2015 жылы Маңғыстау облысында тұрғындарға 530 млн теңгеге 184 микронесие берілді

Маңғыстау облысында халықты микронесиелеу іс-тәжірибесі жалғасуда, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

«Халықты шағын несиемен қаржыландыру тәжірибесі де оң үдеріспен жалғасын табуда. 2015 жылы жалпы сомасы 530 млн. теңгені құрайтын 184 шағын несиелер берілді. Соның арқасында 300-ден астам жұмыс орны құрылды», - дейді А. Айдарбаев.

Өңір әкімінің айтуынша, қазіргі күні бизнеске, соның ішінде ауылдағы кәсіпкерлікті көтеруге барлық жағдайлар жасалуда. Мәселен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры тарапынан облыстағы барлық аудандарда кәсіпкерлікті қолдау орталықтары қосылған.

«Аталған орталық 2015 жылы шамамен 3 мыңнан астам клиенттерді қабылдап, 6,5 мыңнан астам қызмет көрсетті», - деді облыс әкімі.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу