Қазақстанда мемлекеттік органдар 100-ден астам МЖС жобаларына бастамашы болды - А.Ойнаров

Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту бойынша Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары көшбасшы атанды, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингі барысында Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік серіктестік орталығы басқармасының төрағасы Азамат Ойнаров.

«Қазіргі уақытта МЖС дамыту бойынша 102 жоба жүзеге асырылады. Олардың 8-і республикалық деңгейде және 94-і өңірлер деңгейінде жүзеге асырылады», - деді А.Ойнаров.

Сонымен қатар, Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік серіктестік орталығының мәліметінше, аталған жобаларға мемлекеттік органдар бастамашы болды. 

А.Ойнаров айтып өткендей, аталған жобалардың көбісі білім саласына қатысты. 

Оның сөзінше, бүгінгі таңда МЖС дамыту саласында Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары көшбасшы атанды.

«Біз наурыз айына қарай жергілікті орталық органдарымен бірге мемлекеттік органдар үшін МЖС дамыту бойынша Жол картасына қол қою аяқталады деп күтілуде», - деп мәлімдеді орталық басшысы. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу