Ертіс өзеніндегі су деңгейінің аса жоғары болуына байланысты жағдайды әкім Д.Ахметов жеке бақылауына алды

Ертістегі су деңгейінің аса жоғары болуына қатысты Шығыс Қазақстан облысындағы жағдай өңір әкімі Даниал Ахметовтың жеке бақылауында.

«Д.К.Ахметов өңірдегі тасқын суды бақылауда ұстап отыр», - деп жазды ҚР Премьер-Министрі Twitter-дегі парақшасында.

Айтар болсақ, ШҚО ТЖД-де Ертіс өзеніндегі үлкен су ағыны туралы мәлімдеді. Мамандар жағдайды аномалды деп таныды, себебі мұндай жағдай соңғы 50 жылда болмаған. 

Қалыптасқан жағдай облыс әкімдігінің отырысында талқыланды, оның барысында өңір басшысы Даниал Ахметов Ертістегі су деңгейінің жоғары болуынан кейбір ауылдарды су басу қаупі бар деп болжады. Атап айтқанда, Ұлан және Глубоковский аудандарына қауіп-қатер төніп тұр.

«Су басу қаупі бар деп болжап отырмыз. 200-300-ге жуық үй, атап айтқанда бұл Ұлан ауданындағы ауылдар: Украинка - 24 үй, Саратовка - 16 үй, Донское - 25 үй. Глубоковский ауданында: Прапорщиково - 38 үй, Уварово - 12 үй және басқалары. Яғни, бізде бұл қайда болуы мүмкін деген нақты айқындық бар. Өңірдің тұрғындарына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ! Судың жергілікті артуы ғана болады», - деп мәлімдеді облыс әкімі.

Осыған байланысты Д.Ахметов аудандардың әкімдеріне жағдайды сағат сайынғы бақылауға қоюды тапсырды. Оған қоса, ол жергілікті ГЭС-нан судың тасталуы барынша артатынын айтып өтті.

Облыс басшысы көршілес облыс Павлодар облысымен байланысып, бұл жайында ескертуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу