АДБ қызметкерлері қаражатты үнемдеу мақсатында бірінші сыныппен ұшпай, таксиді пайдалана бастайды - Т.Накао
Азия даму банкі (АДБ) шығындарды қысқартуды жоспарлауда, оның ішінде іссапар шығындары азайтылады,
қызметкерлер енді бірінші сыныппен ұшпайды, ал іссапар өтетін жерлерде жалдамалы көліктің орнына такси қызметін пайдаланады, деп хабарлады бүгін АДБ президенті Такехико Накао АДБ 47-ші отырысын өткізу нәтижелері бойынша өткен қорытынды баспасөз мәслихатында.
"Басқарушылар кеңесі мүшелері тағы бір мәселені - іссапарлар шығынын азайтуды көтеріп отыр. Біз миссиялардың және миссиялармен сапар шегетін адамдардың қатарын азайтқымыз келеді, ондай сапарлар бір-бірін қайталамауы керек. Сондықтан біз бұдан былай бірінші сыныппен ұшуды доғаруды ұйғардық. Бұл ұсақ-түйек қана, дегенмен біз сонымен бірге, бұл мақсаттар үшін арнайы машиналарды емес, таксилерді қолдану керек деп шештік", - деді Т.Накао.
Накао көптеген дамушы елде уақытша тұру шығындарының артып отырғанын айтты. "Біздің келешектегі бюджетіміз мейлінше үнемді негізде болуы үшін біз үнемдеудің бар мүмкіндіктерін қарастырамыз. Әрине, біз бұл жұмысқа ең белсенді, әрі кәсіпқой адамдарды тартқымыз келеді", - деп толықтырды Накао.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз