Қостанай облысында 1800 астам пәтер пайдалануға берілді
2016 жылы Қостанай облысында 1861 пәтер пайдалануға берілді, деп хабарлайды өңір әкімінің орынбасары Роза
Кемалова.
«Қостанай облысында 2016 жылдың басынан бері 1861 пәтер пайдалануға берілді. Оның 109-ы кезекте тұрғандарға арендалық пәтерлер, 834 коммерциялық пәтерлер, 722 жеке тұрғын үйлер және 146 несиелік пәтерлер», - деді Р.Кемалова.
Қостанай облысының құрылыс басқармасының мәліметінше, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ең көп үлесі Қостанай қаласында - пайдалануға берілген тұрғын үй жалпы көлемінің 63%, Рудный қаласы – 12% және Қостанай ауданы (13%).
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз