ККМ-де қазақстандық көлік саласындағы мамандарға арналған теңіз қауіпсіздігі бойынша семинар өтті
Көлік және коммуникация министрлігінде теңіздегі қорғау саласында тәжірибе алмасу жөнінде практикалық семинар өтті, деп хабарлады ведомствода.
«Шара ТРАСЕКА-ның Үкіметаралық комиссиясының Ұлттық хатшылық қолдауымен өтті. Семинарға Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстандағы ТРАСЕКА-ның Үкіметаралық комиссиясының Ұлттық хатшылығы, Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы және «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» АҚ-ның өкілдері қатысты», - делінген хабараламада.
Ведомствода нақтылағандай, семинарға қатысушыларға Халықаралық теңіз ұйымы (IMO) және Еуропалық Одақтың кемелер мен порт құралдарын қорғау жөніндегі біріздендірілген халықаралық ережелерін Қазақстанда жүзеге асыру жөнінде баяндалды. Оның ішінде, Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенциясының ХІ-2 тарау мен Кемелер мен порт құралдарын қорғау жөніндегі кодекс, сонымен қатар, теңіздегі қорғау мәселелерін реттейтін Еуропалық Комиссиясының директивалары талқыланып қаралды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз