Шымкентте тоқыма мен мата шығаратын екі тоқыма фабрикасы іске қосылды
Оңтүстік Қазақстан облысында өндіріс қуаттылғы жылына 17,8 мың тоқыма және 8,4 млн дайын мата болатын «Ютекс» АҚ мен «Меланж» АҚ екі тоқыма кәсіпорнының жұмысы қалпына келтірілді, деп хабарлады «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінде.
Компанияның мәліметінше, жіп өндірісінің қуаттылығы жылына 8,4 мың тоннаны құраса, дайын тоқыма өнімі жылына 10,6 млн. метр бойын құрайтын болады.
Бүгінгі таңда фабрикаларда 400-ден астам адам жұмыс істейді және жоғарыда аталған үш тоқыма кәсіпорындарының толыққанды өндірістік қуаттылыққа шыққаннан кейін 2000-нан астам адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілетін болады.
Өндірілетін өнімнің 30%-ын - төсек-орын тыстары, түкті сүлгілер өнімдері мен арнайы киімдерді Қазақстанның ішкі нарығы тұтынады. Өндірілетін өнімнің қалған 70%-ын - төсек-орын тыстары, түкті сүлгілер өнімдері, тоқыма жіптері мен сүлгі маталар Қытай мен Еуропа елдеріне экспортталады.
Қазіргі уақытта «Қазақстан Темір Жолы» төсек-орын тыстары мен арнайы киімдер - дайын өнімдерді сатып алуға ұзақмерзімді келісім-шартқа отырды.
Кәсіпорынның іске қосу шарасына «Қазақстанның Инвестициялық Қоры» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Айталиев, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ринат Сисембаев, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, «Textiles.kz» компаниялар тобының Президенті Шолпан Жарасова және Қазақстан кәсіпкерлері ұлттық палатасының өкілдері қатысты.
2012 жылы «Textiles.kz» компаниялар тобына кіретін «Ютекс» және «Меланж» акционерлік қоғамдарының тоқыма фабрикалары «Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру-2020» бағдарламасына енгізілген болатын. 2014 жылғы мамыр айында Экономиканы жаңғырту бойынша Мемлекеттік комиссия шешімімен «Textiles.kz» компаниялар тобының міндеттемелері бойынша құқықты «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамынан «Қазақстанның Инвестициялық Қоры» акционерлік қоғамына беру мақұлданды. Барлық өндіріс кезеңдерін бақылау және шикізатпен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін «Capital logistics» жауапкершлігі шектеулі серіктестігінің («Қазақстанның Инвестициялық Қоры» АҚ-тың 100% еншілес құрылымы) мойнына алу жөнінде Қазақстанның Инвестициялық Қорымен тоқыма кәсіпорындарын сауықтыру жоспары жасақталған болатын.
Өз кезегінде, Қазақстанның Даму Банкі «Capital logistics» серіктестігіне «Ютекс kz» АҚ кешенінің өндірістік құрылысын аяқтау үшін және «Меланж», «Ютекс» және «Ютекс kz» акционерлік қоғамдарына мақта талшықтарын сатып алуы үшін несие желісін берген.
«Бәйтерек» холдингі Қазақстанның Даму Банкі және Инвестициялық Қорымен бірлесе отырып ортақ тетік тапты, соның арқасында, міне, бүгін өндірістің қалпына келу мүмкіндігіне қол жеткізіп, кәсіпорынды іске қосқалы отырмыз. Тек бір жылдың ішінде Инвестициялық Қор мемлекетке 15 млрд. теңгеден астам сомаға ақшалай қаражат пен актив қайтарды. Бұл - біздің басты міндет - жаңа жұмыс орындарын ашып, салық төлеп, ел экономикасына пайда әкелуі үшін тоқтап қалған кәсіпорындарды сауықтырып, іске қосу», - деді журналистерге Инвестициялық Қор басшысы Ерлан Айталиев.
Анықтама: Оңтүстік Қазақстанның Шымкент қаласында орналасқан және «Textiles.kz» компаниялар тобына енетін «Ютекс» және «Меланж» АҚ тоқыма фабрикалары бірнеше жылдар бойы тоқтап тұрған. Кәсіпорындардың басты мәселесі шикізат алуға және өндірістік шығындарды жабуға айналымдық қаражаттың болмауынан орын алған. 2008-2009 жж. Әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс пен әлемдік нарықтағы мақта-шикізаттарына бағаның шұғыл көтерілуі «Ютекс» пен «Меланж» АҚ кәсіпорындарын дефолтқа әкеліп соқты.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысына сәйкес 2013 жылғы 22 мамырда құрылды. Холдинг міндетері шикізаттық емес секторды қаржылық-инвестициялық қолдау, ұлттық экономиканың тұрақты дамуы мен әртараптандыруды қамтамасыз ету, инвестициялар тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес мекемелеріндегі корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.
Холдингке - «Қазақстан Даму банкі» АҚ, «Қазақстан Инвестициялық қоры» АҚ, «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттігі» АҚ, «Қазақстанның Ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры» АҚ, « KazynaCapitalManagement» АҚ, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ кіреді. Холдинг осы аталған компаниялардың мемлекеттік акция пакеттеріне иелік етеді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз