Үкіметте ЭКСПО-2017-ге дайындыққа бизнесті тарту мәселелері қаралды
Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру мен өткізу кезінде бизнесті тарту мәселелері жөнінде кеңес өтті.
Кеңес жұмысына орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында Ұлттық экономика министрлігінің Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп әзірлеген ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру мен өткізу кезінде бизнесті тарту жөніндегі Іс-шаралар жоспары қаралды.
Талқылау нәтижесі бойынша Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарға және Астана қаласы әкімдігіне тиісті Жоспар аясында жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз