ҚР-да бизнес-омбудсмен институтына мемлекеттік органдардың жеке шешімдерін бұғаттау функциясы берілуі мүмкін - Г.Құрбанбаева
Қазақстанда бизнес-омбудсмен институтын құру кезінде бизнес саласында мемлекеттік органдарды жеке типтік рұқсаттарын бұғаттау функциясын беру жоспарланған, деп хабарлады бүгін баспасөз конференциясындаҰлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева.
«Қазір де кәсіпкерлердің құқы жиі бұзылатындықтан олардың құқын қорғайтын мұндай мамандық иелері бізге керек. Бұл мамандық иелерін кәсіпкерлер өздері сайлауы тиіс. Сайланатын мамандар біліктілігінің жоғарылығы қадағалануы керек. Біз бұл жөнінде өз ұсыныстарымызды арнайы Президент әкімшілігіне білдірдік», -деді Г.Құрбанбаева.
Жалпы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің айтуынша, бизнес омбудсмені қызметін атқаратын мамандардың жас мөлшері 30 жастан төмен болмауы керек.
«Олардың заңдық біліктілігі жоғары болғаны абзал. Омбудсменнің көмегімен мемлекеттік орган мен азаматтық қоғам арасында конструктивті диалог орнату маңызды болмақ. Кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында олардың құқықтарын жан-жақты қорғау үшін бұл қызмет түрін жетілдіру керек», - дейді ол.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз