сәйкес, 6 дана – 110-35 кВ-тық қосалқы станса, 356,8 шақырым – 110–0,4 кВ электр желісін, 89 дана – 10/0,4 кВ трансформатор қондырғыларына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде, 2025-2026 жылдарға 4,6 млрд теңге қаралып, 48,7 шақырымды құрайтын жоғары кернеулі әуе электр желілерін реконструкциялау жұмыстары іске асырылуда.
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 2025-2029 жылдары жалпы 113,1 млрд теңге келесі жұмыстар жоспарланған. Атап айтқанда:
778,9 шақырым – электр желілеріне;
23 бірлік – қосалқы стансаларына;
343 бірлік – трансформаторды реконструкциялау жоспарланған.
Сонымен қатар Сайрам ауданында 220 кВ «Ақсу», Сарыағаш ауданында, «Жібек жолы», Отырар ауданында «Шәулдір» қосалқы стансалардың құрылысы жүргізіледі. Сонымен қатар энергетика саласында цифрландыруды іске асыру мақсатында, 146 қосалқы стансаға жоғарғы деңгейдегі 959 дана және төменгі деңгейдегі 92 913 дана АСКУЭ есептегіш құралдарын орнату қарастырылған.
Нәтижесінде, 2029 жылға қарай электр желілері мен стансалардың тозу деңгейі 57%-дан 52,8%-ға төмендеп, қосымша 330 МВт электр энергия пайда болады деп жоспарлануда.
Түркістан облысында 801 елді мекеннің 763 елді мекені (7 қала, 756 ауылдық елді мекен) ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыста ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 38 ауылдық елді мекен (халық саны – 31,4 мың адам) қалып отыр.
Осы мақсатта, 2025 жылға 30 елді мекеннің (Сарыағаш-9, Келес-13, Қазығұрт-1, Ордабасы-3, Отырар-2, Бәйдібек-2) құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 19,7 млрд теңге (ҰҚ-0,5 млрд теңге, РБ-1,5 млрд теңге, ОБ-4,6 млрд теңге, СГФ-13,1 млрд теңге) бөлінді.
Бүгінгі күнге, 10 айдың қорытындысымен 21 елді мекенде (Сарыағаш-8, Келес-5, Ордабасы-3, Қазығұрт-1, Отырар-2, Бәйдібек-2) құрылыс жұмыстары аяқталды.
2025 жылдың қорытындысымен, облыстағы 801 елді мекенді (7 қала, 794 ауылдық елді мекен) 100% ауыз сумен қамту жоспарлануда.
Сонымен қатар сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы – 14 903,0 шақырымды құрайды, оның ішінде 5 177,3 шақырым немесе 34,7% тозығы жеткен.
Тозығы жеткен су құбырларының тозу деңгейін төмендету мақсатында, 2025 жылы бюджет есебінен 1 866,1 млн теңге бөлініп, қорытындысымен 9 елді мекендегі тозығы жеткен 247,1 шақырым су құбыры желілерін жаңарту жоспарлануда.
Нәтижесінде, тозығы жеткен су құбырларының ұзындығы 4 930,2 шақырымды құрап, тозу деңгейі 33,1%-ға төмендету жоспарлануда.
Облыста ауыз сумен қамтылған бірнеше елді мекендерде жер асты суларының төмендеуінен, кермектілігі жоғары болуынан, су құбырларының тозуына байланысты, 192 елді мекенге (530,9 мың тұрғын) ауыз су кестемен берілуде. Соның ішінде, 121 елді мекендегі (354,8 мың тұрғын) оқшау су жүйелері аудан, қала әкімдіктерінің меншігінде болса, 71 елді мекендегі (176,1 мың тұрғын) топтық су жүйелері министрлікке қарасты «Қазсушар» РМК-ның теңгерімінде. Аталған елді мекендерді тәулік бойы 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету үшін іс-шара жоспары бекітілді. 2025 жылы 30 елді мекеннің мәселесі шешіліп, тәулік бойы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.
Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, әрбір елді мекеннің шешу жолдары қарастырылып, қажетті қаржылары есептеліп, жобаларды қаржыландыру үшін республикалық және облыстық бюджетке ұсынылды.
Агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойған міндеттерін орындау суармалы жерлерді тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Республикадағы суармалы жерлердің 4/1 бөлігі облысқа тиеселі. Мемлекет басшысының жаңа бөгеттер салу және су қоймалары құрылыстарын жүргізу тапсырмасы сәйкес, көктемгі тасқын суларды ұстап, суару маусымына тиімді пайдалану үшін, Бәйдібек ауданында «Бәйдібек ата» су қоймасы жобасының құрылысы жүргізілуде және Ордабасы ауданында «Боралдай», «Иқан су» су қоймаларын салу жобалары әзірленуде. Аталған жобалар толық іске асқан жағдайда Түркістан өңіріне 120 млн метр куб ағын су қосымша жеткізіліп, кепілді ағын сумен қамтамасыз етілетін болады. Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен 5,4 млрд теңге қаржы қаралып 13 су нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар су нысандарын «Ислам даму банкі» қаржысын тарту есебінен қалпына келтіруде кешенді шаралар қабылдануда. Жалпы 25 су қойма, 1 су реттегіш, 269 каналдарды (4265,4 шақырым күрделі жөндеуден өткізу нәтижесінде су нысандарының тозу көрсеткіші 76%-дан 50%-ға төмендейді. Нәтижесінде, 400 мың гектар суармалы жерлерге су жеткізу қабілеттілігі артып, жыл сайын қосымша 200,0 млрд теңгенің өнімі өндіріледі. Жергілікті отандық өндірісті дамыту бағытында «Тұран су» кәсіпорны жанынан «Суару жүйелеріне арналған параболалық лотоктар шығару өндірісі» іске қосылды. Нысанның қуаттылығы – тәулігіне 45 дана. Жаңадан 20 тұрақты жұмыс орны құрылды. Бұл өз нәтижесінде, каналдарды жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп, су шығынын 40%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретін болады.
Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамыту – Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, толықтай су үнемдеу технологияларына көшу, шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі өндірісті жолға қою, қайта өңдеу саласын күшейту бағыттарында жүргізілуде. Осы мақсатта іске қосылған «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС – халықаралық стандарттарға сай, заманауи, су ресурсын үнемдейтін жаңа жобалардың бірі. Жоба шеңберінде Арыс пен Отырар аудандарында 32 мың гектарға элиталық мақта дақылы егілді. Мұндағы ең басты ерекшелік – тамшылатып суару әдісінің кеңінен қолданылуы.
Мысалы, дәстүрлі тәсілде мақта алқабын суару үшін әр гектарға 12 400 текше метрге жуық су қажет болса, бұл жоба аясында әр гектарға бар болғаны 4 мың текше метр су жұмсалды. Нәтижесінде – су тұтыну мөлшері 3 есеге азайып, 42 миллион текше метр су үнемделді, ал өнімділік 2-3 есеге артты. Бұл – нақты әрі тексерілген дерек.
Сондықтан, бұл жобаның Сырдария өзенінің суының азаюына әсері болды деу – мүлде негізсіз. Керісінше, жаңа технологияның арқасында су ресурсы тиімді әрі үнемді пайдаланылып жатыр.
Биылғы вегетациялық кезеңдегі су көлемінің азаюы – табиғи факторлардың әсерінен орын алғанын атап өткен жөн. Атап айтқанда, жауын-шашын мөлшерінің аздығы, таулы өңірлердегі мұздықтардың аз еруі және трансшекаралық сулардағы тапшылық — бүкіл өңірге әсер етіп отыр. Бұл мәселе тек Түркістан облысына ғана емес, бүкіл Орталық Азия елдеріне ортақ.
Облыс әкімдігі шаруашылықтардың ағын су тапшылығына ұшырамауы үшін нақты шаралар қабылдауда. Соның ішінде:
Су үнемдеу технологиясын жыл сайын 50 мың гектарға енгізу;
Альтернативті су көздерін пайдалану;
Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту;
Шекаралас елдермен тиімді су саясатын жүргізу бағыттары бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда.
Сондықтан да, «Қытай инвесторлары Сырдарияны суалтты» деген ақпарат – жалған әрі негізсіз. Бұл жобалар тек отандық заңнама аясында, мемлекеттік бақылаумен іске асуда. Жер шетелдіктерге берілмейді, ал инвестициялар – тек ел игілігі үшін жұмыс істейді.
Басты мақсатымыз – халқымыздың тұрмыс сапасын арттыру, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру және су қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Мемлекет басшысы білім беру саласындағы жасанды интеллектіні кеңінен қолдануға назар аударып, IT технологияны дамытуды атап өтті. Осыған орай, Оңтүстік Кореямен келіссөз жүргізіліп, нәтижесінде Түркістан қаласында IT мамандарын дайындайтын «Woosong Kazakhstan» универсеті ашылды. Университет жалпы 2 мың студент қабылдауға мүмкіндігі бар. Әкімдік тарапынан 100 грант бөлінді. Бүгінгі таңда, оқу процесі басталып, 108 студент білім алуда. Бұдан бөлек, университетке Оңтүстік Кореядан 70 студент тәлім алуға келді. Алдағы уақытта, университет облыс жастарының өзге қалаларға білім алу үшін қоныс аудармай, өз өңірімізде қалуына үлкен септігін тигізетін болады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысы бойынша медициналық ұйымдар толығымен компьютерлік техникамен қамтамтылды. Мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдар бірыңғай «Дамумед» медициналық ақпараттық жүйесіне және облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы «Көмек» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасауда. «Дамумед» және «Көмек» ақпараттық жүйесі арасында және науқастарға сапалы әрі жедел медициналық қызмет көрсету мақсатында интеграциялау жұмыстары жүргізілген.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен және егов порталымен де интеграцияланған.
Дәрігерлер және орта буынды дәрігерлер медициналық ақпараттық жүйесімен жұмыс істеуге толығымен оқытылған.
Сонымен бірге, облыс тұрғындары түгелімен электронды паспорты қамтылған. Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу, дәрігерді үйге шақыру және медициналық анықтамаларды алу қызметтері электронды түрде атқарылады.
Медициналық ұйымдар ішінара қағазсыз құжат айналымына көшірілді.
Әр емханада науқастарға цифрлық көмек көрсету посттары және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орнатылып, электронды түрде қызметтер алуда.
Қашықтықтан және консультатциялық қызметтер көрсету негізінде аудан және қала орталықтарындағы медициналық ұйымдарда телемедицина жүйесімен қамтылған.
Сонымен қатар денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект жүйесін енгізу бойінша бір қатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда:
«Жасанды интеллектіні қолдану арқылы радиологиялық зерттеулерді орталықтандыру» жобасы іске асыру арқылы PACS-жүйесін енгізе отырып медициналық бейнелерді, сондай-ақ олармен байланысты деректерді сақтауға, басқаруға, беруге және көрсетуге арналған кешен;
Медициналық шақыртуларға арналған дауыстық роботтар;
Сerebra – ми инсультін автоматтандырылған диагностикалауға арналған бағдарламалық жүйесін енгізу.
Білім беру жүйесінде мектеп тапшылығын шешу мақсатында Президентіміздің бастамасымен «Келешек мектеп» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 23 мың орындық 29 мектеп құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, 25 мектеп пайдалануға берілді. Қалған 4 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Жергілікті бюджеттен 17 мектеп салынуда. Жыл қорытындысымен 6 мектеп пайдалануға беріледі, қалғаны келесі жылға өтпелі. Сонымен қатар 41 мектепте реновация жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 25 мектептің жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Президент 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртуды тапсырды. Облыста 50 колледжде 45 мыңнан астам студент 84 мамандық бойынша білім алуда. Жаңа оқу жылына жұмысшы мамандықтарға 8 888 орын грант бөлінді. Агроөнеркәсіп, энергетика және техникалық бағыттар бойынша 5 мамандыққа тапшылық анықталды. Алдағы уақытта колледждерде өңірдің экономикалық қажеттілігіне сай жұмысшы кадрларын даярлауға бағытталады.
Денсаулық сақтау саласында облыс бойынша 219 мекеме халыққа қызмет көрсетеді. Ауылдық жердегі нысандарды жаңғыртуға ерекше назар аударылуда. Өткен жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 49 жаңа нысан салынып, пайдалануға берілді. Қосымша, 73 нысанға қажеттілік бар. Нақты жоспар түзіп, 3 жылда кезеңкезеңімен шешуді жоспарлап отырмыз. Биылғы жылдың өзінде жергілікті бюджет есебінен 32 жаңа ғимараттың мәселесі шешіледі. 3 аудандық орталық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында 60 жедел жәрдем көлігі сатып алынды. Медициналық ұйымдарды материалдықтехникалық жарақтандыру деңгейі 84,5%-ға жетті.
Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын жетілдіруге бағытталған кешенді шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. 2025 жылдың 10 айында Түркістан облысында негізгі медико-демографиялық көрсеткіштер тұрақты сақталып отыр. Ең маңыздысы – ана өлімінің 63,3%-ға төмендеуі. Бұл көрсеткіш өңірдегі перинаталдық қызметтің едәуір жақсарғанын көрсетеді. Нәресте өлімі 21,6%-ға, ал бала өлімі 14,1%-ға азайған. Мұндай нәтижелер алғашқы медициналық көмектің күшеюі, перинаталдық орталықтардың материалдық-техникалық базасының жаңаруы, тәуекел топтарына бақылаудың күшеюі және ерте анықтау шараларының тиімді жүргізілуімен байланысты. Ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында өңірде «Даму және ерте араласу» орталықтары жұмыс бастап, Облыстық балалар ауруханасында офтальмологиялық орталық ашылды. Өңірде жоғары технологиялық медициналық көмек көлемі артты.
Ауылдық жерлердегі жүкті әйелдердің қолжетімді медициналық қызмет алуы үшін перинаталдық орталықтарда ашылған «Салауатты ана» пансионаттары 100-ден астам әйелге қолдау көрсетті. Сонымен қатар облыс деңгейінде жетекшілік ететін аудандарға виртуалды қарап шығу жүйесі енгізіліп, күрделі жағдайларды дер кезінде анықтау күшейтілді. Генетикалық зерттеулерді жетілдіру үшін бес бірлік эксперттік УДЗ аппараты сатып алынды. «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша бөлінген ЭКО квотасымен 207 бала дүниеге келген, олардың 18-і – егіздер.
2025 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 14,8 млрд теңге бөлініп, 300 мыңдай науқас дәрілік заттармен қамтылды. Жергілікті бюджеттен орфан ауруларына шалдыққан 264 науқасты қамтамасыз етуге 4,6 млрд теңге қаралды.
2025 жылы дайын ғимараттарды сатып алу механизмі арқылы 34 медициналық нысанның құрылысы аяқталып, жыл соңына дейін тапсырылады. 6 нысанда күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Кентау қалалық ауруханасының жөндеу жұмыстары желтоқсанда аяқталады. Қазығұрт және Шардарадағы ауылдық ауруханаларда жөндеу толығымен біткен. Түркістанда салынған көпбейінді аурухана құрылысы ерекше назарда.
Ауылды жерлердегі ауруханаларға заманауи техникалар сатып алынды. Сонымен қатар онкологиялық қызметті жақсарту үшін 11 түрлі диагностикалық жабдық жеткізілді.PACS жүйесін енгізу арқылы радиологиялық зерттеулерді орталықтандыру жобасы іске асуда. Бұл жасанды интеллект арқылы рак ауруларын ерте анықтауға мүмкіндік береді. Түркістан қалалық емханасында енгізілген «дауыстық робот» дәрігер қабылдауына шақыруды автоматтандырып, 74 мыңнан астам азаматқа хабарласты. Оның 36 мыңнан астамы тексеруден өтуге келісім берген.
2025 жылы облыстың денсаулық сақтау саласына 40,3 млрд теңге қарастырылды.
2025 жылдың 10 ай қортындысымен медико-демографиялық көсеткіштер қазіргі жағдайда тұрақты. Жоспарға сәйкес, орындалып келе жатыр.
- Жалпы өлім-жітім деңгейі – бір деңгейде сақталды.
- Ана өлімі 63,3%-ға төмендеп, көрсеткіш 5,3 құрады.
- Нәресте өлімі 21,6%-ға, бала өлімі 14,1%-ға төмендеді.
Бұл алғашқы медициналық көмекті күшейту, перинаталдық қызметті, материалдық техникалық базаны жетілдіру және тәуекел топтарына бақылауды күшейту жұмыстарының нәтижесі.
Денсаулық сақтау жүйесін дамыту мақсатында 2025 жылы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту негізінде сәулелік диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етілуде, олар:
- Магнитті-резонанстық томограф
- Жасанды қан айналым аппараты
- Компьютерлік томограф
- Экспертті санаттағы УДЗ (УЗИ)
- Бейнеэндоскопиялық жиынтық
- Маммографиялық жүйе
Сонымен қатар онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды орындау мақсатында, 11 дана диагностикалық құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Түркістан облысына қарасты медициналық ұйымдарда 2025 жылы Республикалық бюджет қаражаты есебінен науқастарды амбулаториялық дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС-не алдын ала өтінімге 18,7 млрд теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуға өтінім беріліп, бүгінгі күнге дейін 13,9 млрд теңгеге игерілді. Стационарлық деңгейде тұмауға қарсы вирустың алдын алу үшін және дәрілік заттар тапшылығын жою мақсатында олардың төмендемейтін қоры қалыптастырылып, екі айлық резервтік қоры жасақталған.
Бүгінгі күнге медициналық ұйымдарда жеке қорғаныш құралдарының қоры жасақталып, (СИЗ) жеке қорғаныс құралдарының қоры жасақталып, бір реттік қолданылатын қорғаныш киімі – 55 078 дана, бір реттік қолданылатын бетперделер – 2 686 142 дана, төрт қабатты хирургиялық бетперделер мен респираторлар – 62 292 дана, бір реттік қолданылатын медициналық қолғаптар – 1 252 862 дана және антисептикалық ерітінділер – 57 627 литр көлемінде қоры бар.
Түркістан облысында дене шынықтыру мен спорт саласын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі «Жол Картасы» облыс әкімімен әзірленіп, бекітілді. Жол Картада спорт саласының негізгі 3 бағыты қамтылған. Атап айтқанда, бұқаралық спортты дамыту, спорттық инфрақұрылымды дамыту, спорт резервін қалыптастыру және жоғары жетістіктер спортын дамыту бағыты. Биылғы жылдың 10 айында дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын барлық жастағы тұрғындар үлесі 911 мыңнан асып халықтың 42,4%-ын құрады (2025 ж. жоспар 42,5%). Соның ішінде 3-18 жас аралығындағы дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің үлесі 264 мыңға жетіп 32,9%-ды құрады (2025 ж. жоспар 33%).
Спортпен шұғылданушыларды арттыру бағытында 2025 жылға мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында 3 млрд 400 мың теңге бөлініп, 167 өнім берушіде 24 480 бала шұғылдануда. Облыста 101 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі тұлғалар бар, оның ішінде спортпен және дене шынықтырумен айналысуға қарсы көрсетілімі жоқ 44 мың адам, соның 6 мың 800 немесе 15,5%-ы тұрақты түрде спортпен айналысады (2025 ж. жоспар 15%). Сонымен қатар Түркістан қаласында орналасқан ірі спорт нысандарында барлық жастағы тұрғындар үшін апта сайын тегін қызмет көрсету сағаты енгізіліп, ай сайын 1000-ға жуық қала тұрғындары спортпен шұғылдануда. Ел арасында бұқаралық спортты насихаттау мақсатында жыл басынан бері облыс аумағында 3 200-ден астам спорттық іс-шара өткізіліп, оған 273 мыңнан астам адам тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30,5%-ға өскен. Бүгінгі таңда бұқаралық спорттың танымалдығын арттыру мақсатында Түркістан қаласында республикалық деңгейдегі кешенді жарыстар ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Еңбек Кубогы» республикалық спартакиадасы өтіп, 2000-нан астам студент қатысты. «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы» және «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай жүгіруден «Бірлік жарысы» өтіп, 6 мыңнан астам адам қамтылды.
Жоғары оқу орындары арасындағы ХІІІ жазғы Универсиада ойындары өткізіліп, 79 оқу орнынан 4 мыңнан астам студент қатысты. Футболдан әуесқой командалар арасында тұңғыш рет Түркістан облысының чемпионаты ұйымдастырылып 186 командадан 3,3 мыңға жуық ойыншы тартылды. Бұқаралық спортты насихаттауға демеушілер де тартылуда.
Облыс аумағында демеушілер есебінен жүлде қоры 124,2 млн теңгені құрайтын (халықаралық, республикалық және облыстық, жаппай көкпар 241 іс-шара тізбесі бекітіліп, бұған 35 мыңға жуық спортшыны тарту жоспарланды. 10 айдың қорытындысымен 186 спорттық іс-шара өткізіліп, 27 мыңға жуық спортшы тартылды. Атап айтқанда, «Халық» қайырылымдық қоры» демеушілігімен «Ауыл спорт» ойындары, облыстық мәслихат демеушілігімен кіші футболдан депутаттар арасындағы облыс чемпионаты, «Түркістан Марафон-2025» іс-шаралары ұйымдастырылып, өткізілді. Түркістан марафонына 3 мыңнан аса адам қатысты. Оның ішінде: 19 елден келген 368 шетел азаматы. Одан бөлек, 2025 жылғы қыркүйек айында Алматы облысында өткен «Ақ бидай» республикалық VІІІ ауыл спорты ойындарында Түркістан облысы жеңімпаз атанды.
2025 жылғы қыркүйек айында Болгария елінің Албена қаласында қол күрестен өткен әлем чемпионатында 19 алтын медальды жеңіп алдық. Армрестлинг құрамасына 10 миллион теңге ал, бірнеше рет әлем чемпионы атанған 3 спортшыға автокөлік кілті тапсырылды. Бұндай ынталандыру сыйлықтары, өңірімізде спорттың дамуына тың серпін беріп, жас спортшыларымыздың қызығушылығын арттыруда.
Тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету бойынша, электр энергетикасын өндіру және тиімді пайдалану саласында қандай жұмыстар атқарылды? Тұрғындарды 2025–2026 жылдардағы жылу беру маусымында жылумен қамтамасыз ету бойынша жылу желілерін реконструкциялауға облыстық бюджеттен 3 нысанға 2,3 млрд теңге қарастырылып, бөлінген қаражат толық игерілді. Аталған қаражат есебінен 42 шақырым жылу желілері толықтай қайта құрылды. Жылу желілерінің реконструкциялау жұмыстары:
Магистралды жылу желілерін реконструкциялау бойынша 1 шақырымы;
Ішкі орам жылу желілерін реконструкциялаудың І кезегі 6 шақырымы;
Ішкі орам жылу желілерін реконструкциялаудың ІІ кезегі 35 шақырымы 2026 жылға жалғасады.
Бұдан бөлек, стансаның жабдықтарында, турбоагрегаттарда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның нәтижесінде электр энергиясын өндіру көлемі 5 МВт-тан 10 МВт-қа дейін артты. 2024–2025 жылдары Кентау жылу энерго орталығында 6 қазандықта толық реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 8 қазандыққа басқарудың автоматтандырылған жүйесі орнатылып, жалпы жылу беру процестері автоматтандырылды.
Түркістан облысында өндірілетін электр энергия көлемін ұлғайту мақсатында, 2025-2028 жылдары Сайрам ауданында 1 000 МВт бу-газ стансасы, Түлкібас ауданында 320 МВт, Кентау қаласында 240 МВт (МЖӘ арқылы) газ турбина стансаларын салу көзделген. Оған қоса, 2026-2028 жылдары Сауран ауданында қуаты 485 МВт (2 жоба) күн, Бәйдібек ауданында қуаты 350 МВт жел электр стансаларын салу жоспарлануда. 2025 жылы Төлеби ауданында 110 кВ «Алатау» (іске қосылды), Жетісай ауданында 110 кВ «Жетісай» қосалқы стансаларының (РБ, ОБ есебінен) іске қосылады.
Сонымен қатар Ордабасы ауданында 220 кВ «Бадам» қосалқы стансасының құрылысы 2025 жылдан бастап іске асырылуда. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 2025 жылы инвестициялық бағдарламасына сәйкес, 6 дана – 110-35 кВ-тық қосалқы станса, 356,8 шақырым – 110–0,4 кВ электр желісін, 89 дана – 10/0,4 кВ трансформатор қондырғыларына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде, 2025-2026 жылдарға 4,6 млрд теңге қаралып, 48,7 шақырым құрайтын жоғары кернеулі әуе электр желілерін реконструкциялау жұмыстары іске асырылуда. «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 2025-2029 жылдары жалпы 113,1 млрд теңге келесі жұмыстар жоспарланған. Атап айтқанда:
- 778,9 шақырым – электр желілеріне;
- 23 бірлік – қосалқы стансаларына;
- 343 бірлік – трансформаторға реконструкциялау жоспарланған.
Сонымен қатар Сайрам ауданында 220 кВ «Ақсу», Сарыағаш ауданында, «Жібек жолы», Отырар ауданында «Шәулдір» қосалқы стансалардың құрылысы жүргізіледі. Сонымен қатар энергетика саласында цифрландыруды іске асыру мақсатында, 146 қосалқы стансаға жоғарғы деңгейдегі 959 дана және төменгі деңгейдегі 92 913 дана АСКУЭ есептегіш құралдарын орнату қарастырылған. Нәтижесінде, 2029 жылға қарай электр желілері мен стансалардың тозу деңгейі 57%-дан 52,8%-ға төмендеп, қосымша 330 МВт электр энергия пайда болады деп жоспарлануда.
Түркістан облысында азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу, оны тұрақтандыру үшін апта сайын жәрмеңке ұйымдастырылуда. Кестеге сәйкес, жәрмеңке әр жұма күні қала аумағындағы секторларда өтуде. Жәрмеңке сөрелерінен өңір аумағындағы шаруалардың өнімдері, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және жергілікті кәсіпкерлер ұсынған ет-сүт өнімдері қаймақ, жұмыртқа 30-50% арзандатылған бағада саудалануда. Қолжетімді бағадағы тауарларды сатып алуға келген қала тұрғындарына апта сайын 30 тоннаға жуық ауыл шарушылығы өнімдері сатылуда. Мәселен, картоп – 140 тг, пияз – 85 тг, сәбіз – 140 тг, нан – 80 тг, жұмыртқаның данасы – 45 тг, қырыққабат 100 теңгеден саудалануда. Сондай-ақ сиыр етінің бағасы – 2600 теңге, тауық еті – 1100 теңге. Сонымен қатар тұрақтандыру қоры арқылы сиыр етін өндіруші шаруашылықтарға айналым схемасы бойынша жеңілдетілген займдар берілген.
Бүгінде 6 шаруашылық әр сейсенбі сайын орталық «Қуаныш» базарында сиыр етін 2600 теңгеден 8 сауда нүктесінде ұсынуда. Мемлекеттік қолдау алушы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және шаруашылық өкілдері үшжақты меморандум негізінде нарыққа арзандатылған ет-сүт өнімдерін шығарып отыр. Бұдан бөлек, әлеуметтік дүкендерде 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар тауар ұсынылған. Сондай-ақ сауда орындарындағы «Әлеуметтік бұрыштарда» тұрақтандыру қорының өнімдері нарықтан 30–50% төмен бағамен сатылуда. Түркістан облысында 40 әлеуметтік дүкен болса, оның 30-ы облыс орталығы Түркістан қаласында орналасқан.
Жалпы, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жұмыстары екі механизм бойынша іске асырылуда. Біріншісі – айналым схемасы арқылы кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз (займ) беру. Екіншісі – форвардтық келісімшарт негізінде тауар өндірушілерден тікелей сатып алып, тұрақтандыру қорының қоймаларында сақтау және белгіленген бағада саудаға шығару.
Түркістан облысында халық саны 2 150,2 мың адам, экономикалық белсенді халқы 858,8 мың адамды, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны 818,7 мың адам. Жұмыссыздар саны 40,0 мың адамды құрайды. 2025 жылы облыс әкімімен бекітілген «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында 130 769 жұмыс орындарын (83 554 тұрақты, 47 215 уақытша жұмыс орындары) ашу жоспарланса, оның ішінде «Еңбек бағыты» бойынша 104 100 жұмыс орындары құрайды (59 014 тұрақты, 45 086 уақтыша жұмыс орын).
Республика бойынша көпбалалы отбасылардың төрттен бірі Түркістан облысында тұрады.
Сондықтан, әлеуметтік көмекке жүгінушілер саны өзге өңірлермен салыстырғанда жоғары. Дегенмен, жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде соңғы үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есеге қысқарды. Кедейлік деңгейі 4,4%-ға төмендеді. Биылғы 10 айда 130 мың жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрады. Бұл көрсеткіш – өңір экономикасының тұрақты даму қарқынын дәлелдейді. 2025 жылдың 1 қарашасындағы жағдаймен 121 796 жұмыс орыны ашылып, 76 379 тұрақты, 45 417 уақытша жұмыс орындарын құрайды. Оның ішінде, бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген Ұлттық жобалар мен Тұжырымдамалар аясында 375 инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында 4 074 жұмыс орындарын ашу көзделіп, бүгінгі таңға 334 жоба аясында 3 782 адам жұмысқа жолданды. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орындарын құру» тапсырмасына сәйкес 32 429 жұмыс орындары ашылды (жоспар 22 595 орын). «Еңбек» бағыты аясында нақты 83 548 адам жұмыспен қамту шараларына жолданды. Оның ішінде:
- 39 675 адам тұрақты жұмыс орындарына жолданып, жылдық жоспардың 69,3%-ы орындалды (жоспар 57 221 адам);
- 31 501 адам субсидияланатын жұмыс орындарына қатысып (2024 жылдан өтпелі 12 621 адам), жоспар 97,0%-ы орындалды (жоспар 32 465 адам).
Сонымен қатар жұмыссыздарға кәсіптік білім беру мақсатында Еnbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдыларды қолдану бойынша 5 343 адам онлайн оқытудан өтіп (жоспар 4 100 адам), 5 207-і немесе 97,5%-ы сертификат алды.
Өз кәсібін бастау мақсатында жұмыссыздар қатарындағы 5 241 адам «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды (жоспар 5 210 адам).
Жаңа-бизнес идеяларын дамыту үшін 400 айлық есептік көрсеткіште 1 788 адамға 2,8 млрд теңгеге грант берілді (жоспар 1 793 адам).
Жалпы, жұмыспен қамту шараларына қаралған 30 469,4 млн теңге қаржының 23 690,5 млн теңгесі игерілді (77,7%).
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2025 жылдың III тоқсанының қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 4,6 (жоспар 4,9%), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,8%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,4%-ды құрады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы № 868 қаулысына сәйкес, биыл облыстың негізгі капиталға салынған инвестиция индикаторы 1 427,1 млрд теңге көлемінде бекітілсе, 2025 жылдың 10 айының (қаңтар – тамыз айлары) қорытындысымен 1 трлн 178,0 млрд теңге негізгі капиталға салынған инвестициялар құрады. Өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 124,2%-ға орындалды.
Сонымен қатар облысқа тікелей шетелдік инвестиция индикаторы бойынша 2025 жылға $475 млн көлемінде бекітілсе, II тоқсан қорытындысымен $543,5 млн-ды құрады.
Облыста 2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 2,6 трлн теңгеге 25 316 жұмыс орнын құру арқылы 120 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылған.
Салалар бойынша:
1. Өнеркәсіп – 73 жоба,
2. Агроөнеркәсіп – 21 жоба,
3. Энергетика – 7 жоба,
4. Туризм – 5 жоба,
5. Басқа – 14 жоба.
Оның ішінде, 2025 жылы жалпы құны 338,2 млрд теңгеге 8 220 жұмыс орнын құрумен 58 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Қазіргі уақытта жалпы құны 180,5 млрд теңгеге 5 322 жұмыс орнын құрумен 41 инвестициялық жоба іске қосылды.
Оның ішінде ірілерін атап айтсақ.
1. «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» бірлескен кәсіпорны» ЖШС (Арыс қаласы) 32 мың гектар алқапта мақта өсіру (инвестиция құны 48,3 млрд теңге);
2. «Қазақстандық-Француздық «Катко» БК» ЖШС (Созақ ауданы) Табиғи уранды өңдеу кешенінің құрылысы (инвестиция құны 33,5 млрд теңге);
3. «CENTRAL ASIA ALUMINIUM» ЖШС (Ордабасы ауданы) Алюминий бұйымдарын өндіру зауытының құрылысы (инвестиция құны 8,0 млрд теңге);
Жыл соңына дейін қалған 17 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Оның ішінде ірі жобалар:
1. «Буденовское» ӨК» ЖШС (Созақ ауданы) Табиғи уранды өңдеу кешенінің құрылысы (инвестиция құны 69,7 млрд теңге);
2. «Ecoculture-Eurasia» ЖШС (Келес ауданы) 51 гектар жылыжай кешенінің құрылысы (І-кезең) (инвестиция құны 42,0 млрд теңге);
3. «Казкрахмал» ЖШС (Шардара ауданы) Жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысы (І-кезең) (инвестиция құны 14,0 млрд теңге);
Осымен қоса, облыста жалпы құны 2,1 трлн теңгеге ТОП-20 ірі инвестициялық жобалардың тізбесі жасақталған.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу