ҚР ИЖТМ тексерген субъектілердің жартысынан көбінде техникалық реттеу талаптары бұзылған
2014 жылдың 1 жарты жылдығында ҚР ИЖТМ техникалық реттеу саласында тексерілген субъектілердің
жартысының көбінде құқық бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады ҚР ИЖТМ Ақпарат басқармасында.
«2014 жылдың 1 жартыжылдығына ҚР ИЖТМ аумақтық департаменттері 571 субъектіні тексерді, 323 субъектіде технологиялық реттеу және метрология саласында заңнама талаптарын бұзушылықтар анықталды, бұл 56,6%-ды құрайды», - деп атап өтілген хабарламада.
«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 922 қаулысына өзгерістер енгізілуде.
ҚР ИЖТМ Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі («NADLoC») хабарлағандай, өтеу тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін (халықаралық стандартарға – ISO, API, ASTM және т.б. сәйкес)сертификаттауға арналған шығындармен байланысты.
Бүгінге дейін 7 қазақстандық компанияларды шығындары өтелді. Алайда, Қағидалармен бекітілген қызмет түрлерінің Тізіміне енбейтін бірқатар жергілікті тауарөндірушілер бар (мысалға, силикат кірпішінің, пластик құбырларының және т.б. өндірушілері). Сонымен қатар, «ЭКСПО-2017» қарсаңында осы Тізімге қонақүй бизнесі, қоғамдық тамақтану секілді қызмет түрлерін қосу мүмкіндігін қарастыру көзделуде.
Шығындар бөлігін өтеу механизмін жеңілдету мақсатында индустриалды-инновациялық қызмет субъектілерінің ұсынылатын құжаттар тізімін қысқарту жоспарлануда.
Бағдарламаның уәкілетті органы – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі. Операторы – «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттауға арналған шығындарды өтеу нысанындағы мемлекеттік қолдау. Шығындар жартылай өтеледі: тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттаумен байланысты консультациялық қызметтерге; • тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттық аудиттен және сертификаттық сынақтан өткізуге; тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттаумен байланысты персоналдың біліктілігін арттыруға. Шығындарды өтеу сомасы өтеуге ұсынылатын сомадан 50%, бірақ 3 000 АЕК көп емес.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз