Павлодар облысында ҚР мен РФ шекара маңындағы өңірлер арасында сауда келісім-шартына қол қойылды

Кәсіпкерлікті дамыту тұңғыш аймақаралық форумы аясында Павлодар облысында ауыл шаруашылық тауарларының экспорты мен импортын ұйымдастыру жөнінідегі келісім-шартқа қол қойылды, деп хабарлады өңір әкімдігінде. 

«Успен ауданында алғаш рет өткен Кәсіпкерлікті дамыту тұңғыш аймақаралық форумы аясында Успен ауданы әкімдігі мен РФ Алтай өңірі Бурлин ауданының әкімшілігі арасында ауыл шаруашылық тауарларының экспорты мен импортын ұйымдастыру жөнінідегі келісімшартқа қол қойылды», - делінген хабарламада.

Бұдан өзге, форум барысында сұхбат алаңы ұйымдастырылып, онда Қазақстан мен Ресейдің шекара маңы ынтымақтастығын кеңейту мәселелері қарастырылды. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу