ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері жөнінде баспасөз конференциясы өтеді

Ертең, сағат 11:00-де, Үкімет үйінде ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөнінде баспасөз конференциясы өтеді.

Конференцияда ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсахаджаева және Алматыдағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың жеңімпаздары сөз сөйлейді. 

Баспасөз конференциясының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу