Шағын несиелерді беру ашық түрде өтуі тиіс - Д.Назарбаева

Несиелерді беру бойынша толық түрде ашықтық қажет, ал интернеттегі инфрақұрылымдық жобаларды жөндеу бойынша нақты жобалардың паспорты орналасуы тиіс. Премьер-Министрдің орынбасары Д.Назарбаева отырыс барысында осындай ұсыныстар жасады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша және жалпы жұмыспен қамту мәселесі бойынша Үкіметпен ауқымды жұмыс жүргізілуде, үлкен қаржы ресурстары бөлінуде. Бұл жерде мәселе оның нәтижелілігі мен тиімділігінде болып отыр. Шағын несиелер беру өте маңызды, ол халықтың экономикалық белсенділігін ынталандырады және бұл жерде жергілікті органдар осы қаржыны оңтайлы пайдалануға ерекше көңіл бөлулері керек. Және игерушілік сомасына ғана емес, сонымен қатар оның нәтижесіне де назар аударулары тиіс», - деп атап өтті Д.Назарбаева.

Ол сондай-ақ жұмыспен қамтуға және еңбек нарығын тұрақтандыруға жәрдемдесудің барлық бағдарламаларының қаражатының бір бөлігі салық және әлеуметтік аударымдар түрінде қайтарылуы тиіс, тауар айналымы және халықтың сатып алуы белсенділігі ұлғаюы керек екенін айтып өтті.

«Осы тұрғыда бізде нақты статистикалық мәлімет жоқ. Және мен бұл қаржыны игеру үрдістерінің қалай бақыланатындығын анықтаған кезде ДСӘДМ-де осы қаражатты игеру үдерісін белсенді бақылайтындай жеткілікті құзіреті жоқ екеніне көзім жетті. Бұл жерде осы ақшаның тиімділігі міндетіне жауап беретін жаңа деңгейде министрлік пен әкімдіктердің арасында өзара қарым-қатынас орнату керек. Барлық осы жобалар бойынша, инфрақұрылымға жөндеу, шағын несиелерді беру бойынша толық түрде ашықтықты қамтамасыз ету керек, интернеттегі инфрақұрылымдық жобаларды жөндеу бойынша нақты жобалардың паспорты толық орналасуы тиіс», - деп түйіндеді ол. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу