Қазақстанда ТКМ-дағы үш жоба кен орындарының қызмет мерзімін ұзарту жобасына енгізілді
ҚР-да түсті металдар кен орындарының қызмет мерзімін ұзартуға бағытталған бағдарламаға үш ірі жоба енгізілген, деп мәлімдеді ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау Астанада өткен VI Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресінің жалпы отырысында.
«Бұл үш жобаға қатысты. Біріншісі – Қызылорда облысындағы Шалқия кен орнында. Инвестициялар сомасы 87 млрд теңгеге бағаланды. Жобалық қуаттылыққа шыққан кезде өндіру және қайта өңдеу көлемі жылына 4 млн тонна кенді құрайды. Өнім шығару – концентраттағы мырыш – 100 мың тоннадан астам, концентраттағы қорғасын – 30 мың тонна. Бүгінгі таңда «Тау Кен Самұрық» осы жоба бойынша іс-тәжірибе жүргізуде», - деді А.Рау.
Екінші жоба, оның айтуынша, Ақмола облысындағы Масалы кен орнында жүзеге асырылады. Үшіншісі – Қарағанды облысы Алайғыр және Шет аудандарындағы полиметалды кен орындары жобасы.
«Үкімет жеке бағдарлама жасады. Ол үкімет тарапынан кен орындарының қызмет мерзімін ұзартуға бағытталған шаралар кешенін қарайды. Мемлекет инфрақұрылымды көшіруді, тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды, пайдалы қазбаларға салықты төмендетуді өз мойнына алды. Осы шаралардың барлығы қызмет мерзімін ұзартуға мүмкіндік берді», - деп толықтырды А.Рау.
Ол сондай-ақ бағдарламада «Тау Кен Самұрық»-тың металл кендерін байытудағы технологиялық жағынан күрделі және ауқымды жобалар бойынша оператор болып айқындалғанын айтты.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз