ҚР-да ағымдағы операциялардың пайдасы 2 есеге өсті - Қ.Келімбетов

Қазақстанда ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында ағымдағы операциялар есебінің пайдасы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2 есеге айтты, деп мәлімдеді бүгін ҚР Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

«Бірінші жарты жылдықтың қортындысы бойынша ағымдағы операциялар есебінің пайдасы 6,6 млрд долларды құрайды, бұл өткен жылдың бірінші жарты жылдығынан екі есе көп, ол кезде 3,3 млрд доллар болған еді», - деді Қ.Келімбетов.

Ұлттық банк басшысы атап өткендей, ағынды үрдістердің өсімі сауда балансының өсуіне тікелей байланысты, ол 17,4 пайызға немесе 22,6 млрд долларға өсті.

«Экспорттың 2 пайызға, 42,2 млрд қысқаруына байланысты, импорт 17,8 пайызға 19,6 млрд долларға қысқарды», - деп басып айтты ол.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу