15 Қазан 2018, 10:48
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бейнеконференция байланысы режимінде Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде кеңес өткізді.
Кеңес барысында АӨК, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібін, ішкі және көшпелі туризмді, жаппай кәсіпкерлікті дамыту және сауда саласын жаңғырту мәселелері бойынша тоғыз айдағы алдын ала есептер және 2018 жылдың соңына дейінгі жоспарлар талқыланды.

Бейнеконференция режимінде қаржы министрі Ә. Смайыловтың, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұловтың, ұлттық экономика бірінші вице-министрі Р. Дәленовтың, сондай-ақ, мәдениет және спорт вице-министрі Е. Қожағапановтың баяндамалары тыңдалды. Бұдан өзге, кеңес барысында Премьер-Министрдің орынбасары Е. Досаев пен Премьер-Министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Ө. Шөкеев түсініктеме беріп өтті.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу