Үкіметте «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумына дайындық мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының қатысуымен биыл 25 қыркүйекте Алматы қаласында өтетін «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумына дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 

Кеңеске қатысушылар форумның бағдарламасын, оның ішінде салалық панельдік сессияларды, екіжақты кездесулерді, көрме алаңын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Форум аясында қол қоюға жоспарланған құжаттардың тізбесі қаралды. Қазіргі уақытта инвестициялық жобалар мен бастамалар бойынша ұсыныстарды жинақтау және оларды Қытай тарапымен келісу жұмыстары жүргізілуде. 

«Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететін маңызды алаң болатыны атап өтілді.

#Инвестициялар #Нұрлыбек Нәлібаев #Халықаралық ынтымақтастық

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу