13 Маусым 2017, 07:43
Үкімет отырысы барысында ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстанның биылғы жылдың бес айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады.
Статистика мәліметтеріне сәйкес, биылғы жылдың бес айында ЖІӨ бойынша оң қарқын байқалды, соның ішінде, ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша өсім өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ды құрады. Алты маңызды саланың даму қарқынынан тұратын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 5,8%-ға өсті.
Өнеркәсіпте оң қарқын байқалды – 7,8%, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан өзге барлық өңірлерде өнеркәсіп өндірісінің деңгейі бойынша өсім байқалған. Құрылыста, сауда мен көлік саласында да оң қарқын белгіленген. Инфляция 7,5% деңгейінде сақталды.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдардың басшыларына және өңірлердің әкімдеріне биылғы жылдың нәтижелері бойынша экономикадағы жоспарланған индикаторларға қол жеткізудің кешендік жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу