Бизнес жобаларды сүйемелдеу – өңірлердегі Кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталықтарының болашағы – «Даму» КДҚ

Барлық рұқсат процедкраларын өтумен бірге бизнесмендердің құжаттарын сүйемелдеу қызметтерін көрсету болашақта кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының (КҚО) негізгі міндеті болып табылады, деп атап өтті бүгін  «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры (КДҚ) басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова ҚР Үкіметі отырысында. 

«КДҚ жетекшілік ететін бағыттардың бірі - КҚО қызметін рұқсат процедураларын ұсыну арқылы кеңейту болып табылады. «Даму» қоры консультанттарды оқытып,  бірнеше өңірмен пилоттық режимде барлық рұқсаттарды алу және техникалық шарттарды іске қосу үшін кәсіпкерлердің құжаттарын сүйемелдеу бойынша жұмыс жүргізуге дайын», - деді Л. Ибрагимова.

Ол кәсіпкерлікті қолдау орталықтары үш бағыт бойынша жұмыс жасайтынын еске түсіріп өтті. 

Л. Ибрагимованың айтуынша, тағы бір бағыт business-to-business принципі бойынша КҚО дамыту, онда қызметтердің бір бөлігін жергілікті консалтингтік компаниялар немесе жеке кәсіпкерлер көрсетеді. Мұндай схема отандық консалтингті дамытуға көмектеседі. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу