ASTEX-2014 көрме-конференциясына 3300-нан астам адам қатысты – Б.Құрманғалиева
Астанада өтіп жатқан ASTEX-2014 ақылды технологиялар көрме-конференциясына 3300-ге жуық адам қатысты, деп хабарлады бүгін «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі басқарма төрағасының орынбасары Бикеш
Құрманғалиева ОКҚ брифингінде.
«Бір жарым күннің ішінде 3300 адам көрме-конференцияға қатысты. Негізінен сайт арқылы тіркелген келушілер, олар өз еркімен тіркелді. Электрондық сервистері мен өз әзірлемелерін көрме стендтеріне қойған 43 компания-экспонент болды», - деді Б.Құрманғалиева.
Сондай-ақ, оның мәліметінше, көрме-конференцияның панельдік сессияларында және ворк-шоптарында 41 спикер сөз сөйледі, олардың арасында Силиконды алқап ірі жобаларының басшылары, сондай-ақ ІТ саласындағы жобаларды жасаушылар мен Ресей мен Қазақстанның интернет-компанияларының басшылары бар.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз