2015 жылы Астанаға 773 млрд теңге инвестицияланған - Ә.Жақсыбеков
2015 жылы Астананың негізгі капиталына инвестициялар 773 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды бүгін елорда кәсіпкерлерінің жыл сайынғы үшінші конференциясы барысында Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков.
«Негізгі капиталға инвестициялар 2015 жылы 773 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 15%-ға артық», - деді Ә.Жақсыбеков.
Әкімнің айтуынша, өткен жылы «Астана инвест» форумында 1,5 млрд доллардан астам сомаға инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы 37 меморандумға қол қойылды.
Қазіргі таңда елордамызда 120 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген, олардың ішінде 100 мыңнан астам бірлік жұмыс істеп жатыр.
«ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандар саны шамамен 283 мың адам. Бұл елорда тұрғындарының әрбір үшіншісі. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығару көлемі 3,6 трлн теңгені құрайды, бұл республикалық орташа көрсеткіштен 5 есеге артық», - деп атап өтті ол.
Оған қоса, өткен жыл ШОБ саласында 35 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз