13 Қаңтар 2013, 06:33
Сондай-ақ KEGOK – ВЛ 220 кВ желісі де істен шыққан. Талас және Сарысу аудандары, оның ішінде Қаратау мен Жаңатас қалалары электр энергиясынсыз қалды.
Қазіргі кезде төтенше жағдай сақталуда.
Қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев басқарған Жамбыл облысындағы дауыл салдарын жою жөніндегі Республикалық штаб құрылды.
Бүгін таңертең Үкіметтік комиссия жедел шара қабылдау үшін Тараз қаласына келіп жетті. Қ.Көшербаев Тараз қаласының әуежайында Республикалық штабтың бірінші отырысын өткізіп, облыстың апатты жағдайдан зардап шеккен Талас және Сарысу аудандары елді мекендерінің өмір сүру жағдайын қалпына келтіру үшін бірқатар тапсырмалар берді. Мәжілістен кейін вице-премьер Қаратау мен Жаңатас қалаларына аттанды.
Қазіргі кезде елді мекендерді электрмен, жылумен және сумен жабдықтау жөніндегі барлық шұғыл шаралар қабылдануда. Қаратауды қардан тазалау үшін ауыр техника жіберілді.
Облыстың ТЖ және энергетикалық кәсіпорындары қызметкерлері қатарынан жасақтар құралды. Сондай-ақ, жанар-жағар май жеткізу, Қаратау мен Жаңатас қалаларының тұрғындары мен Тараздан ТЖ салдарын жою үшін келген жасақ қызметкерлері үшін ауыз су мен ыстық тамақ тасу ұйымдастырылуда. «ҚазСҚСҒЗИ» РМК мен ЖЭК кәсіпорындары мамандары «Игілік» МҚК қазандығының қондырғылары мен ғимаратының жағдайын бағалап және қалпына келтіру жұмыстарының жоспары әзірленуде.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу