05 Мамыр 2026, 11:50
«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Үкімет отырысында өткен жылыту кезеңінің қорытындылары мен алдағы маусымға арналған жоспарлар туралы баяндады.
Оның айтуынша 2026 жылғы жөндеу науқаны аясында компаниялар тобындағы энергетикалық нысандар бойынша 111 негізгі жабдықты жөндеу көзделген, оның ішінде 19-ы – күрделі жөндеуден, 5-еуі – кеңейтілген жөндеуден және 87-сі – ағымдағы жөндеуден өтеді. Қазіргі уақытта жөндеу нысандарының: 26%-ы аяқталды, 14%-ы жөнделуде, қалған 60%-ы кестеге сәйкес жүргізіледі.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергетикалық стансалары 2025-2026 жылғы күзгі-қысқы кезеңін сәтті аяқтап, өңірлерді электрмен және жылумен тұрақты әрі сенімді жабдықтауды қамтамасыз етті. Температура режимі жылу желілерінің белгіленген кестесіне сәйкес сақталды.
Жылу беру маусымы:
Күзгі-қысқы кезеңде электр стансаларында отын қоры нормативтен тыс қамтамасыз етілді.
Басқарма төрағасының сөзінше күзгі-қысқы кезең қорытындысы бойынша Самұрық-Энергоның өндірістік көрсеткіштері төмендегідей болды:
Самұрық-Энерго стансалары еліміздегі электр энергиясының үштен бірін өндіреді. Сондықтан тұтынушыларды энергиямен сенімді қамтамасыз ету және күзгі-қысқы кезеңнің ойдағыдай өтуі біздің стансалар жұмысының тұрақтылығына байланысты. Осыған орай стансаларыды жаңарту және жөндеу үшін жыл сайын тиісті қаражат салу қажет. Қазіргі таңда «Самұрық-Энерго» компаниясы ағымдағы және күрделі жөндеуді толық көлемде жүргізу үшін қажетті қаржыландыруды қамтамасыз етуде.
Соның нәтижесінде біз қазір оң өзгерістерді көріп отырмыз: жабдықтардың тозуы төмендеді, стансалардың техникалық дайындығы жоғары деңгейде, жылу беру кезеңіндегі жоспардан тыс тоқтау азайды, жөндеу жұмыстарының сапасы айтарлықтай жақсарды.
Басқарма төрағасы ағымдағы жылыту маусымы аяқталысымен Самұрық-Энерго электр стансалары келесі жылыту маусымына дайындықты бірден бастағанын атап өтті.
2026 жылғы жөндеу науқаны аясында компаниялар тобындағы энергетикалық нысандар бойынша 111 негізгі жабдықты жөндеу көзделген, оның ішінде 19-ы – күрделі жөндеуден, 5-уі – кеңейтілген жөндеуден және 87-сі – ағымдағы жөндеуден өтеді. Жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде, және тұрақты бақылауда. Жөндеу бағдарламасының құрамында энергоблоктар, қазандықтар, турбиналар, электр беру желілері, қосалқы стансалар мен жылу желілері белгіленген.
Қазіргі уақытта жөндеу нысандарының:
«Осы жұмыстарды уақтылы және сапалы жүргізу – біздің жеке бақылауымызда болады. Жөндеу жұмыстарымен қатар, энергия нысандарының сенімділігін арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Екібастұз ГРЭС-1-де отын беру жүйесін жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда, пайдалануға беру мерзімі 2026 жылғы желтоқсанға жоспарланған. Бұл жаңа жүйе қазіргі қолданыстағы екі отын беру желісін кезекпен жөндеуге шығарып, станса жұмысын тоқтатпауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ГРЭС-1 стансасында биіктігі 270 метр болатын жаңа түтін мұржасын салу жобасы жүзеге асырылуда. Түтін мұржасын іске қосу мерзімі 2027–2028 жылыту маусымының басталуына қарай жоспарланып отыр. Алматы қаласында ТЭЦ-2-ден Батыс жылу кешеніне дейінгі ұзындығы 19,5 шақырым болатын жылу магистралін жаңғырту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Құбыр өнімдері жеткізіліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Осы жылы 4,3 шақырым құбырды монтаждау жоспарланып отыр», — деді басқарма төрағасы.
Жоба Алматы тұрғындарын сенімді әрі тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, Екібастұз ГРЭС-2-де ұзындығы 15,5 шақырым болатын II тармақты күл шығару жүйесін толық ауыстыру жобасы жүргізілуде. Нысанды іске қосу мерзімі 2026 жылғы қазанға көзделіп отыр. Бұл жоба жылыту маусымын ойдағыдай өткізіп, қоршаған ортаға тиетін теріс әсерді болдырмайды.
Оның сөзінше жалпы жөндеу науқаны мен осы аталған жобалар жоспарға сәйкес қарқынды түрде жүзеге асырылатын болады. Жоспарланған іс-шаралар белгіленген мерзімде орындалады және «Самұрық-Энергоның» барлық энергия нысандары алдағы жылыту маусымының сәтті өтуіне дайын болады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу