Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов VI Астана экономикалық форумы аясында Румыния Парламенті Депутаттары палатасының төрағасы Валериу Згонямен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың жан-жақты мәселелері әңгімеге арқау болды.
С.Ахметовтің айтуынша, «Қазақстан мен Румынияның сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндіктері мол». Ол сонымен қатар экономиканың әртүрлі салаларында табысты өзара іс-қимылды арттырудың үлкен перспективасы бар екенін атап өтті.
В.Згоняның пікірінше, «екі елдің инвестициялық сферадағы, мұнай-газ секторындағы, энергетика және білім беру салаларындағы әріптестікті кеңейтуге әлеуеті жеткілікті».
Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі -Қазақстан мен Румыния көлік-логистикалық орталықтар құру арқылы көлік-транзиттік саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге болатынына тоқталды.
Бұдан басқа, «елімізде ауқымды индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын», ескерген С.Ахметов, «технологиялар трансферті бойынша екі ел ынтымақтастығының перспективалары бар екенін» атап өтті.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз