Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы іске қосылды  

Президенті жанындағы Орталықкоммуникациялар қызметінде «Ғылым мен жоғары білім беруді цифрландыру, AI-Sana инновациялық бағдарламасы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Брифингте ҚРҒылым және жоғары білім министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов жоғары білім беруді цифрландыру жұмыстарынакеңінен тоқталып өтті.

Цифрлы технологиялар әкімшілік процестерді жеңілдетіп қана қоймай, ғылымды, білім беруді және мемлекеттік қызметтерді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын алға тартты.

«Министрлік жоғары білім беруді, ғылым саласын, тіл саясатын цифрландыру, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық бағыттары бойынша жұмыс жүргізуде. 2024 жылы біз жоғары білім саласын ашықтық пен қолжетімділіктің сапалы жаңа деңгейіне көшіру үшін үлкен қадам жасадық. Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы іске қосылды», — деді Нұрсұлтан Махатов.

Ол тек процестерді автоматтандыру құралы ғана емес – бұл 2,6 млн пайдаланушыны, мыңдаған білім беру бағдарламаны және мемлекеттік жүйелермен ондаған интеграцияны біріктіретін ауқымды цифрлық экожүйе. 

«Платформа Министрлік қызметіне қатысты ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ұсыну үшін құрылған», — деді Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры.

Жүйенің негізгі міндеттеріне келесідей қызметтер жатады:

  • Белгіленген кезеңде және заңда көрсетілген мерзімде білім беру мониторингі мақсаттары үшін есептерді қалыптастыру;

  • Білім беру бағдарламаларының тізімін жүргізу;

  • Жоғары білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру;

  • Платформада сақталатын деректер негізінде шәкіртақы төлеу;

  • Барлық жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйелерімен және мемлекеттік жүйелерімен интеграциялау.

«Бүгінгі таңда Платформада 700 мыңға жуық студент, 44 мыңнан астам оқытушылар құрамы және 2,6 млн-нан астам түлек туралы мәлімет бар. 2024 жылы Платформада 154 мыңнан астам диплом құжаттардың нөмірлері генерациялаудан өтті. Қазіргі уақытта Платформа арқылы 202 мыңнан астам студент шәкіртақы алады. Ағымдағы жылдың қаңтар айында шамамен 13,4 млрд теңге төленді», — деді Н.Махатов.

Платформада;

  • 5 мемлекеттік қызмет электронды форматта көрсетіледі;

  • 104 жоғары оқу орнының паспорты бар;

  • 8394 білім беру бағдарламаларының деректері бар.

«Еліміздің барлық жоғары оқу орындарының LMS (оқытуды басқару жүйелері) және SDU, eGov, Халыққа қызмет көрсету, Астана Хаб, Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры, Еңбек.кз, career Enbek сияқты 20-дан астам мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция жүргізілді», — деп атап өтті Нұрсұлтан Махатов.

Сонымен қатар, 2024 жылы Платформада бірқатар жаңа модуль іске қосылды;

  • «Білім туралы құжаттардың нөмірлерін генерациялау» модулі

  • «Статистика» модулі;

  • «Мәліметтер» модулінде білім алушылар, түлектер және жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы туралы ақпарат;

  • «Мемлекеттік қызметтер» модулі шеңберінде 5 мемлекеттік қызмет көрсету автоматтандырылған, оның 2-і проактивті форматта көрсетіледі;

  • «Шәкіртақыларды қаржыландыру» модулі жоғары оқу орындарының білім алушыларына цифрлы деректер негізінде шәкіртақылар төлеуге арналған. Платформа арқылы төлемдерге көше отырып, шәкіртақы төлемдерінің ашықтығы мен уақытылы төленуін қамтамасыз етіледі;

  • «Тәуекелдерді басқару жүйесі» модулі Smart Data Ukimet ақпараттық-талдау жүйесімен интеграциялау арқылы іске асырылған. Тәуекел дәрежесін бағалаудың бекітілген критерийлері мемлекеттік бақылауды жүргізу үшін адами фактордың қатысуынсыз бақылау субъектілерінің тізімдерін автоматтандырылған түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді;

  • «ЖОО паспорты» модулі құрылымы, студенттер саны, оқу бағдарламалары және инфрақұрылым туралы ақпаратты қоса алғанда, ЖОО туралы негізгі деректерді жинауды және жаңартуды автоматтандырады. Талдау және шешім қабылдау үшін деректердің өзектілігі мен қол жетімділігін қамтамасыз етеді;

«Сондай-ақ, Платформада «eGov-mobile» қосымшасымен біріктірілген «Цифрлы құжаттар» сервисі бар, бұл пайдаланушыларға өз дипломдары мен студенттік билеттеріне цифрлы форматта қол жеткізуге мүмкіндік береді. Платформада 2,6 млн диплом туралы ақпарат қамтылған», — деді Нұрсұлтан Махатов.

«Egov-mobile» қосымшасымен интеграцияның арқасында пайдаланушылар өз дипломдарын цифрлы форматта сақтайды және пайдалана алады, бұл қағаз көшірмелерін ұсыну қажеттілігін болдырмайды, сондай-ақ жұмыс берушілердің құжаттардың түпнұсқалығын тексеру процесін жеңілдетеді.

«Шәкіртақыны қаржыландыру» модуліне келетін болсақ, Платформа студенттердің деректерін жинауды және талдауды автоматтандырады, шәкіртақыға өтініштер мен құжаттарды беруді жеңілдетеді. Бұл процесті жылдамдатады және қателіктер қаупін азайтады», — деп атап өтті Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры. 

ЖОО-дар ұсынған білім алушылар контингенті бойынша деректер Ұлттық тестілеу орталығы, Жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қоры, Балаларды қорғау комитеті, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сияқты интеграцияланған жүйелермен салыстырудан өтетін болады. Платформа студенттердің деректерін нақты уақыт режимінде сақтауға және жаңартуға мүмкіндік береді. Бұл студенттердің оқу үлгерімі және басқа параметрлері туралы ақпараттың әрқашан өзекті болуын қамтамасыз етеді.

Платформада бірқатар модуль әзірленді,

  • 22 интеграция іске асырылды;

  • 2,6 млн диплом цифрлы құжаттарға шығарылды;

  • 5 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды;

Биылғы жылы жаңа модульдерді әзірлеу және жоғары білім беру үдерістерін цифрландыру бөлігінде Платформаны дамыту жоспарлануда. Сондай-ақ, мемлекеттік білім беру тапсырысының процестерін цифрландыру, ЖОО түлектерінің еңбек мониторингі, студенттер үшін өндірістік практикадан өту және «ЖОО-ның үздік оқытушысы» конкурсы қарастырылған.

«Сонымен қатар биылғы жылы «Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі» модулін аяқтау жоспарлануда. Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі біздің платформа мәліметтер негізінде цифрлы форматта әзірленіп жатқанын атап өткім келеді», — деді Нұрсұлтан Махатов.

Ұлттық рейтингтің индикаторлары:

  • бедел;

  • академиялық және зерттеу шеберлігі;

  • басқару тиімділігі;

  • мансаптық перспективалар;

  • интернационалдандыру;

  • қаржылық тұрақтылық және тұрақты даму;

Аталған рейтинг қазақстандық университеттерді бағалаудың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың қызметін талдау мен мониторингілеу үшін ыңғайлы құрал жасауға бағытталған. Цифрлы технологияларды пайдалану барлық мүдделі тараптар үшін өзекті және сенімді ақпарат бере отырып, деректерді автоматты түрде жинауға, өңдеуге және талдауға мүмкіндік береді.

«Көрсеткіштердің 80%-ы жоғары оқу орындарының рейтингі бойынша ең беделді баспаның QS World рейтингінің индикаторларымен бірдей, бұл біздің жоғары оқу орындарымызды халықаралық рейтингтерде де ілгерілетуге мүмкіндік береді.Осы рейтингті қанатқақты режимде ағымдағы жылы қосылады», — деді Нұрсұлтан Махатов. 

Цифрлы трансформациялау стратегиясын іске асыру шеңберінде озық цифрлы технологияларды пайдалана отырып, ғылыми процестерді жаңғыртуға бағытталған маңызды бастамалар жүргізілуде.

«Осылайша, Министрлік ғылымның цифрлы экожүйесін талдамалық деректерді жинауды жүзеге асыруға және елдегі ғылымды басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін ұлттық ғылыми-талдамалық жүйені құру бойынша жұмыс жүргізуде», — деп баяндады Нұрсұлтан Махатов. 

Цифрлы ғылыми портал — бүгінгі таңда ғылымның цифрлы экожүйесінің архитектурасы және деректерді жинауды, сақтауды автоматтандыру, тиісті сұраныстар бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық ақпаратты тиімді іздеуді және беруді қамтамасыз ету құралы.

«Ғылымды дамытудың басым бағыттарын бекітуден бастап ғылыми жобаларды іске асыруға қаржы бөлуге дейін қаржыландырудың конкурстық рәсімдерінің негізгі процестерін жүзеге асыратын «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің функционалы кеңейтілді және жаңғыртылды. Ғылыми жарияланымдарды бағалау және талдау үшін Қазақстандық ғылыми дәйексөз индексі жұмыс істейді. Бұл жүйелер — экожүйенің өзегі және ғылыми қоғамдастық қызметінің негізгі көзі», — деп атап өтті Нұрсұлтан Махатов.

Осылайша, бірыңғай ақпараттық кеңістік ашықтықты және көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтердің мерзімдерін азайтуды қамтамасыз етеді.

«Бүгінгі таңда экожүйенің айтарлықтай бөлігі жасалды, атап айтқанда негізгі аналитикалық модульдерді құрылды. Ғылыми порталда ғылыми деректерді орталықтандырылған сақтауды, өңдеуді және оған қол жеткізуді қамтамасыз ететін E-labs модулі іске асырылды, бұл ғалымдарға, зерттеу топтары мен ұйымдарға бірлесіп жұмыс істеуге, идеялар мен зерттеу нәтижелерімен бөлісуге және жобаларды үйлестіруге кеңістік жасайды», — деді Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры. 

Қазақстанда ғылыми ақпараттың орталықтандырылған басқарылуы мен ашықтығын арттырудың маңызды құралдары – Ғалымның бейіні мен Ғылыми-зерттеу институттарының цифрлы паспорттары болады. Ғалымның цифрлы профилі зерттеушілерге өздерінің ғылыми жетістіктері, жарияланымдары, жобалары және олардың қызметінің басқа да маңызды аспектілері туралы ақпаратты тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

«Институттардың паспорттары елдің барлық ғылыми-зерттеу институттары, олардың қызметі, құрылымы мен жетістіктері туралы ақпаратты қамтитын орталық деректер базасы болады. Бұл модуль Институт туралы толық және өзекті деректерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге көмектеседі, ғылыми басқару мен зерттеуді жақсартуға ықпал етеді», — деді департамент директоры.

Іс-шаралар күнтізбесі алдағы оқиғалар, ғылым саласындағы ғылыми конференцияларды, семинарларды, дәрістерді және басқа да академиялық оқиғаларды көруге арналған бұл бөлімде;

  • оқиғаның қысқаша сипаттамасы;

  • күні;

  • уақыты;

  • өткізу орны;

  • тіркеуге арналған сілтемелері көрсетіледі.

«Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу және ғылым саласында сыйлықтар мен шәкіртақылар беру бойынша мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру үшін модульдер іске қосылды», — деп атап өтті Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры.

«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» жүйесінде ғылыми жобалармен және объектілермен жұмыс істеудің толық циклін қамтитын мониторинг актілерін қалыптастыру процесін цифрландыру үшін бағдарламалық модуль енгізілді.

«Бұл модуль ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың мониторингін басқарудың барлық процесін, бұйрықтар жасаудан және объектілерді тіркеуден бастап, қаржыландыру бойынша шешімдер қабылдау үшін актіні Ұлттық ғылыми кеңеске берудің соңғы кезеңіне дейін автоматтандырады», — деді Н.Махатов.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін цифрлы шешімдерді енгізу ғылыми қызметтің тиімділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам. Цифрлы ғылыми порталды іске асыру шеңберінде ғылым саласындағы 2 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды:

  • ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттациясы;

  • ғылым саласындағы шәкіртақылар алуға жұмыстарды қабылдау;

«Жұмыстарды электронды түрде қабылдаумен қатар, шәкіртақыларды беру процесі цифрландырылды, бұл көрсетілетін қызметті берушіге, яғни Ұлттық ғылым академиясына үлкен көмек көрсетті», — деді Н.Махатов.

Бүгінгі күні аккредиттация электронды түрде жеке тұлғалар бойынша;

  • 28 өтінім келіп түсті;

  • оның 10-ы куәлік берілді;

  • заңды тұлғалар бойынша 9 өтінім қаралуда;

  • ғылымдағы шәкіртақылар бойынша 1232 өтінім;

  • сыйлықтар бойынша 171 өтінім қабылданды.

«Ғылымның экожүйесін құру бойынша атқарылған жұмыстар аясында Министрлікпен бірқатар жаңа модуль әзірленді, оның ішінде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет. Ұжымдық пайдалану зертханаларын үйлестіру үшін e-labs модулінде 351 ғылыми зертхана және 1288 бірлік жабдық бойынша деректер бар», — деді Нұрсұлтан Махатов.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен, сондай-ақ Web of Science және Scopus халықаралық ғылыми базаларды қоса алғанда 12-ге жуық интеграция іске асырылды.

«Министрлік биылғы жылы ғылыми-техникалық тапсырманы автоматты түрде жинау мен іріктеуді іске асыра отырып «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» ААЖ-дың жаңа нұсқасын әзірлеп, іске қосуды жоспарлап отыр. Шетелдік сарапшылармен шарттарды электронды форматқа ауыстыруды жүзеге асыру жоспарлануда», — деді Н.Махатов.

 Сондай-ақ ЦҒП-ға ғылым саласының барлық тарихи деректерін:

  • ғылыми-зерттеу институттар,

  • ғалымдар,

  • Мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері туралы ақпарат; аккредиттелген ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің тізілімін енгізу жоспарлануда;

«Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тізілімін цифрландыру қажет. Аталған бастамалар мен жобалар Министрліктің ғылыми және білім беру мекемелері жұмысының тиімділігін, сондай-ақ ғылым саласының қолжетімділігін, ашықтығын және жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталғандығын көрсетеді», — деп мәлімдеді департамент директоры.

2024 жылғы Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы цифрландыруды жалғастыру және жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдануды қамтамасыз ету өте маңызды екенін айтты.

«Осыған байланысты, Министрлік Цифрлық даму министрлігімен және Назарбаев Университетімен бірлесіп KazLLM үлкен тілдік моделін әзірледі», — деді Н.Махатов.

2024 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысына ұсынылған қазақ тіліндегі үлкен тілдік модель – KazLLM құру маңызды жетістік болды.

«Бұл цифрлы ортада қазақ тілін қолдауға арналған осындай деңгейдегі алғашқы ЖИ-құрал. Министрлік пен ведомстволық бағынысты ұйымдар KazLLM үлкен тілдік моделін жасау үшін қазақ тілінде 1 млрд-тан астам сөз қолданысын берді», — деді Н.Махатов.

Ұлттық тіл моделін әзірлеуге және тестілеуге,

  • 117 сарапшы;

  • 40-тан астам ғылым кандидаттары;

  • PhD докторлары;

  • ғылым магистрлері тартылды.

KazLLM тілдік моделін оқыту қазақ, ағылшын, орыс және түрік тілдерінде 148 миллиард токен (сандық активтің немесе құн бірлігінің түрі) негізінде жүргізіледі.

«Сондай-ақ, Министрлік ЖИ кадрларын даярлау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 2024 жылы «Жасанды интеллект негіздері» пәнінің ұсынылатын мазмұнын, сондай-ақ білім беру процесінде ЖИ пайдаланудың жалпы принциптерін айқындайтын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде ЖИ қолдану бойынша ЖОО аралық стандарт бекітілді», — деді Нұрсұлтан Махатов.

Сондай-ақ Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Министрлік жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына ЖИ қолдану бойынша құзыреттерді игеруге бағытталған пәндерді барлық білім беру бағдарламаларына енгізуді көздейтін өзгерістер енгізгенін жеткізді.

«Осыған байланысты 20 ЖОО базасында ЖИ бойынша 20 білім беру бағдарламасы енгізілді, олар бойынша магистранттар мен докторанттарды қоса алғанда, 2196 студент оқиды», — деді департамент директоры.

Жасанды интеллект бойынша жобаларға келетін болсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік цифрландыру министрлігімен бірлесіп ұлттық ЖИ платформасында 5 жобаны жасау жоспарлануда. Олар:

1) 2025 жылы ҰБТ өткізудің нормативтік ережелері, статистикалық ақпарат, грантқа түсу кезіндегі сұрақтар бойынша консультативтік AI Talapker чат-бот;

2) ҰБТ тапсыру кезінде академиялық адалдықты арттыруда ЖИ қолдану;

3) Сондай-ақ ҰБТ үшін тест тапсырмаларын әзірлеу үшін ЖИ енгізу;

4) Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының ғылым бойынша ЖИ көмекшісі;

5) Грамматиканы, пунктуацияны және стильді тексеруге арналған интеллектуалды құрал QAZGRAMMA - білім беру және кәсіби ортада қазақ тілінде сауатты жазбаша тілді дамытуға көмектеседі;

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық туралы тапсырма беріп, жоғары білікті мамандарды даярлауға көңіл бөлді.

«Министрлік Мемлекет басшысының осы тапсырмаларын орындау үшін белсенді жұмыс істеуде және бірқатар жетекші халықаралық компаниялармен, соның ішінде NVIDIA, Google, Huawei сияқты алыптармен серіктестік орнатты. Осы ынтымақтастық шеңберінде қазақстандық университеттер озық технологиялар мен платформаларға қол жеткізе алады, бұл оларға заманауи білім беру бағдарламаларын енгізуге мүмкіндік береді», — деді Нұрсұлтан Махатов.

Сонымен бірге, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Google-мен бірлесіп еліміздің 15 жоғары оқу орнынан 5000 студентке арналған GenAI курстарын іске қосқанын атап өтті.

«Курстар практикалық білімі бар модульдер мен блоктардан, бейне сабақтардан, сондай-ақ әр блоктың соңында тесттерден тұрады. Google шешімдерінің Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне сәйкестігін бағалау үшін Абай атындағы ҚазҰПУ-да Google Workspace for Education пилоттық жобасы іске қосылды. Жоба 1000 студент пен 100 магистрантты қамтиды», — деді Нұрсұлтан Махатов.

Айта кететін жайт, NVIDIA-мен ынтымақтастық аясында DLI Ambassador жобасына 12 университеттен 12 оқытушы қатысады. департамент директорының сөзінше биыл DLI сертификаттарын 3 оқытушы алған. Олар, әл-Фараби ҚазҰУ, ХАТУ және ҚБТУ ұстаздары. Ол оқытушылар студенттерді оқытып, оларды сертификаттай алады.

«Huawei компаниясымен ынтымақтастық аясында 43 академиясы ашылды. ЖОО базасында 100-ден астам жаттықтырушы даярланды және компания бағдарламалары бойынша 1000 студент сертификатталды. Корпорацияның жергілікті және халықаралық жарыстарына 6000-нан астам студент қатысты», — деді Н.Махатов

Сондай-ақ, Huawei-мен бірлесіп ЖИ бойынша 3 курс локализацияланды:

  • академияының студенттеріне арналған 2 кәсіби курс;

  • барлық тілек білдірушілерге арналған 1 жалпы курс;

«Осы жылдың желтоқсан айында Yessenov University-де 01 EduSystem негізін қалаушы Николя Садирактың қатысуымен инновациялық бағдарламалау мектебі ашылды. Сонымен қатар Satbayev University-де жобаның алғашқы мектебі – Lenovo College жұмысын бастады. Болашақта өңірлік жоғары оқу орындарында да ашу жоспарлануда», — деді Нұрсұлтан Махатов.

Министрлік AstanaHub-пен бірлесіп Generative AI бағыты бойынша ЖОО оқытушыларын оқыту үшін толыққанды курстарды іске қосты. Әр бағыт 6 блоктан тұрады. Әр блоктан кейін оқытушылар LMS арқылы тестілеуден өтеді және трекер арқылы прогресті бақылай алады. Бағдарламаға 47 ЖОО-дан 700 оқытушы қатысады.

Сонымен қатар, Министрлік елімізде академиялық кластер құру бойынша жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта еліміздің университеттерінде үш суперкомпьютер бар. Академиялық кластердің жалпы өнімділігі - 2 PFLOPS. Олар:

  • Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде суперкомпьютері

  • Еуразия ұлттық университетінде PARAM BILIM суперкомпьютері.

  • 2019 жылғы 11 қыркүйекте ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Бейжіңге мемлекеттік сапары аясында ҚР Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы келісім шеңберінде алынған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті суперкомпьютері.

«Оған қоса, 2024 жылғы қараша айында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Қытайдағы Шэньчжэнь қаласындағы Huawei компаниясының штаб-пәтеріне сапары барысында Министрлік Huawei компаниясымен ғылымды цифрландыру және жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Осы Келісім шеңберінде Huawei бірқатар озық технологиялық шешімдерді іске асырады», — деп атап өтті Нұрсұлтан Махатов.

Үкіметаралық келісім шеңберінде Satbayev University үшін есептеу қуаты 9 PFLOPS болатын Huawei Atlas 900 AI суперкомпьютерін Қазақстанға жеткізу мүмкіндігі талқылануда.

Жасанды интеллекттің болашақтың негізгі технологиясына айналатынын, экономикалық өсімге, еңбек нарығына және азаматтардың күнделікті өміріне әсер ететінін көрудеміз.

«Осыған байланысты, елдің жоғары технологиялар саласындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Министрлік жасанды интеллект саласында адами капиталды дамытуға бағытталған AI-Sana инновациялық бағдарламасын бастады. Бастама 100 мың студентті қамтып, оларға экономиканың негізгі салаларына ЖИ енгізу үшін білім мен дағдыларды береді», — деп баяндады департамент директоры.

Ол жас таланттарды қолдауға және DeepTech стартаптарын құруға бағытталған.

«Әлемнің жетекші сарапшыларының қатысуымен әзірленген бағдарлама, жобаның жетекшісі – Стэнфорд университетінің Кәсіпкерлік бағдарламаларының авторы Пол Ким», — деді Нұрсұлтан Махатов.

Бұл бағдарлама жоғары оқу орындарының білім беруден ғылыми-зерттеу тәсіліне көшуіне ықпал ете отырып, студенттер мен оқытушылардың ойлауын өзгертуге арналған.

«AI-Sana» болашақ даму үшін стратегиялық құрал, инновациялар мен кәсіпкерлік үшін трамплин, сондай-ақ студенттік кезден бастап стартап-ұлтты қалыптастыру үшін идеологиялық негіз болады», — деп сөзін түйіндеді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу