Үкіметте Жамбыл облысында жаңа зауыт салу жобасы қаралды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Western Mining Corporation Limited компаниясының басшылығымен кездесу өтті. Тараптар Жамбыл облысында қышқылдық флюорит концентратын өндіретін зауыт салу инвестициялық жобасын іске асыру мәселелерін талқылады.

Western Mining Corporation Limited — инвестициялық жобаны іске асыру үшін Қытайдың жетекші компанияларының консорциумы құрған жоба операторы, химия өнеркәсібінде, жаңа энергетика саласында, болат, алюминий металлургиясында сұранысқа ие қышқыл флюрит концентратын шығаруды көздейді.

Кездесу барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Үкіметінің инвестициялық жобаларды іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтіп, тау-кен өндіру, қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу және өндірісте заманауи экологиялық стандарттарды енгізудің ел экономикасы үшін стратегиялық маңыздылығына тоқталды. Жоба аясында 200-ден астам тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Кездесу қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жобаның еліміз үшін тиімділігін зерттеу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

#Инвестициялар #Нұрлыбек Нәлібаев #Халықаралық ынтымақтастық #Өңдеу өнеркәсібі

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу