ҚР Индустрияландыру картасына Қарағанды облысынан жалпы құны 500 млрд теңгелік 80 жоба енді - әкімдік
Индустрияландыру картасы аясында Қарағанды облысында жалпы құны 500 млрд теңгелік 80 жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды облыс әкімдігінде.
«Бүгінге дейін Индустрияландыру картасына Қарағанды облысынан 12 мың жаңа жұмыс орнын ашқан жалпы құны 500 млрд теңгелік 80 жоба енді», - делінген хабарламада.
Әкімдіктің мәліметінше, 2013 жылы 495 жұмыс орнын ашқан 5,7 млрд теңгелік 10 жоба іске асырылса, Индустрияландыру картасы аясында құрылған өндірістерде 103,2 млрд теңгенің өнеркәсіптік өнімдері шығарылған.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз