02 Мамыр 2018, 03:00
2018 жылғы 23–28 сәуір аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары
Өткен аптада Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы өтті.
Сейсенбі күні, 24 сәуірде Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы өтті. Онда мал шаруашылығын дамыту, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мәселелері — «Астана-1» ААЖ жобасын іске асыру, медициналық жабдықтарды сатып алу, бірыңғай номенклатурасын қалыптастыру және сервистік қызмет көрсету мәселелері қаралды.
Сәрсенбі күні, 25 сәуірде, Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып қайтты. Сапар мақсаты — Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының», сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысу.
Бейсенбі күні, 26 сәуірде Үкімет үйінде Премьер-Министрдің қатысуымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті.
Сол күні Астанада Бақытжан Сағынтаев «Франция – Қазақстан: стратегиялық әріптестікке 10 жыл» тақырыбында «Франция–Қазақстан» Сауда-өнеркәсіптік палатасы форумының жұмысына қатысты.
Жұма күні, 27 сәуірде Астанада Премьер-Министрдің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы өтті.
Сондай-ақ, 27 сәуірде Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев елімізде зияткерлік көлік жүйесін енгізу және көлік саласын цифрландыру мәселелерін талқылау жөнінде кеңес өткізді.
Үкіметтің баспасөз орталығында «Global Challenges Summit 2018» ХІ Астана экономикалық форумына дайындық мәселелеріне арналған брифинг өтті. Журналистердің сұрақтарына ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі Р. Дәленов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Б. Мұқан, «Қазақстандық экономикалық бастамалар қорының» директоры Д. Жолдаспаева және GVA Kazakhstan басқарушы серіктесі Ф. Серажетдинов жауап береді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу