Елорданың қаржы басқармасына мүлікті жария етуге шамамен 3 мың өтінім келіп түсті
Елорданың қаржы басқармасына жалпы құны 45 млрд теңгеден асатын жылжымайтын мүлікті жария етуге 2826 өтінім келіп түсті, деп хабарлайды қала әкімдігінде.
Астана қаласы Қаржы басқармасының мәліметінше, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап осы күнге дейін Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлікті заңдастыруға нысандардың жалпы құны 45 688 518,3 мың теңге соманы құрайтын 2826 өтініш қабылданған.
Атап айтқанда, «Алматы» ауданы бойынша 1287 өтініш, «Есіл» ауданында - 461, ал «Сарыарқа» ауданында - 1 078 өтініш қабылданған.
Тіркелген өтініштердің жалпы көлемінен арнайы комиссия 2015 жылғы 21 шілдеге дейінгі аралықта 1105 өтінішті қарады, соның нәтижесінде жалпы сомасы 12 244 268,4 мың теңгені құрайтын 2 570 нысан заңдастырылды. Соның ішінде, 1316 - тұрғын нысаны, 1249 – тұрғын емес нысан, 78 - коммерциялық нысан және 5 - заңды тұлғаларға тиесілі нысандар болып табылады.
Еске сала кетейік, мүлікті заңдастыру 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз