Үкіметтің жобалық басқару жүйесі: Б. Сағынтаев Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында осыған дейін атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің жобалық басқару бағыттары тұрғысынан бастамалар бойынша іс-шараларды орындау және индикаторларға қол жеткізу мәселелері талқыланды.

Әкімдер көлік және логистиканы, АӨК, отын-энергетика кешенін, туризмді, сауданы, білім беру, денсаулық сақтау салаларын, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, индустрияландыруды жүргізу, технологиялық жаңарту және цифрландыру, инвестицияларды тарту және өнімді жұмыспен қамтамасыз ету бойынша 2018 жылдың екінші жартысына арналған жоспарлар мен жобалар портфелін іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Өңірлердің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, экономика салаларының өсу қарқынының, еңбек өнімділігінің, өткізу нарықтарына қолжетімділіктің және экспортты дамытудың, жалпы қаржыландыру көлеміндегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің үлесі және еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту мониторингі ұсынылды.

Селекторлық режимде кеңес жұмысына ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, қаржы министрі Б. Сұлтанов, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова, мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, ауыл шаруашылығы вице-министрі Г. Исаева, энергетика вице-министрі М. Мырзағалиев, білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова қатысты.

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу