Жекешелендіру барысында стратегиялық инвесторды тарту бойынша ілгерілемелі жұмыс жүргізіледі

Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысы барысында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев хабарлады.

2017 жылғы 24 ақпанда «Атамекен Холдинг» АҚ еуразиялық е-порталында ашық тендер әдісі арқылы тәуелсіз сыртқы қаржы консультант қызметтерін сатып алу туралы жариялады, оның қорытындысы бойынша 13 наурызда әлеуетті қызметтер жеткізушінің жалғыз өтінімі келіп түсті. Осыған байланысты 5 сәуірде жарияланған қайталама байқау өткіземіз.

Оның айтуынша, ҚТҚЖБ АҚ жекешелендіру үшін қаржы қызметтері мен ипотекалық несиелеу нарығындағы жетекші ойыншылар арасынан стратегиялық инвестор тарту бойынша жұмыс жүргізілуде, оны 2018 жылдың 2-ші жартысында аяқтау жоспарланған, ондай инвестор табылмаған жағдайда – инвестициялық банктермен бірге IPO-ға шығу қарастырылуда.

«Технологиялық Даму жөніндегі Ұлттық Агенттік» АҚ бағдарламасы аясында 2017 жылдың 2-ші тоқсанында а. ж. соңына дейін бизнес үлгілерді қайта ұйымдастыру басталады. 

Сату алдындағы даярлық жұмыстарын аяқтаған соң, келесі жылы трансферлік технологиялар мен инновациялар саласындағы жетекші компаниялардың ішінен стратегиялық инвестор мен серіктесті тарту көзделген. Конструкторлық бюролар мен технопарктерді қайта ұйымдастыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Айта кеткен жөн, көптеген жағдайларда олардың инвесторлар үшін коммерциялық құны жоқ. Бұған дейін баяндап өткендей, жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссиямен технопарктерді ЖОО-ларға өткізу мен конструкторлық бюроларды тарату мүмкіндігі туралы мәселелерді қозғаймыз, - деді Е. Досаев.

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның проблемалық активтері бойынша ақпан-сәуір аралығында сауда-саттық жасалды, бірінші сауда-саттыққа ешқандай қызығушылық байқалмады, келесі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша тек бір компанияның - «МырзАбеК — АЛТЫН ТАС групп» АҚ-ның 39% акциялары сатылды. Қалған активтерді өткізу жұмыстары биылғы жылдың мамыр айына жоспарланған, сонымен қоса, «Досжан темір жолы» АҚ-ның активтері бойынша бұған дейін ҚР Қаржы министрлігінің берген кепілдігі жөнінде жағдай айқындалған жоқ.  

Сондай-ақ, Ерболат Досаев «ҚазЭкспортГарант» АҚ-ның «Kazakh Export» ЭСК» АҚ-ға қайта құрылу жоспарлары туралы баяндады және комиссия шешімі бойынша жекешелендірілген нысандар тізімінен активтерді шығару жоспарланғанын атап өтті.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу