ҚР-да қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды үйрету қажет - C.Оспанов

Қазақстанда қолма-қол емес ақшамен есеп айырысуға үйрету қажет, деп есептейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Оспанов.

«Қолма-қол емес ақшамен есеп айырысуға үйрету қажет», - деді С.Оспанов ОКҚ брифингінде.
 
Оның айтуынша, нақты ақша қазір барлық қаржы айналымның 90 пайызын құрап отыр.
 
«Бүгінгі таңда Ұлттық банк ел Үкіметімен бірлесіп, 2015-2016 жылдарды қамтитын долларсыздануға бағытталған арнайы жоспар құрды. Ол негізгі үш бағыттан тұрады. Бірінші бағыт бойынша инфляция деңгейін төмендетіп, экономиканы әртараптандырып, импорт алмасуды үдетіп, соның арқасында макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесін жолға қою қажет. Екінші бағыт – қолма-қол емес төлемдерді дамыту, көлеңкелі ақша айналымын қысқарту сияқты мәселелерді қамтиды. Бұл ретте ұлттық валютаның рөлін нығайту маңызды мәселелердің бірі екендігін ескеру керек»,-деді ол. 
 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу