Үкіметте өнеркәсіптік кәсіпорындар мен халықты газбен қамту мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен орталық мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз», KEGOC және басқа да ұйымдар басшыларының қатысуымен Энергетикалық кеңестің отырысы өтті.

Республиканың өнеркәсіптік кәсіпорындары мен халқын газбен тұрақты түрде қамтамасыз ету, QazaqGaz компаниясының жедел қызметі, сондай-ақ мұнайды магистральдық құбырлар арқылы ішкі нарыққа тасымалдау мәселелері талқыланды.

Жиын қорытындысына сәйкес Премьер-Министр мемлекеттік органдарға тиісті бірқатар тапсырма берді.

#Әлихан Смайылов #ҚР Премьер-Министрі #Мұнай-газ саласы #Энергетикалық кеңес

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу