Жаңа бюджеттік саясат шеңберінде квазимемлекттік сектордың нысандарын оңтайландыру жүргізіледі
Жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасында квазимемлекеттік секторға бөлінетін бюджет қаражатының тиімділігін арттыру мәселесі жеке топтамамен қамтылған, деп хабарлады Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Б.Жәмішев.
«Жұмыс квазисектор
субъектілері үшін қажетті ұйымдастыру құқықтық нысанын таңдаудан бастап, оларды
құру сатысында да жүргізілетін болады. Квазисектор объектілері құрылу сатысының өзінде өндірістік-қаржы және сервистік компанияларға бөлінетін болады», - деді Б.Жәмішев.
Б.Жәмішевтің айтуынша «өндірістік-қаржы компаниялары акционерлік қоғамдар нысанында құрылатын
болады, ал оларды капиталдандыру олардың тиімділігін және инвестициялық
салымдардың қайтарылу деңгейін айқын түсіне отырып, инвестициялық жобаларды
іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылатын болады».
Сонымен бірге, ұдан басқа бюджет қаражаты есебінен салынған немесе сатып алынған және амортизациялық
есептеулерге байланысты шығындардың пайда болу себептерін жою мақсатында, жарғылық
капиталдарын төлеуге, сервистік компаниялардың басқаруына берілетін қымбат
объектілерді басқару бойынша тәсілдер қайта қаралатын болады.
«Квазисектор субъектілерінің
санын одан әрі оңтайландыру бойынша жұмысты біз үнемі жүргізіп отырғанымызды
және Елбасының стратегиялық емес сипаттағы объектілерді жеке меншік
субъектілеріне беру бойынша тапсырмасын орындау шеңберінде жалғасын табатынын
атап айтқым келеді», - деді министр.
Жалпы алғанда Қаржы министрлігі басшысының айтуынша «аталған шаралар тұтастай алғанда квазимемлекеттік сектор тиімділігін
арттыруға және атап айтқанда, кәсіпорындардың рентабельді еместігін немесе
шығындылығын жоспарлы болдырмауға мүмкіндік береді».
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз