Қазақстанда құрылыс саласында FIDIC стандарттарын енгізу ұсынылды
Ұлттық палата Құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ комитетінің басшысы Александр Белович өз кезегінде елімізде ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес жасалатын мердігерлік шарттармен бірге FIDIC (Federation Internationaldes Ingenieurs-Conseils) стандарттарына сәйкес бизнес жүргізу тәжірибесін енгізуді ұсынды.
А.Беловичтің пікірінше, елімізде ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес жасалатын мердігерлік шарттармен бірге FIDIC (Federation Internationaldes Ingenieurs-Conseils) стандарттарына сәйкес бизнес жүргізу тәжірибесін енгізуді ұсынды.
Ол бұл тұғырнаманың әмбебаптығын баса көрсетіп, республикалық маңызы бар жолдарда 2013 жылдан бері аталмыш стандарттың ойдағыдай енгізіліп келе жатқанын атады.
Оның айтуынша, бұл стандартты азаматтық және өнеркәсіптік құрылыста да қолдануға болады, егжей-тегжейлі жазылған және әлемнің көптеген елдерінде кеңінен қолданылады.
«Аталмыш стандарт орындалған жұмыстың сапасы мен көлемі үшін инженердің жоғары жауапкершілігін, негізгі құрылыс материалдары мен жабдықтарға деген нарықтық баға ауытқуына сәйкес жедел жауап қатуды, құрылыс мерзімін бұзғаны үшін айыппұл шараларын және т.б. көздейді», - деп түсіндірді Комитетт басшысы.
Құрылыс комитетінің басшысы «Атамекен» басшысына FIDIC келісімшарттарының екі тарап – мердігер және тапсырыс берушіге қатысты алғанда да теңдестірілгеніне әрі әділ болатынына сендірді, себебі тәуекел үшін жауапкершілік тәуекелдерді бақылауға, жауапкершілік алуға және сәйкес шешімдер қабылдауға құзырлы тараптың мойнында болады.
Сонымен қатар, стандарт Қазақстан Республикасының жеке меншік инвесторлар, Дүниежүзілік Банк, ЕДҚБ, АДҚБ және т.б. есебінен қаржыландырылатын халықаралық құрылыс тендерлерін өткізген кезінде ерекше маңызды.
А.Белович саланы техникалық реттеу саласындағы, соның ішінде жобаларды сараптау функциясын жеке меншік нарыққа беру жөніндегі түйткілдерді атады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз