12 Маусым 2014, 00:00
Қазақстанда құрылыс индустриясындағы өндіріс көлемдері жылына 11,8%-ға өсті, отандық құрылыс материалдарының ішкі нарықтағы үлесі 72%-ға дейін артты, деп хабарлады вице-премьер - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев ведомствоның алқа отырысында.
«Жылдың және индустриалды бесжылдықтың қортындысы бойынша (құрылыс индустриясында) өндіріс өсімінің көлемі 80%-ға жетеді», - деп атап өтті министр.
Оның мәліметінше, ҚР-да цемент, жабын, жылу оқшаулау материалдары, пластмасса құбырлары және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру көлемдері артқан. Ішкі нарық цементпен, бетоннан жасалған бұйымдармен, жергілікті өндірілетін гипсокартонмен 100%-ға қамтылған.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу