Қазақстан Республикасы Үкіметінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіретін ведомство аралық комиссия құрылды

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру мақсатында ведомство аралық комиссия құрылды.

«Үкіметте мен басқаратын аймақтық саясат бойынша ведомство аралық комиссия жұмыс істейді. Енді осы мәселе бойынша аймақтарға қатысты жобалардың барлығы осы комиссияда тоғысатын болады»,-деді Б.Сағынтаев Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің алқа отырысында. 

Оның айтуынша, таяу арада комиссияның бірінші отырысы күтілуде.

«Бізде қалай болды?, топтық су көздеріне бір министрлік жетекшілік етсе, су таратуды басқа министрлік басқарады, соңында шаруа оңалмай, бөлінген қаржы суға сіңгендей болады. Осындай мәселелер тумас үшін екі министрлік аясында шаруаны тоқайластырып, комиссияда аймақтық саясатты бекітіп, оған әкімшіліктерді тартатын боламыз. Олар аймақтарына бұл жобаларды жүргізу неге керек болғанын дәлелдеуі керек»,-деп түсініктеме берді вице-премьер.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу