Қазақстанның бірқатар министрлігінде вице-министрлер тағайындалды
ҚР Үкіметінің Қаулыларымен бірқатар министрліктерде вице-министрлер тағайындалды.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып Марат Құсайынов тағайындалды, Мәдина Әбілқасымова, Тимур Жақсылықов, Қайырбек Өскенбаев ұлттық экономика вице-министрлері болып тағайындалды.
Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі болып Жеңіс Қасымбек тағайындалды, Асқар Жұмағалиев, Альберт Рау және Ерлан Сағадиев вице-министрлер болып тағайындалды.
Энергетика бірінші вице-министрі болып Ұзақбай Қарабалин, вице-министрлер болып Талғат Ахсамбиев, Бақытжан Жақсалиев, Мағзұм Мырзағалиев тағайындалды.
Қаржы министрлігінде Лена Кармазина вице-министр болып тағайындалды.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде бірінші вице-министр болып Салидат Қайырбекова тағайындалды, Светлана Жақыпова, Дәулет Арғындықов, Серікбол Мусинов вице-министрлер болып тағайындалды.
Мәдениет және спорт министрлігінде Марат Әзілханов, Асқар Бөрібаев және Тастанбек Есентаев вице-министрлер болып тағайындалды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінде Ерлан Нысанбаев вице-министр болып тағайындалды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз